Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Алматы қаласында 9 айлық курсты оқыдым.

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық  моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік  білім беру  кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі –мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі-орыс тілі және ағылшын тілі- әлемдік кеңістіктегі тану тілін оқытуда жаңа идеяларды сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі  түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді.Білім берудің  мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас  пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы –заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама.

Мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты  мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл  мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуды ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне байланысты екенін түсіндік.

Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.

Соңғы жылдары  педагогикалық теорияда  және оқу тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып отыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі- мұғалімнің  кәсіби шеберлігіне байланысты.

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білі беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болу керек. Өз ісінің шебері ғана жоғарғы жетістіктерге жетеді.

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен  қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Жаңартылған білім берудің  маңыздылығы –оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білі беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау. АКТ-ны қолдану,  жеке, жұппен,  топта жұмыс жасай білу.

Критериалды  бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критериийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:  қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.

Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізенуіне ынталандырады. Қалыптастырушы бағалау  күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер  бойынша қолданады.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен  жұмыс істеуде. Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық  сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Ұстаздарға  үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойында ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын  құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана  жұмыс істей алады.

Жаңартылған білім- болашақтың кепілі.

 

Абилова Гулнур Сундетуллақызы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *