Ағаштар гүлдейді

Нарматова Гульзира Сериковна

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет  салу.

Мақсаты:  Көктем мезгілінің ерекшеліктері және ағаштардың  гүлдеуі
туралы түсініктерін кеңейту; эстетикалық сезімін қалыптастыра
отырып, дүниетанымын, ой-өрісін дамыту; бейнелеу өнеріне деген
қызығушылығын арттырып, таза, ұқыпты жұмыс жасауға
тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: гүлдеп тұрған ағаштардың  суреті, муляждар.

Қажетті құрал-жабдықтар: қоңыр түсті қағаз, субояқ, қылқалам,
су,сүрткіш.

Сөздік жұмыс: бүршік жарады – бүршіктің  жапыраққа айналуы.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сурет салудың сүйкей жағу және бастыру
тәсілі, ми  шабуылы, саусақ жаттығуы, дид.ойын.

Билингвалдық компонент: ағаш – дерево, гүл – цветок.

Инклюзивтік әлеумет: іс – әрекетті  орындағанда қиналған балалардың
зейінін, есте сақтауын арттыру.

                       Кіріспе  бөлім:

         Шаттық шеңбер:

Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады.

Көктем қандай көңілді,

Күміс жамбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылды,

Күн пердесі сөгілді.     

Балалар қимылдар жасайды.

                       Негізгі  бөлім:

         Балалардан ай атауларын, апта күндерін,жыл мезгілдерін сұрау.

Көктем туралы тақпақтарын естеріне түсірту.

Көктем мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталып, суреттер бойынша толық түсінік беру.(жер көгереді, гүлдер шығады, ағаштар бүршік жарады, жеміс ағаштары гүлдейді , құстар ұшып келеді т.б)

-Балалар, мына ағашқа назар аударайықшы. Қанадай әдемі көрініс?!Ағашына  қарандаршы гүлдер өсіп тұр. Сендер білесіңдер ме, осы гүлдерден жемістер  түйіндейді.Ол жаз бойы күн санап өсіп, үлкейе береді де, күзге қарай пісіп, дәмі тіл үйіретін жеміс  болады.

Бүгін біз гүлдеп тұрған ағаштың суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады.

Сурет салу әдісіне түсінік.

Қылқаламды бастыру тәсілі арқылы  ағаштың   гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз.

Саусақ жаттығуы

Ұшты-ұшты көбелек,

Би биледі дөңгелеп.

Гүлін көріп алманың

Ағашқа қонды көбелек

 

Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз.. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен  гүлдерін саламыз.

Берілген түстерді пайдаланып, тәрбиешінің көрсетуі бойынша ағаштардың  гүлінің суреттерін салады.

 

Ойын: Ғажайып дорба.

Ойын мақсаты: Дорбадағы жемістерді сипап сезіну арқылы қандай жеміс екенін айыра білу дағдысын қалыптастыру.

Ойын шарты: Балалар дорбадағы жемістерді сыртынан сипау арқылы оның қандай жеміс екенін және пішінін айтады.

 

Балалар жемістерден шырын,компот және түрлі пирогтар жасауға болады.Өйткені жемістер дәрумендерге бай.

Балалар жемістердің  қалай пайда болу және пайдасы туралы білдік.     

 

Сергіту сәті.
Сергіту сәтінде  интербелсенді  тақтаға қарап қимыл – қозғалыс  жасайды.

 

                  Қорытынды  бөлім:

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *