Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Мамирбаев Кулмаханбет Кушекеевич
Білімділік: Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулалаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынш аалған білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылық: Үшбұрыштың ауданынын есептеуге және элементтерін табуға арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық ізденісін, ойлауға икемділігін дамытуғ аықпал ету;
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, қиындықты жеңе білуге, шапшаңдылыққа, ізденімпаздылыққа, тиянақтылыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау, жинақтау, есептер шығару
Сабақтың әдісі: Топтық, жеке жұмыстар, ойын, шығармашылық.
Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, парақшалар
Сабақ құрлымы:
I. Үйымдастыру
II. Үй жұмысын тексеру.
III. «Сый табақ»
IV. «Абажур» стратегиясы
V. ШАШЫЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖИНАҚТА
VI. Сергіту сәті «Домино»
VII. Оқулықпен жұмыс
VIII. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма
IX. ҚорытындылаСабақ барысы:
І. Мотивациялық кезең: оқушылардытүгендеу, сабаққа ынталандыру
Үшбұрыштың түрлерін пайдалану арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
І топ: «Тікбұрышты үшбұрыш» тобы
ІІ топ: «Теңбүйірлі үшбұрыш» тобы
ІІІ топ: «Теңқабырғалы үшбұрыш» тобы
Мұғалім:
Балалар, әрбір оқушы мына алақанның әр саусағына өз тобыңдағы оқушыға бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп өз тілегін жазсын. Топ басшылары алақанның ортасына жазсын. Осындай жақсы тілек тілеп бүгінгі ашық сабағымызды осындай көтеріңкі көңіл – күймен бастайық. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№272 Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері а=1, 6см, в=4, 5см. Үшбұрыштыңауданын табу керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718