Көкөністер

Нургул Ахатаева

Мақсаты: 

Б.М:Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту.

Д.М: Шығармашылық қабілетін дамыту.

Т.М:  Адамдардың   еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Күз, жеміс, көкөніс,бағбан, жидек,қопсыту

Биллингвальды  компонент : Күз-осень, жеміс-фрукты, көкөніс-овощь.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Көкөніс пен жемістерді ажыратып топтастыруды, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануды үйренді.

Игерді:Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіндіктерін, олардың   адам ағзасына пайдалылығын игерді.

Меңгереді:Жемістер мен көкөністерден салат жасай алады, қауіпсіздік ережесін меңгерді.

Мотивациялық- қозғаушы.

Жылулық шеңбері.

Бақшамызға барамыз

Досымызды табамыз

Сәлеметпе, міне мен

Доспын енді сенімен!

Ұйымдастырушылық ізденушілік кезеңі.

Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді,

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерде секірді,

Барын беріп халыққа

Дала ұқсайды алқапқа!

Бұл қай мезгіл?

Жұмбақ жасыру.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.                    (Жемістер)

2.Бақшада өседі,

Көп өнім береді                                  (Көкөніс)

Cлайд   тамашалайық.

Жалпы жемістер мен көкөністердің пайдасы:

1.Дәруменге өте бай.

2.Тағам ретінде пайдаланамыз.

3.Дастарханға сән ретінде қоямыз.

Бау –бақшаны күтіп –баптайтын адамды кім деп атаймыз?

Бау –бақшаны күтіп –баптаудың ретін ата?

.Шикідей жейтін көкөністерді ата?

(қызанақ, қияр, сәбіз, қырыққабат)

Жер ана мейірімді, өйткені көкөністерді өсіреді. Күн де мейірімді шуағын шашады.

Cергіту  сәті: Балақан ән.

Қимылды ойын «Салат»

Шарты: үш түрлі салат жасау

Рефлексті – коррекциялаушы.

Жүректен-жүрекке. Балалар шеңберге тұрады.

Күндей жылы бол.!

Алмадай тәтті бол!

Доптай көңілді бол!

Айдай жарық бол!

Жүзіктей әдемі бол!

Балаларды мадақтау.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *