Тәрбиеші болу бір бақыт!

Мен тәрбиешімін. Тәрбиеші бұл не деген сөз? … Неге осылай атаған. Естігенде   қарапайым сөз сияқты мағынасына үңілсек терең ой жатыр.

Мен балаларды жақсы көремін. Балалар өмір гүлі десе, тәрбиешілерді бағбандар деп тегін емес. Білім беру саласында алдамымен баланы қызықтыру, содан соң үйрету деген тұжырымды негізге аламын. Мен өзімді үлкен әріпті «Ана» деп айта аламын.

Себебі менде жүздеген балам бар, олардың бәрі менікі. Өйткені мен өз жанымның өз жүрегімнің бір бөлшегін ұсынғанмын.

Өз педагогикалық тәжірибемде оқу әрекетімде жауапкершілікке қарап, дайындығымды еш жадымнан шығарған емеспін. Ал ендеше мен өзімді үлкен әріптен тұратын тәрбиеші деп айта аламын ба? …

Менің ойымша бұл сұрақтың жауабын ата-аналар емес, менің балаларым айтар.

Баланың махабаты ол кез келген марапаттаулардан да  артық.

Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге айтылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.

Қорыта келе мен балабақшада еңбек етіп, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені, менің бүлдіршіндеріме арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

 

 

 

№18 «Мирас» бала бақшасының тәрбиешісі

Базарбаева Аягоз Каировна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *