Диалогтік оқытуда топтық жұмыстарды ұйымдастыру жолдары және оның тиімділігі

Диалогтік оқытуда топтық жұмыстарды   ұйымдастыру     жолдары  және  оның  тиімділігі     

                                       

Сабақтың тақырыбы Диалогтік оқытуда топтық жұмыстарды ұйымдастыру жолдары және оның тиімділігі
1 Сабақтың мақсаты Топтарда бірлесіп жұмыс жүргізу ережесін жасау

Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі мен әдіс-тәсілдерін түсіндіру.Топта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жолдарын үйрету.

2 Табыс критерийлері Топтық,жұптық жұмыс жасауды дағдыға айналдырады.Мұғалімдер бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланады.Топтық жұмыстың әдіс-тәсілдерін меңгереді және оны өзі қолдана біледі.
3 Кручингті өткізу әдістері Топтық жұмыс,жұптық жұмыс,миға шабуыл,АКТ,СТО әдісі
4 Ұсынылатын ресурстар 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2.Қосымша дерек көздері.

 

Коучинг сессиясының өткізілу кезеңдері уақыты Коуч пен коучингге қатысушылардың іс-әрекеті
                Коуч Мұғалімдер
Сәлемдесу 1 мин Саламатсыздар ма,құрметті әріптестерІБүгінгі коучингке келгендеріңізге үлкен рахмет.Бүгінгі коучинг сіздерге маңызды болады деп ойлаймын. Назарын коучке аударады.Сәлемдеседі.
Шаттық шеңбері 5 мин Құрметті әріптестер барлығыңызды шеңбер бойымен тізбектеліп тұруларыңызды сұранамын. Стикерге жазылған сөздерді қатыстырып ,бір-бірлеріңізге тілек айтыңыздар! Эмоционалдық көңіл-күйін көтереді,бір-біріне жақсы тілектер айтады.Осылайша өздеріне жағымды психологиялық ахуал туғызады.
Топқа бөлү 2мин Қиылған суреттерді біріктірулеріңізді сұранамын. Біріктірілген суреттер бойынша топқа бөлінеді.
Түсіндірме 2 мин Шүльманның ілімі бойынша  оқытудың табыстылығы  үшін мұғалімге үш көмекші қажет.Олар бас,қол,жүрек.Сіздердің табысты оқытуға жетулеріңізге тілектеспін. Тыңдап қошеметтейді.
Топ ережесін құру,түсініктеме беру 10мин Құрметті әріптестер,біз әуелі топ ережесін құрып алайық. А-4 ке топ ережесін жазамыз.

Сұрақ: Сіздер топ ережесін құру мен топқа бөлуден қандай ой түйдіңіздер?

Топ ережесі мұғалім немесе оқушы үшін қажет деп ойлайсыздар ма?

Әр топ өз ережелерін жазады.
Бейнеролик көрсету,ойларын айту 10 мин «Құмырсқалар » бейнеролигін көрсетеді.

Сұрақ: бейнероликтен қандай ой түйдіңіздер?

Сонымен бүгінгі тақырыпты қандай деп ойлайсыздар?

Топтағы қатысушылар өз ойларын айтады.
Слайдтар

көрсету

3 мин Мұғалімдерге «диалогтік оқытуда топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары және оның тиімділігі» тақырыппен,мақсатымен таныстырады.
Топтас,жұптас

бөліс әдісі бойынша тапсырма

15 мин Нұсқау

Әр сыныпта,әр пән бойынша үлгерімі төмен оқушылар болады.Сол оқушылардың оқуын жақсарту үшін не істейміз? Алдын өз пікірлеріңізді  жазыңыз. Енді топта жұптасып пікір алмасыңыз. Содан кейін топта талқылаңыз .Топ болып ортақ шешім қабылдаңыз. Спикер топ мүшелерінің  пікірін қорытындылайды.

Сұрақ: бұл тапсырмадын не түйдіңіздер.

Осы тапсырма бойынша әңгіменің қай түрі басымдыққа ие деп ойлайсыздар?

Проблеманы жеке шешкен дұрыс па әлде топпен шешкен дұрыс па?

Топтық.жұптық жұмыстың тиімділігі қандай?

Топ мүшелері тапсырманы орындайды.Өз ойларын ашық айтуға ұмтылады. Ортақ шешімге келуге талпынады.     Сұрақтарға  еркін,ашық  жауап беруге  дағдыланады,мұғалімдер арасында ынтымақтастық қалыптасады.
Талдау,өзара бағалау 5 мин Нұсқау: барлық топ өз пікірлерін айтып болған екен, олай болса өзара бағалау әрекетін жасаңыздар.Тақырыпты ұтымды ашты деген топқа формативті бағалау жасаңыздар.Яғни ұтымды пікір айтқан топтарға қай тұстары ұтымды шыққандығын дәлелдеңіздер. Топтағы мұғалімдер ақылдаса отырып,тақырыпты толық аша алған топқа формативті баға береді.
Түсіндірме жұмыстар 10 мин Мұғалімдерге топтық жұмыстың тиімділігін түсіндіру. Топтық жұмыс туралы нұсқаулықтан мәлімет беру.

 

Мұғалімдер топтық,жұптық жұмыс туралы ой бөліседі.
Сергіту сәті 5 мин Құрметті топ мүшелері. Әрқайсыңыз топта бір-біріңізбен жұптасыңыздар.

«Нұсқауды орындау» жаттығуын жасаймыз. Жұптан біреу нұсқау беріп отырады,екіншісі сол нұсқау арқылы сурет салады.

Сұрақ: Бұл жаттығудан не түйдіңіздер?

Демек,біз оқушыларға сұрақты  ,нұсқауды дұрыс қоя білуіміз керек екен.

Топ мүшелері жұптасып тапсырманы орындайды.

 

 

 

Мұғалімдер өз ойларын айтады.

Сценарий құрастыру. 15мин  3 топ өздеріңізге берілген тақырып бойынша  рольдік ойын сценарийін құрастырыңыздар Рольдік ссценарий құрастырады.

Топтар құрас-тырылған сценарий тақырыбын анықтайды.

Бағалау 2 мин Топтар бір-бірлеріңізді

бағаласаңыздар.

Бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс. 5 мин Құрметті әріптестер бүгінгі коучингімізді мына тау сияқты елестетіп, сіздер осы таудың қай жеріне жеткендеріңізді стикерлер арқылы білдірсеңіздер.Ол үшін стикерге өздеріңіздің ой пікірлеріңізді жазып,

Қаншалықты түсінгендеріңізді ,қай жерге жеткендеріңізді сол жерге жапсырасыздар.

Көніл бөліп келгендеріңіз үшін рахмат! Келесі коучингте кездескенше!

Мұғалімдер стикерлерге өз ойларын жазады.
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *