Әр елдің өз ұланы бар.

«Өсер елдің ұланымыз!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Күншуақ» шағын орталығының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

 

Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

 Тақпақтар:

Сардар:

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу ақ

Ол -біздің Қазақстан

Кеңге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы

Ол -біздің Қазақстан.

Ислам:

Алтай –Жайық арасы

Жарты әлемдей даласы,

Ол –біздің Қазақстан!

Жастан сүйіп аңсаған

Тәтті күй мен кәусар ән

Ол –біздің Қазақстан!

Нұрым:

Тебіренді тауың, желпінді далаң

Көтерді көкке туларды ғалам

Жеңістің ұлы күнімен сені

Құттықтау үшін келіп тұр балан.

Исламбек:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән көрік

 

 

 

 

 

 

 

Айзере:

Көлеңкесі жоқ көңілге күшті

Алтын мамырдың сәулесі түсті

Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,

Көгіне тағы ұшырды құсты.

Ақбота:

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен, Отан

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Абылай

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем шуақ тоғызыншы май күні

Айтшы қане, біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге тұс келуі!

Мейірлан:

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл.

Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіде,

Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!

 

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

 

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

Ауыл ардагері Құрманғали Сапар атаға арналған бұрышпен таныстыру.Осымен қатар көптеген ардагерлерді атауға болады.

Слайдпен таныстыру.

 

Би: «Орыс биі КАТЮША»

 

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  «Балдырған» ортаңғы тобының ұлдарының  «Болашақ сарбаздардың спорт шеберлігін» тамашалаңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Кішкентай қыздарың орындауында «Гүлдер» биін тамашалаңыздар.

 

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанаты. («День победы» әні жаймен қойылады )

 

Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»

 

Соңы.   Ата-аналарға тілек.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *