Ізгілікке баулу қазақ ілімі
Ізгілікке баулу қазақ ілімі
Қазақ танымында ізгілікке баулу дегеніміз өзінің көңіл терезесін таза ұстауға жаттықтыру болып табылады.Ислам діні Ұлы Далаға келіп жеткенше де,талай асыл Ата мен аяулы Әжелер,хан қағандар мен бек сұлтандар қаймана қарапайым қатардағы жандар ізгілікті ту етіп,адамдықты ардақтап ғұмыр кешті,рухани баға жетпес байлықтарды қалдырып өмірден өтті.Осы ата жолынан таймай,жаны жайсаң,жүрегі таза,мінезі бай ұрпақ тәрбиелеп,баулып келген сара жолын үрім-бұтағына мирас етіп қалдырды.Осы мирастың талап тілегін,арман мақсатын,мән мазмұнын Ұлы Дала ұстаздарының топшылауы,түйіндеуі негізінде,ойшыл-ғұламалардың зерделеуі пәтижесінде қордаланып жинақталған білім қорын ізгілікке баулу қазақ ілімі дейміз..Ізгілік ұғымы қазақ танымында оның жаратылысына сай тым кең аумақты қамтиды.Қазақ адамтанушылары адамның ізгілік сапасы күн нұрынан жаралған жанның бір шоғы деп танып,оны рухқа сыбайлас етіп түсіндіреді. Ізгілік – адамның басты құндылығы. Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) -Ізгі іс немесе мінезі түзулік.Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.Бұл ушеуі арқылы адам шын бақыт табады.(Жүсіп Баласағұн) Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі істері.Ізгілікті тілек,жылы сөз,моральдық көмек, қолпаштап қолтыған демеп,көңіліңді байыздатқан ыстық лебіз– жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.Ізгілікке тән мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық,қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетініні белгілі. Ең парасатты тәжірибе-халық түйген тұжырымдар.Мейірімділік пен ізгілік – егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағайын-туыс, танысқа ) көңіл бөлу олардың сеніміне ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды болумен қатар адамның жайнап,өмір сүру ортасын туғызу,көңіл күй ауанын жайғастырып тыныштандырушы негізгі фактор болуы тиіс. Халық:«Ізгіліктің нышаны-халық үшін қайтпай құрақ ұшады.Ізгі жүрек ізгілікті сатпайды» дейді. «Шамаң келсе, ізгілік істе,ізгілік, әділдік өлмейді»-деген,Сайф Сараи.Ізгілік іс-әрекет,сөз ниет, тілек-бата,көмек-жәрдем арқылы өмірде жүзеге асып жатады.Ол өз бойына мына адами құндылықтарды сіңіріп алған: Ілтипттылық,әдептілік,инабаттылық,кішіпейілділік,қарапайымдылық;Сыпайылық, жақсылық және оны сатпау; Әділеттік;Ісі сөзіне сәйкес келуі,шыншылдық.Сондығы болар, ізгілік әр уақытта есте сақталады, ұмытылмайды.Ұрпақтан –ұрпаққа сол ізгілікті,елдің мерейін көтерген сол рухани өмірді көкпардай қағып алып,мерейін өзінен кейінгі ұрпаққа табыстап келген,ата-бабаларымыздың тарихы,ғұрып-салты,тіл байлығы ешкімнен кем емес екенін мақтаныш етеміз.Жеткіншектің ой санасына осы мақтаныш сезімін құя білсек, жүрегіне ұялатып, жанына жылу берсек тәрбиелегеніміздің белгісі болмақ.Адам ізгілік туралы жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуге тиіс. Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.Ізгі ниет ақ көңілмен жасалған әр ісіңде ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта.Ізгілік пайда үшін емес,адамдардың қуанышы үшін жасалады. «Шырағым, жасаған жақсылығыңды сатпа, құдайдан қайтады!»-деп отыратын қарттар сөзінде терең мағына,адами қатынастың әсем үлгісі жатыр. Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылық пен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірмандық білдірген жанашырлықпен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Міне, осы тектес қазақтың «Ізгілікке баулу ілімі» бар.
Ізгілік (лат. Нumanitas-адам табиғаты)-адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.[ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: 2006. – 482 б. ISBN 9965-808-85-6]
Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардың арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.[ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6]
Ізгілік -әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым — зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады — жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке және жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден не сол сәттегі көкейкесті қажеттілікт-ерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс–қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну — мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға, оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама- қарсы болғандықтан ғана емес, адамның басқа алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасын сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.[ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: “Сөздік-Словарь”, 2006. – 384 бет. ISBN 9965-409-98-6]
Адам өмірі баспалдақ сияқты. Бір жақсы қадам жасасаң, баспалдақтың біреуіне шығып, тағы да алға ұмтыласың. Сөйте жүре өмір жолыңда алға қойған мақсатыңа бойыңдағы ізгі құндылықтардың арқасында тек алға жылжуға тырысып, барыңды саласын. Ізгіліктің ізгі шыңына, биікке шыға отырып алға өрлейсін. Ізгілік кенеттен бір пайда болған құбылыс емес. Ол үнемі бойымызда болады. Адам зұлымдықты жеңген сайын, ізгілік оған нұр болып жауады,сәуле болып сіңеді. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілік ол адами құндылықтардың тұлға ретінде танитын көзқарастар жүйесі, оның бостандыққа, бақыт пен даму және барлық қабілеттерін аша білуге деген құқығы. Ізгілік– кісілік, биік парасаттылық. Ізгілік адамды сыйлау, оған қамқорлық жасау және оның күшіне сену рухында, адамның басқалармен, қоғаммен қарым-қатынасындағы мінезін реттеп отырады.Ізгілік адамға көрсетілген құрмет, әлеуметтік әділеттілікпен, оған қойылатын адамгершілік талаппен ұштастырылады. Адамға талап қою оның күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімге негізделеді. Қазақ халқының тәр-биелеу үрдісі ықылым заманнан бері тек ізгілікке құрылған,гуманистік мазмұнға толы, ол жеке адамның жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған. Адамды сүю, құрметтеу, тәр-биелеу сонау балалық шақтан басталады. Егер жасөспірім басқа адаммен қарым-қатынас жасаудан өзіне қуаныш табатын болса, оған шын пейіл білдірсе, егер оны басқа біреудің тағдыры қобалжытса, егер ол басқа біреуді қуанышқа бөлегеніне өзін бақытты сезінсе- ол Адам болады деген сөз.
Адам қолымен жасалған ізгі істің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.Жанында жүрген адамдардың қуанышын бөлісіп,қиындығын ортақтаса алатын адамның іс әрекетінде ізгіліктің негізі жатады.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза,сезімі сергек болады.Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі. Рахым,қанағат, әділдік және қайрымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін,рахатын көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі.Туған-туыстар,достар, жора-жолдастар,көрші таныстарымен сыйластықтықта, татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.Күнделікті тіршілігімізде бір-біріміздің көмегіміз мен қызметімізге қаншама зәру боламыз. Бір-біріміздің ыстық құшағымызды аңсайтын кездеріміз аз емес.Бір-біріміздің жылы сөздерімізді естуге інкәр болатын сәттеріміз қаншама! Көршінің көршіге,ауылдастың ауылдасқа,жолдастың,достың досқа, туыстың туысқа ісі түспейтін күні қашан да болмаған шығар-ау.Ауырып қаласың.Әйтеуір бір өзің тік тұрып,тік жүріп тіршілік жасай алмайсың. «Менің ойымша,көңілдің хошы,бақыт дегеннің бәрі де Ата-Бабаңның өмір сүрген және жерленген жерінде,туған ошағыңның басында жақсырақ,ал қайғы дегеніңнің қандайыда,тіпті,ажалдың өзіде сол жерде жеңіл болатын сияқты.»-деген екен Ы.Алтынсарин атамыз.Қуанышыңды бөлісер, қайғыңды серпісер адам іздейсің. Ағайын-туысыңа арқа сүйейсің,жолдасыңды тірек етесің, көрші-ауылдасыңның көмек-кеңесін күтесің.Адамның күні адаммен. Адамның адамдығы адамгершілік қарым-қатынасында;бір-біріне арқа сүйегенінде,бір-бірінің әжетін шығар-ғанында, қуанышына ортақтасып,ауыртпалығын көтеріскенінде,арман талабына жетуіне көмектескенінде.Адам баласының әр күнгі тіршілігі осындай қарым-қатынасқа толы болғандықтан туысына,көршісіне, ауылдасына,жолдасына,досына көмек көрсетіп, қайыр-ымдылық,мейрімділік жасаудың тамаша үлгісін қазақ халқы ежелден қалыптастырған.Оны жас ұрпақ бойына сіңіру үшін нақтылы іс-әрекетті көзбе –көз жасап,қолма-қол атқарып отырған.Адам жақсылықты есеппен жасамайды. «Ертең қайтара алама,жоқ па?»-деп тоғыз тарау ойға қалып біреуге көмек жасау,қызмет көрсету адамгершілік іс емес.Керек кезінде,зәру уақытында кімге де болсын досына,туысына, жолдасына, көршісіне, ауыл-дасына,бәр-бәріне алаламай,алаңдамай,көмектесіп жібер, жанашырлық көрсете біл,аянып қалма.Міне,ізгілік ниет,қайырымдылық деген осы!
“Адам қайырымдылық, сұлулық, игілік және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің жаны мен тәні арасындағы барлықтан алса, ол шынымен де қайырымдылық пен бақытқа қол жеткізеді”.Қайырымды жан-ақыл-парасаттың, адам бақыты мен бақ-дәулетінің күрес-кері.Қайырымдылық – табиғи бейімділіктің іс-әрекетпен ұштасуы, маңызды міндет-мұрат үшін жігер мен табандылық көрсету.
Ал,жақсылық жасаған адамға қалайда қаруын қайтару парыз ба?Парыз деп санау қажет пе?Бұл жайындағы пікірімізді халқымыздың бір ауыз мақал сөзімен білдіреміз. «Жақсылыққа жақсылық таң қалдырар іс емес.Жақсылыққа жамандық, адамдықтың ісі емес!»Адамшылық алыс-беріс жасайтын саудагерліктің ісі емес.Данышпан Абай: «Тату-лығы,достығы бәрі сату», біреуге көмектескенде ертеңгі бас пайдасын ойлайтын,сол дәуір бірер адамдарының шын бейнесін,нақтылы ойын әдемі көрсеткен-ді.Адамда басқа жанға жақсылық жасай алатын қабылет болу үшін оның бойында адами қасиеттер: Ізгілік, мейрімділік,сыпайылық,көпшілдік;-жылы лебіз, ізгі ниет, ізгілік әдеттері;-адал ниет,ізгі іс қалыптасқан болу керек. «Көңілді,бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» Ы.Алтынсарин. «Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ»(Абай.)«Өмірдің өкінбейтін бар айласы,ол айла-қиянатсыз ой тазасы.Мейірім, ынсап,әділет,адал еңбек,Таза жүрек,тату дос-сол шарасы»(Шәкәрім.) Нағыз ізгі жанды, мейірбанды адамдар өздерінің істеген жақсылық-тарын біле де бермейді,олар жақсылық жасауға дағдыланған және мұнысына мәз болмайды.Оларға істеген жақсылықтарын мойындата алмайсың!Ал,енді біреулер сәл нәрседен оңай жерден өздерін жалтыратып көрсетіп қалғысы келіп, алақтаумен-жүреді.Ондайды халық: «Кең пейілдінің ішінде кен жатады.Тар пейілдің ішінде тас жатады»деп,көрсетеді.Жақсылық ағаш басында,жамандық аяқ астында. Қайрымдылық әркімнің қолынан келеді.Халық ұғымында жас та,кәрі де басқаға сәулесін түсіре алады, жақсылық жасай алады.Тек пиғылы түзу болса болғаны.Туысқандық мейірім,«Туысы бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыстың ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай білген.Қазақ болашақ ұрпағын,үрім-бүтағын байланыстырған сүйек-жекжатына үлкен мән беріп,бірін-бірі сыйлап, көмектесіп, әдеттенуге тәрбиелеген.Туысқандық мейрім-отба-сындағы,әулеттегі ынтымақтың, береке бірліктің қайнар көзі.Туыстық мейрімнің негізі адамның қоршаған ортаның сұлулығын сүю,оны аялай білу сезімінің жемісі болумен қатар адамдардың бір-біріне құштарлығынан қуат алатын,жүректен шыққан асқақ көңіл. Дұшпандарымыздың осы бір қазақтыңбауырмалдық, туысқандық қасиетін жою үшін,оған таптық рең беріп, қанаудың барлық түрі осы ағайындықтың артында жасырылған деп жар салуы тегін емес.Қандастық қайырымның қандай болатындығы соңғы ширек ғасыр да дүние жүзіне жарқырап көрінгенде,пасық ойлы ондай антұрғандар аузына құм құйылды! «Өзіңдікі өзекке тепсең де кетпейді,басқаныкін басыңа көтерсең де оған жетпейді». «Қазақ сұраса келе,қарын бөле болып шығады», «Тегі бірдің-түбі бір», «еншісі бөлінбеген, барлығы-бір алаштың баласы», «Біріңді,қазақ,бірің дос,көрмесең істің бәрі бос»(Абай) Бар қазақтың бір ата баласы екенін,бір-бірін жатсынудың еш негізсіз екенін Шәкәрім де,шегіне жеткізіп айтқан.Қазақ бала бойындағы ерекше қабылетті,ата тегі арқылы қонған табиғи дарынды өте жоғары бағалаған. «Атасына тартып ақын болыпты,нағашысына тартып әнші, әкесіне тартып күйші,анасына тартып биші болыпты» деп,баланың икемі мен талабына сүйсіне қараған. «Ата өнері балаға мұра,ата кәсібі-бала нәсібі».Жас ұрпақтың тәлім алып,үлгі-өнеге үйреніп,өнер ұғатын-ұстаздық ортасын, ағайын туысын қадірлеп құрмет-теу,олардың мейірім шапағатына бөлену бала үшін таптырмас табыс.М.Шаханов: «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып,барша әлемді сүю мүмкін емес». «Тұрман құйысқандай болмайды,тумаң туысқандай болмайды». «Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер» Балада алғашқы күннен бастап-ақ адамға деген шынай сүйіспеншілік сезімі болатынын М.Жұмабаев өз еңбігінде былай суреттеп берген: «Ананы сүю» сезімі оянады. Анасын сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Ол елін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық азаматты сүю сезіміне алып барады. Бұл сөздерден ізігілік деген сөздерден дұрыс һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның өзін сүюі, яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы, туысқандарын сүю, яғни оларға жауыздық тілемей ізгілік тілеу, өз елін сүюі, пайда келтіріп, зиян келтірмеу, һәм басқаларға да зиян келтірткізбеу, ең негізінде – біткен адамзатты дос һэм бауыр көру екен.Міне, кімде-кім өзін сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе біткен адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймын». Адамдар бірін-бірі қадірлеуге, сыйлауға, сүюге, бір-біріне қайырымды, мейірімді болуға, әділдік шарты берік сақталуға тиіс. Адам өзінің мінез-құлқын, сын-сымбатын, ішкен асы мен киген киімін,бүкіл тұла бойын әрқашан кіршіксіз таза ұстауға міндетті. Үлкенге құрмет, кішінің ілтифаттылығы, ал үлкеннің кішіге қамқорлығы, обал-сауап, ар-ұят тәртібінің берік сақталуы –адами тағылым тұғырлары тәрбиесінде қандайда бір діни ұстанымсыз-ақ,сауаттылық тұрғыда мәдениеттілік ұстанымдарының негізі болып табылады. Және ол ата-анасының мәдениеттілік деңгейіне қарай дәріптеліп, баланың санасына қарай қабылданатын жас,кезеңі бар.
Достық мейірім.Достық!Осы бір қасиетті сөзді әрдайым ілтипатпен айтамыз.Өйткені өмірдің мәні де,сәні де ең алдымен шынайы достықта, сыйластықта. Адамның бір-бірімен достасуы өмірге нәр беріп,көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің туымыз,ұранымыз.Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыстыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтеретін,рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі,біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Достың мәні мен маңызы туралы адамзат қоғамында өмір сүрген даңқты адамдардың,ғұлама ғалымдардың,ақындар мен жазушы-лардың,ойшыл,өнер қайраткерлерінің оралмағаны айтпағаны жоқ деуге болады.Себебі достық жалпы адамзатқа тән қасиет.Мәселен: «Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам»(араб), «Жақсы дос нағыз-қазына»(қытай), «досы көпті жау алмайды», «жүз сом ақшаң болғанша,жүз досың болсын»(қазақ) барлығы ұқсас мазмұнмен бағалаған.Әл-Фараби данамыз,достық туралы тамаша тәлім айтқан. «Достықтың екі түрі болады.Оның бірі-адал дос та,екіншісі айнымалы дос.Адал досқа үнемі ілтипатпен қарап,одан айрылып қалмау жағын көздеген дұрыс,адамдар бір-біріне жақсылық,өзара қамқорлық жасауы қажет.Жақсы достың сенімін ақтаған абзал.Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып,нені болса да бірдей көретін болады.Жалған досқа адам өзінің құпиясын,мінез құлқындағы кемшілігін айта берудің қажеті жоқ.Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген ғанибет.Бір-біріне дұшпан көңілді адамдардың да екі түрі болады.Бірі-өшпенділігі мол,жаулығы басынан асқан адамдар да,екіншісі-көре алмаушылықтан жауығатындар.Бұлардың біріншісінен ерекше сақ болып,олардың ой-пікірін үнемі қадағалап,біліп жүру,осындай адамдардың арам ниетін біліп қана қоймай,тиісті жерінде аямай әшкерлеу қажет.
Бейтарап адамдардың да жолдастық достық жөніндегі ұғымдары мардымсыз болады.Бұлардың өшпенділікпен жұмысы жоқ,кейде дұрыс ақыл-кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ,олардың айтқан пікіріне сын көзбен қараған дұрыс.Бейтарап адамдардың адалдығына көз жеткенше оларға дос адамдай беріліп кетуге болмайды.Жақсы ой-тілектері араз адамдарды татуластыруға,олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орнатуға жәрдемін тигізеді.Сондықтан бұларға көңіл бөліп,іс-әрекетіне демеу беріп отыру керек.Ақымақ адамдарды да асқан төзімділікпен тәр-биелеп,,байыптылықпен қарым-қатынас жасап отыру керек.»Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:
-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:
-Достықтың екі түрі болады.Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық.
-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?дегендер -Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады.,адал дос қашан да жаныңнан табылады. Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.
«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды».А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын Көбісін дос жасайды ақша,бұйым, Досым деп көрінгенге сене берме, Ахмет,бар болса егер баста миың. Ә.Нұршайықов-достық қағидасын терең талдаған ойшылдардың бірі. «Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық пен махаббаттың ұрығы жатады.Жерге түскен әрбір ұрықтың өнуі үшін Күннің нұры,топырақтың қызуы қажет.Сол сияқты әр сәбидің жүрек түпкірінде жатқан достық пен махаббат ұрығының өніп,өсіп,гүлденуі үшін едәуір уақыт керек.Баланың есі кіріп,сана сезімі оянып,кемелдене бастаған шағында оның жүрегіндегі,достық пен махаббат бүршік жаруға талпынады. Бірақ бұл екеуінен бұрын балдырған-бөбектер арасында жолдастық басталады.Өйткені, жолдастық-достық пен махаббаттың бірінші баспалдағы.Жолдастық достыққа жетелейді.Адал достық асыл махаббатқа апарады» «Өзіңе қарай досыңды таңда:тең теңімен жарасады,Досты барда да сына,жоқ та да сына.Адамды екі нәрсе қартайтпай-ды:Бірі- жақсы мінез, екіншісі- жақсы сөз. Ақ болсаң, қараға жуыма;аққа қара тез жұғады. Әйелдің жалғыз жетістігі бар;ол-дақ түспеген ары» (Ж.Баласағұн).
Адамгершілігі қалыптасқан әрбір адам басқаға баянды достық жасауды-өзінің борышы деп есептейді.Абай дана, «досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол» дейді.Достық тек дос болған адамға жасалмайды,халқымыз «адам болсаң, адамға достық жаса әманда»деп уағыздайды.Бірақ достың да досы бар, «айнымалы»дос тек өзін ғана достық жасауды ұнатып,өзгеге достық жасағанын бұлдайды. Халық:«Ақымақ достан, ақылды дұшпан артық»деген.«Келіп-кетіп, көп жүріп, «мен досыңмын» деп жүріп,жоқ нәрсені шатады,сөйтіп құдай атады»,-деп ұлы Абай атамыз жалған достың жамандығын әшкере етеді. Доссыз,қимас жолдассыз өмірде мән жоқ екені белгілі.Бір-екі рет сыйласуға, қадірлесуге,құрметтесуге келген тәп-тәуір адамның аяқ астынан құбылып,ойламаған жерден бөтен мінез танытып,сыр білдіріп қойса оған не дерсіз?Дос-жолдас болып жүріп байғұс жүрегіңнің дал-дұлын шығарып кетсе,ол адам тірі жүрсе де-өлі. «Өлді кейі,кейі-жау», «жүрегім менің қырық жамау»-болатыны да рас. «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» Шынайы достықтың арқауы-олардың өмірге көзқарастарының,тұрмыс салты-ның,моральдық бейнелерінің, рухани азығының,ақыл-ойларының,сезім дүниелерінің ұқсас келіп,бір арнаға құйылып жататындығының тазалығы.Мұндай достық –мәңгілік.Шынайы достар бір-біріне қол ұшын беруге әзір Қуаныштары мен реніштерін бірге бөліседі.Бірінің абыройына, беделіне,бақытына екіншісі де бар жан тәнімен шаттанады. Өмірде бұрыс басқан қадамдары болса,бір-біріне ашық та батыл айтып,жөн сілтеп отырады.Дәлірек айтқанда, бір-біріне ұстаз.Бүгінгі таңда,дос таңдай білу өте маңызды. Кәзіргі қазақ қоғамы көптеген этнос ұл-қыздарына,көптеген наным-сенімді қөзқарасты жастарға, ұстамы мен құндылықты бағалау дәрежесі әртүрлі топтарға толы.
Халық,ұлт өкілінің көпшіл,қоғамшыл болуын,қара басының қамы үшін ғана емес,халқы үшін қызмет етуін талап етіп,абыройлы азамат тәрбелеп,оның азаматтық борышты адал атқаруын үнемі қадағалап отырған.Халық әдебиетіндегі қай қаһарман болсын,ертедегі күшті мен тістіге,кәрлі мен зәрліге,жат ортаға,адамзат баласы басып көрмеген батыл қиын-дыққа барып,біреулері, ел үшін, ата-анасы үшін,халқы үшін күресіп жанын пида етеді, екіншілері,бар жауызды,бар қиянатшыл зұлымдарды жоқ етіп,халық бақытын паш етеді.
Халық өшпейтін,өлмейтін құдіретті күш.Сондықтан, халық күш-қуатын тасқын суға теңеп, «Елдің күші- селдің күші» деп бағалаған.Халық ер азамат,жас ұрпақты ел бірлігіне,қорғанының беріктігіне жұмылдырып, «көптік қайда болса,тоқтық сонда»,не көрсең де еліңмен бірге бол, «көппен көрген ұлы той», «үйірлі құлан ақсағын білдірмейді»дейді. Әрбір адам өз өмірінде туған елін,Отанын жақсартып, гүлдендіріп кетуге тиіс. «Ер жігіт бір күнде бір кісілік,бір күнде мың кісілік.Осыдан болып, «өз елімнің басы болмасам да,сайының тасы болайын»деген.Халық кім болсаң да,ұлт мүддесіне,арман мұратына қарсы болма дегенді жастарға жалықпай ұқтырған.Жалғыздың үні,жаяудың шаңы шықпай-тынын ескертіп, «жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас» десе, адам құдіреттілігі, қуаттылығы ұйымшылдық пен бірлік екенін «алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді», «кеңесті ел азбайды», «Бірлігі мықты елдің,белін ешкім сындырмас», «қосылғанның қолы ұзын,ұйымдасқан ұтады.» Ынтымақ, бірлік, ұйымшылдық қай заманның адамы болса да қажетті қасиет»деген ғой.
«Ауыл болсаң қауым бол», «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» немесе «Көрген сайын «сіз» десіп,сыйласқанға не жетсін,шашылғанды бірлесіп жинасқанға не жетсін»
Әлеуметтік – психология ғылымдарының зерттеу қорытындылары бойынша жеке адамдардың бойындағы қасиеттерін төмендегідей баяндайды: барлық қасиеттердің құрлысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады- сезім, сана, мінез – құлық дағдысы. Бірақ, тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне,қоршаған ортасына байланысты болады. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас Ал, жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Бұл мәселе туралы белгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский «Біздің өзімізді, біздің дүниеге қалыптасуымызды, біздің сезіміміз де, ойымыз да, тіпті қылығымыз да сезімдей анық және дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдерімізде жеке ой ғана, жеке шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады»,- деп дәл сипаттама берген. Адамның адамгершілік санасының дәрежесі мен мінез-құлқымен іс әрекетін аңықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына жақын адамдардың өзара қатынастарынан басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та өседі. Бірінші сынып оқушылары басқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта, жұмыста бір- біріне кедергі болмаудың қажеттілігін түсінеді. Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды.Адамның моралдық сезінуі немесе жеке тұлғаның адамгершілік әлемі өзіне үш деңгейді құрады:
1. Мотивті- іс-әрекетті.2. Сезімдік-эмоционалды.3. Рационалды немесе ақылдыльқ. Мотивті-іс-әрекетің деңгей іс-әрекеттер мотиві, адами қажетгіліктерді және сенім-нанымдардан тұрады.Сезімдік-эмоционалдық деңгей адамгершілік сезімдер және эмоциялардан тұрады.Сезіне білушілік — бұл адамдардың ең тамаша қасиеттері, өйткені ол-адамилық көрінісі, ал адами сезім үлкендерде, кішіге де қойылған нысанаға жетуте көмектеседі. Кішкентайлар үшін бұл білім құмарлық, қуаныш, әлемді танута талпыну. Үлкендер үшін бұл сезім шабыт көзі, қоршаған ортаға және адамға қызығушылық, жұмыста қуаныш және ептілік, адамдармен қарым-қатьшаста.Рациональды немесе аңыл-ой деңгейі парызды, қадір-қасиеті, ар-намысты, адалдың пен арамдықгы, бақытты және өмір мәнінің түсінігінің моральды білімін қүрайды. Моральды білім түсінігінен басқа да принциптер, идеалдар, мінез-құлық нормалары, моралді бағалар да жатады. Жастарды тәрбиелеуде олардьң адамгершілік әлемдерінің барлық көкжиегін ажырата біліп,тәрбие тәсілдерін дұрыс қолдана білу керек. Адамның адамгершілік әлемінің гормониясы болып, жақсыльқ тек барлық қосымшаның бірін ғана қүрайды, бірақ адамгершілік қажетгіліктің бағыттаушысы болып саналады. Адамгершілік қажетгіліктер адамға туғанынан берілмейді, оны тәрбиелеу барысында қальштастыру қажет, себебі оңсыз жоғары руханилық және жақсылық болуы мүмкін емес.Сухомлинскийдің аитуынша: «Нағыз адам -мінез-құлықты ынталандыра алатын, қүштарлығын және жақсы қылықгарды тудыратын, жан дүниесінде игілік тілекгері қалыптасқан адам болып табылады».Қажетгілік дегеніміз не? Қажеттілік -бұл бір қалыпты өмір сүру үшін ағзаға,рухқа жетіспей жатқан заттарды (коректерге) толықтыруға талпыныс, табиғи сұраныс. Балалардың адамгершілік қажетгіліктерін өтеу үшін моральды орта ( отбасы, ағайын туыс,көрші қолаң,тәрбиеші,ұстаз т.б.) қажет. Абай атамыздың сөзімен айтсақ: « Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.». Бала сөйлей алмаса да, сөздерді жете түсіне білмесе де, ересектердің қыльқтарын түсінеді, отбасы ортасыньң моральды климатын байқайды және оған өзінше әсерін тигізеді.Обасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынастары жақсы, бір қалыпты, мейрімді болуы-балада адамгершілік қажетгілікті қалыптастыру үшін жақсы және негізгі астары болып табылады. Ал айқай-шу, дауыс-ырғағының тұрпайлығы қарама-қарсы нәтижеге алып келеді. Адамгершілк қажетгілік-гердің барлық элементі эмоция және сезімдерге тәуелді болып келеді. Адамгершілік қажетгіліктер келесі элементгерден тұрады:Эмпатия — адамның жан дүниесін қиын жағдайда немесе басқа бір адамның хал-жағдайын түсіне білу қабілеті . Қайырымды адам көбінесе ақ пейілді, кішілейіл болады.Қайырымдылық — бұл бірнеше сезімдердің тұрады: жанашырлық, қайғысына ортақтық, аяушылық жатады.Қазақ жұрты ұрпақ тәрбиелеуде ең алдымен баланы онда әлі жақсылық, жамандық, борыш және басқа да түсініктер қалыптаспас бұрын қайырымдылыққа тәрбиелеуді қолға алған.Себебі,дана халқымыз мейірім-мылқауға да,соқырға да,кереңге де,жарым жанды адамдарға да ұғынықты тіл деген.Қайырымды,мейірімді адым мүмкіндігі шектеулі,мүгедекке де, жарымжан ғарип жандарға да өз ойын «айтып» жеткізе алады,олардың «тілін» жүрекпен ұға алады.Ізгілік қазақ ілімінің бұл ең басты заңдылығы.Иманипедагогика осы заңдылыққа сүйенеді . Адамгершілік пен имандылық.Бұл егіз ұғым адамзат тарихында қатар өмір сүріп келеді.Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділет-тігімен ардақты.Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «кісілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан.Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік-адамның рухани арқауы. Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал- мәтелдерден байқауға болады. Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде Асыңа тойғызбасаң да, Ақ ниетіңе тойғыз.Су бермегенге, сүт бер, Ақ ниетіңді білсін. Адамгершілік болмай,Әділдік болмас Кең болсаң, кем болмайсың. Кішіпейілділік – кісінің көркі. Ақылың болса, арыңды сақта, Ар ұят керек әр уақытта.Ынсап, ұят, терең ой -Асыл зейнет ойлап қой.Өз қадірің-өз байлығың, Ары таза, нар жүгін көтереді. Адамгершіліктің негізі мінез – құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет- пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері еді. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ, қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл –сананың сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық экономикалық құндылықтары жатады .Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары-дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие-бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен. іс әрекетін анықтайды. Өйткені адамдардың өмір сүруінде сенімділік пен турашылдық айрықша маңызға ие. . Кісілігі мол адам деп қиналғанда, басыңызға қиын жағдай туғанда қасыңыздан табыла білетін, өзгелерден өзін жоғары санамайтын, үлкенмен де, кішімен де жақсы қарым-қатынас жасай алатын адамды айтамыз. Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді.Бұл тазалық белгісі.Тазалықтың екі жағы бар, бірі – тән тазалығы, екіншісі – жан тазалығы. Тән тазалығын былай қойғанда, жаны таза адам деп ешкімге жамандық ойламайтын, бөтен ойы жоқ, ниеті ақ, пейілі кең, әр нәрсеге адалдықтың көзімен қарайтын, қиянатсыз адамды танимыз. Бұл тазалықтың ар жағында мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жатқаны белгілі Қарапайымдылық. Қарапайымдылықтың белгісі адамның өзін өзгелерден артық ұстамау, бәрін бірдей тең дәрежеде көру екені мәлім.Ол мінезге бай, жүрегі кең, мейірімді, таза ойлы адам. Арлылық Ар-ұят адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Өлімнен ұят күшті» екенін терең түсінген адам қашан да өз ісіне жауап бере алады. Намысшыл, ары биік, ұятты жанды мінезді, жүректі, мейірімді, таза ойлы адам десеміз.Мейірімділік-адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болу үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен ден саулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс Яссауи ғұлама:«Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.»Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз ер-азаматтарын мейірімді болса екен деген ниетпен Мейірман, Мейіржан, Мейірбек деген аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баулыған. “Көпті жамандаған көмусіз қалады” деп, халқымыз мейірлі болу-өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды.Мейірімділік рәсімдері бата беру, байғазы бру, базарлық беру, көңіл сұрау, көңіл айту, жұбату т.б. жөн-жоралғылар арқылы іске асырылады. Ал мейірімділіктің іс жүзінде бір көрінісі-қайырымдылық Қайырымдылық-мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануар-ларға іс-жүзінде жақсылық жасау.Табиғатты қорғау, тал тігу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау, аңдарды аялау-қайырымдылықтың қалыптасқан халықтық үрдісі, оны орындай білу-парыз. Ол үшін әрбір адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға міндетті. Қазақ халқының меймандостық дәстүріндегі имандылық әдебі, меймандостық дәстүрінің кісілікке, адамгершілікке сену, оған құрметпен қарау, кісіліктің-адамгершіліктің тәрбиесінің көркем көрінісі, тәлімді тәжірибенің жемісі екендігін көрсетеді. XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж.Руми: «Адамның болмысы-ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар.Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады»–деген екен. Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі істері. Ізгілікке тән мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық , қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетінін айттық.Сол себепті бойымыздағы басты құндылықты жоғалтпай, тек дұрыс іс – әрекет жасап, сүйіспеншілік пен ақиқат жолында, адамгершілік пен ізгілік арқасында ішкі тыныштығымызды орната білуіміз шарт! Жастардың бойында ізгілік сезім қалыптастыруда гуманизм туралы көптеген әңгіме оқып немесе айта бергеннен гөрі мұғалім, тәрбиеші жалпы етесектер өзінің жеке басы өнегесі арқылы жастарға гуманистік қарым-қатынас көрсеткені орынды.Мәселен, қайырымдылық топтарының көптеген жұмыс түрлері, мектеп оқушыларының балалар бақшасындағы бүлдіршіндерге қамқорлығы, еңбекте, оқуда жолдастық көмек, мүгедектер, қарттар, балалар үйлеріне көмектің ролі зор.Ігілікті іс-әрекет,ниет,көмек –тікелей жүргізілген татымды тәрбие.Оның орны тым бөлек.Қазақтың тәрбиелеу ілімінде алтын әріппен жазлған қағида мынау: «Тәрбиенің пәрменділігі мектептің,жанұяның, әлеуметтік ортаның балаға,жалпы жасқа мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына байланысты.»Қамқорлық шанақты,пәс болса,тәрбие нәтижесіз,жұтаң не көлгір келеді. Фараби бабамыз: «…тәрбиелеу деген-іміз қамқорлық жасау»- десе ата бабамыз тәрбиелеуді –баулау –деген.Баулау-баптау,жәй-күйін келтіру.Жасөспірімдер биязы әдеп,жібек мінез игеретіндей,көкірек көзі ашыла-тындай олардың жәй-күйін келтіріп,қамқорлық жасап аяласаң аңбегің далаға кетпейді. Ізгілік педагогикасының ұлттық мәні осында жатыр.Иманипедагогика тұп тура осы заңдылыққа сүйенеді. «Жақсы ниет – ниет қана қарасаң, дұрысы оны іс қылуға жарасаң»деп Ж.Баласағұн атамыз айтқандай, әрине, ізгі жолда әрқашан дұрыс іс-әрекет жасау керек. Өзіңе, өзгеге қиянат жасамау, барша адамға сүйіспеншілікпен қарау керек. Сонда ғана өзіңді дамыта отырып, алға қарай ұмтыласың.Адамгершілік» термии сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латынша адамдық сөзі /moralis/– мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата – аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді. Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімділік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқын соғыс пен қуғын-сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақыратқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы. Белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктерін-ұлттық мінез дейміз. Мәселен, қазақтар өзінің «бас пайдасын ғана» ойламайды, онымен қатар ағайын-туыстарының, ел-жұртының да қамын ойлай жүреді. Бірінің басына қиындық, қайғы-қасірет түссе, оны барлығы бірлесе жұбатып, жәрдемдесіп, қайғысын көтеріседі. Ал, егер бірінің басына қуаныш келсе, оны да бірге тойлап, қуанышын бөліседі. «Ағайын – бір өліде, бір тіріде» деп, бір-біріне мал-жанымен, жылы сөзімен қарайласа жүреді. Алда-жалда, қазақтың қандай да бір азаматы ағайын-туысына қарайласпай, қарақан басының ғана қамымен оқшауланып кетсе, ондай адамды қазақ қоғамы қатты айыптайды. Қазақтың бұл мінезін:
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін!
Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін!
Бай болып, халқыңа пайдаң тимесе,
Батыр болып, жауыңа найзаң тимесе,
Жұрттан ала бөтен үйің күйсін! – деп Төле бидің атынан айтылған шумақтарынан-ақ анық аңғаруға болады. Өзінің ұзаққа созылған тарихындағы қалыптасу жолында қазақтар да өзге халықтар секілді қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық «кешендерді» бойына сіңіріп келді.Оның қатарында ұлттық мінездің көптеген нышандары-жауынгерлік мінез, кеңпейілділік,бауырмалдық, мейірімділік, жомарттық, қонақжайлылық, балажандық, сонымен қатар, батырларға тән ақкөңілдік пен аңқаулық, тағы басқа да көптеген жағымды қасиеттер бар. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиын-тығы.Ақыл мен мінезкісілікті парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория.Пейілге бай болу үшін мінезге, жүректегі ізгілікке, мейірім мен таза ойға да бай болу қажет. Адам бойындағы асыл қасиеттердің өзегінде мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жататыны сөзсіз.Адам баласының мінез құлқы- тәрбие мен тәлім арқылы,тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті,қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі. Мінездің мәні мен мағынасы кең ұғымды. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бейнесінің саралануына ықпалды.Бар болмысын,сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер шар-айна Қазақ ұғымында мінездің нышаны ататектен беріледі.Ататектен мінез нышандары берілетіндігін Фараби бабамыз: «адам жақсы мінез-құлыққа жетілгенге дейін оның өзінің табиғатына біткен әлеуметке сай келетін мүмкіндіктерді іске асыру қажет .»-десе,Абай атамыз; бала екі түрлі мінезбен туады деп санап та көрсеткен:ДжонЛокк(1632-1704)-тың«…олардың тумысынан болатын мінез-құлық қасиетін толық өзгертеміз деп есептемеуіміз керек,»- деген ескертуі тағы бар.Мінез-құлықтың даму,жетілуі, өзгеріп көркеюі тәрбие,үлгі өнеге байланысты екенін қазақ ойшылдары тым ерте пайымдаған. Жібек мінез,биязы әдепке баулудың теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, Шәкерім, Жүсіпбек т.б. еңбектерінде кеңінен қолдныс тапқан. Иманипедагогика осы ілмдерге сүйенеді.
Адамның қадір-қасиеті,көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды.Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру ләзім.Әбден қалыптасқан және өмір қалпына үйлесімділік тапқан мінез-құлық “адамның екінші табиғаты – әдетке” айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тірші ліктегі жөн-жосық, жол-жоралғы. Тұрмыстық қағидалы дағды.Үйреншікті тәртіп. Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері.Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні.Бұл тұрғыдан ұлттық деп атауға келерлік бірнеше мінез бітістеріне тоқталайық. Қазақ халқы сонау есте жоқ заманнан өзінің қадір – қасиеттерін қызғыштай қорғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып келген ел. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі.«…Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады»(М:Жұмабаев)«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ»(Ғ.Мүсірепов)«Ұлттың мақтанышы – жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде – кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза қаңғыбас» (Б,Момышұлы)
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі жағынан да жан – жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып,күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді,ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң – құс аулау, мал бағып күзету, жалаңдаған ұры-қары,тонаушыға тап болу-тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып саналды.Көшпелі қауым бірін-бірі жақсы білді, әр адамның қадір – қасиеті, оның жасына, жол – жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырған. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталаған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау – дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (стереотип) кең өріс алды. Әрине, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды.Мақсаткерлік -бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыш-тауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» депті орыс жазушысы И.С.Тургенев. «Адамдарды алдына қойған мақсатымен бағалау керек» деген белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай. Мақсаткер адам ылғи да жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілмеуүшін күреседі.Адам:– ақиқатты түсіне алғанда ғана;– жақсыға ұмтылғандағана;– Дұрыс әрекет жасағанда ғана;– Жүрегін Сүйіспеншілікке толтырғанда ғана байсалдылыққа қол жеткізеді.Қазақ баласы ас ішіп,аяқ босатып,кеш батса ұйықтап,таң атса мал соңына түсіп салпақтап мақсатсыз ғұмыр кешкен емес. Ол әуелі ата-баба өсиетін орындады,материалдық және рухани ұлан асыр байлық жинады, адамшылықтың асыл қасиеттерін бойынасіңірлі,.Осы байлықтарын ұрпағына ұлағаттап игертіп, аманаттап тапсырып отырды.Кең байтақ Отанын,туып өскен жерін жанқияр-лықпен қорғап,арын,рухын басқаға таптатпай асқақтатып артына,ұрпағына қалдырды.Осы батырлық,ерлік,жауынгерлік дәстүрі негізінде сан түрлі адами асыл қасиеттерді қалыптастырды.
Адалдық пен шыншылдық.Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан мінез бітістері. Адал адам – шынайы да шыншыл адам. Адалдық – сөздің таным мен сенімге ұштасуы оның іс әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық адамның азаматтық борышына, ар-ұжданына қалтық -сыздығы. Адал да шыншыл әділетті болу – еңбек пен білім алуға жалпы іс әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты тіршілікте тиянақты прнципті бөлу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерде әділет, кішіпейілділік, қайырымдылық та еріп жүреді, бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді.Жасында ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпілауыз сөйлейтін, қисынды-қисынсыз өтірікті беті шімірікпестен айта салатын адамның есейе келе тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа түгіл, өз отбасын да алдайтын екі жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес. Ар, намыс, ұят.Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.Ер жігітке өлімнен ұят күшті.Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы. Ақылың болса арыңды сақта:Ар-ұят керек әр уақытта.Ел намысы – ер намысы.Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы. Намыс-мінездің айбыны. Адами кие мен қасиетке шаң жуытпас, кір жұқтырмас қайсарлық. Абыройға дақ түсіртпес өжет-тілік.Адам құқы мен еркіндігінің оққағары, берік бақаны, тапжылмас тірегі. Шайпау, сумаң сөзге қытым. Кісілік құндылықтардың сақтық қоры. Өмір мәнділігінің өзегі.Өктемдіктен араша. Жосықсыз¬дыққа айбар, осалдыққа жігер. Адамгершілік соты, әрі айыптаушысы, әрі қорғау-шысы.Серттің семсері. Арсыздық тарамын қиып түсер алдаспан. Бір жағынан күйкі тіршілікке қорлану, озбырлыққа күйіну. Ездікке, ынжықтыққа қынжылу.Жігерсіздікке, босбелбеулікке, іске алғысыз-дыққа ызалану.Астамшылыққа, қол сұғанақ-тығына, әулекілікке ашыну.Мансапқорлыққа, жағымпаздыққа, жалтақтыққа шіміркену. Адамның еңсесін түсірер, абыр-ойын төгер, кісілігін кемітер жалалы әрекеттерге, қарау қылық¬тарға кешірімсіздік.Мұхаммед пайғамбар: “Ер жігіттің үш намысы бар. Бірі – иманы, екіншісі-Отаны, үшіншісі – отбасы” деп ар-ожданның руханияттылығын жоғары бағалаған7 Өлімнен ұят күшті.Мал сақтама, ар сақта.Малыңа сүйенбе,арыңа сүйен.«Жақсы жігіт ақыл-ына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» Опасызда ұят жоқ, Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)Маңайлама,ар-ұяттан безгенге,Мыңдап алғыс инабатты сез-генге.Пәле-жала жолын ұят кеседі,Ұятсыздық – ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер – Екі жалған бақытына бөленер.Ұят-жаман ойдың жүгені. (Ж. Баласағұни)Көп сөзден ұял-тек отыр.(Ш. Сүлеймен)Ұят-сыз адам иттен де жаман.(С. Сараи)Өлімнен ұят күшті.(«Орхон жазу ескерткіші»)Арсыз-адамның қоры. Бар бәледен ұят сақтайды.Барлық жақсы істің байламы да ұятта.Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам.(Ж.Баласағұни)Ұяты бармен – ұрыс, Ұятсызбен – ұстаспа. (М. Қашқари) Адамның жеке басы дегеніміз-оның кісілігі.Ал, кісілік дегеніміз-адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы-әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғұмыр кешу жолын осы әдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік адамның жеке құлқын жолға қояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады.Бұл тұрғыдан алғанда адамдардыңкоғамдық өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын қалайды. Ал, адамды жақсы ететін-әдеп.
«Ар – адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым – өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қасиет-тердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», – дейді. (А. Тоқсамбаева)Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар – ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шынмәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.«Ар, ұяттың анасы – әдептілік»халық даналығы Ұят, ар адам-ды әдепті, ізетті болуға жетелейді. Адам кейде өзінің бір оқыс қылықтарына, тұрпайылық көрсеткеніне, дұрыс істеме-геніне ұялады. Ұялудың өзі жақсы қасиет. Ал оны болдырмау одан да жақсы.Сыпайылықтың қазақы бір танымы, негізінен қыз-келіншектерге тән иба, ибалық. Кейбіреулер ойлағандай, бет моншағы төгілген ұяңдық, жасықтық, жалған ұялшақтық емес, өзін де, өзгені де қадірлей білер көргенділік.Ерен ұстамдылық, иманжүзділік, жылы лебіздік. шарапатты түсіністік, келеңсіздікті жатырқау.Ұлттық таза ғұрыптылықтың, әдептіліктің және көркем мінезділіктің ерекше үйлесімділігі.Ұят, ұяттық-арлы мінез. Адамның ойына, бойы-на, болмыс-ына лайықсыз, адамгершілікке жат, ар-ождан нормаларына сыйымсыз, әдеп тінін сөккен зымияндықтан бұрқанған, сыртқа теппей, ішкі жан-жүйе ұшынатын нәзік сезімнің күйзелісі. Ұлы ойшыл Абай ұятқа екі түрлі мән берген.“Надандық ұят,-деген ғұлама,-жас баланың сөз айтуға ұялатыны сияқты ақылы қысқа, өрісі тар, ойы таяз жанның ұялмайтын нәрсеге ұялуы. Шын ұят-абыройға, шариғатқа теріс,ақылға сыйымсыз сөлекет қылықтан ұялу.Бұл тек есті адамға тән қасиет. Ал біріншісі өзі істеген қатеден, нәпсіге еріп қылған қылығынан ұялу “Малым жанымның, жаным арымның садақасы” дейтін қазақтың Жасаған Ие құдіретіне сенімді, ата мекен, өмір жаннаты туған елін, жарық дүниеге әкеліп өсірген, қанаттандырған ұясын ту көтерер намысты халықтың атаулы ұранына меңзегендей. Абыз бабалардың: “Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы” деген өсиеті біздің заман адамдарына арналғандай. Тек маңызын түсіну абзал.Намыс бір сырлы, көп қырлы: жеке бастық намыс, құқықтық намыс, кәсіптік намыс, азаматтық намыс, ұлттық намыс. Аталуы әртүрлі болғанмен, бәрі адамдық қасиет пен мүдденің жыртысын жыртады, абырой мен беделді қорғайды. Бәрінің себебі мен нақтылы салдары, заңдамалығы мен рухтылығы бар.Намысты қорғау азаматтық парыз. Оны кіршіксіздендірмеу үшін арлана білу, арсыздықтан түңіліп жиіркене білу шарт. Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен – кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін,-деді Ұят.Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін – дейді Ар.Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі,досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, – дейді.Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді – бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен. Қазақ халқының әдеп-қалпы көшпенділер мәдениетінің, салт-дәстүрінің уақыт ілгері жылжыған сайын кезеңімен өзгерген, әр дәуірде, әр қоғамдық құрылымда өмір елегінде екшеліп, талғамына сай сұрыпталып, ұлттық сипатын сақтай отырып жетілдірілген мінез-құлықтың ақ адал үлгісі.Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі игіліктің, имандылықтың баршасы анадан, ана киесі мен қасиетінен бастау алып тарайтыны сияқты, рухани мінез әдептен, әдептіліктен өрбиді.Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Адамның есі кіргеннен, жастайынан даритын, ешкімнің ақыл-кеңесіне зәрусіз, жамандықтан ада табиғи қасиет. Мәдениеттіліктің, зиялылықтың, сыйластықтың, қадірлестіліктің шаршы төрі. Ең алдымен туған халқына, ұстанған дініне, ұлттық діліне құрмет. Кісіліктің көркі, этикалық нұсқасы, әсемдік өрнегі, адамның асқақ абыройы.КеңпейілділікЖаны жомарт, әрқашан адамдарға тек қана жақсылық ойлайтын, қайырымды адамды жақсы көрмейтін кім бар? Кеңпейілді адам кем болмайды.Сараңдық оған тән емес. Ол бар кезде де, жоқ кезде де әрқашан сізбен бірге.Пейілге бай болу үшін мінезге, жүректегі ізгілікке, мейірім мен таза ойға да бай болу қажет. Түптің түбінде адам бойындағы осынау асыл қасиеттердің өзегінде мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жататыны сөзсіз. Ендеше, адамды арлы да қарапайым, адамгершілік пен кеңпейілділікке бай ететін осы қасиеттер екенін бәріміз де сеземіз,игерсек деп талпынамыз. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы кісілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқы- тәрбие мен тәлім арқылы, тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрінісі болып табылады Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет – ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан – жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келіс-тірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Ал,Иманипедагогика осыған жетекшілік жасауы тиіс.
Адамның ақылы қалыптасқан кезден қандай да бір дін тазалығын ұстанып, сол ұстанымын сеніммен қарауы, келешегі үшін маңызды болмақ. Қазақ халқы әуел бастан-ақ қандай да бір дінге деген фанатикалық құлшыныс танытқан жоқ. Діни ұстаным халқымыз үшін тіршілік пен салт-дәстүріміздің құрамды бір бөлшегі, тәрбиеміздің құралы болып келді. Сондықтан Ы. Алтынсарин: «Ғылыммен қаруланған, дүниеге дұрыс көзқарасы бар адамдар діни фанатизмнің күлін көкке ұшырады», -деген. Дінді емес, діни фанатизмнің күлін көкке ұшырады. Сондықтан, діни сауаттылық үшін алдымен тәрбие мәдениетімізді қалыптас-тырып алуымыз қажет-ақ. Ол үшін Абай айтпақшы: «Адам болып туған соң, надан болмауымыз» шарт. Абай тағылымында надандықтың екі негізі бар. Бірі –сауаттсыздықтан туындайтын қараңғылық. Құдайға шүкір, бүгінде қазақ ол қараңғылықтан шықты.Екіншісі – халық айтатын: «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі, Тұрпайы мінез тағы жат –надандықтың белгісі» – мінездегі тұрпайылық. Яки, бұл надандық – Абайдың пікірінше, – адам баласын қор қылатын басты нәрсе. Өйткені, адам баласын қор қылатын қалған екі нәрсе-еріншектік те, зұлымдық та мінездегі қатыгездіктен туындаса керекті. Ізгілікке баулу қазақ ілімі иманипедагогика үшін мінездегі қатыгездікті жою үшін қажет болып отыр.
Қ.Қабдыразақұлы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718