Жемқорлықты қалай жеңуге болады?
Ахметова Гүлназ Арыстанбайқызы 7-сынып Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгер қаласы № 2 Ш. Уәлиханов атындағы жом
Жемқорлықты қалай жеңуге болады?
Жемқорлық – қазіргі таңда біздің қоғамызды жаулаған індет болып тұр. Әр елдің өзекті мәселесі де жемқорлық. Қаншама жылдан бері барлық адамның күші жетпей келе жатқаны да осы –жемқорлық.
Жас мемлекет болсақ та бұл індет бізді айналдырып өтпеді. Жемқорлық ол індет сияқты қанша жоямыз десек те ол күннен күнге өршіп бара жатқанын естиміз. Жемқорлықтың ішінде ең көп етек алғаны – парақорлық. Біз «Жемқорлыққа жол жоқ!» -дейміз. Бірақ, өзіміз осы жемқорлыққа өз үлесімізді қосып отырмыз. Қалай деп ойлайтын шығарсыздар? Өз білімімізге сенбей оқуға түсу кезінде, жұмысқа тұрған кезде таныс іздеп, ақша ұсынамыз. Міне осылай осы істің себепшісіміз.Бұл мәселені жоюға болады деп білемін. Адам баласы өзіне, алған біліміне сенсе оқуға да түсе алады, жұмысқа да орналаса алады деп білемін.
Біз, жастар елімізді жемқорлық жоқ елге айналдыруымыз керек. Ол үшін не істейміз? Адамдар жемқорлықпен мемлекет күресу керек деген ойда. Әрине,бұл ой қате деп ойлаймын себебі жемқорлық билік адамдары арасында ең көп таралған.Тіпті, осы мәселемен күресетін полиция жұмыскерлері күнделікті болмаса да , пара алатыны сөзсіз.Ол үшін жоғарғы жақтан, билік басында отырған азаматтарымыз үлгі болып, өзінің атқарып отырған ісіне әділ болса, өзінің жеке басының қамын емес, мемлекеттің ісін өзіне берілген аманат іс секілді қараса,парақорлық жойылар еді деп ойлаймын.Қазіргі таңда көріп жүргендей, қолында бар кезде , қонышынан басып қалатындар көбейіп барады.Мұнын барлығын осы жерден емес,осы жемқорлық,парақорлық немесе індет бұлардың түп тамырынан , ол қалай пайда болды,содан бастау керек.
Әрбір Қазақстандық, әр отбасы сыбайлай жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның әр азаматтың ісі екендігін түсіну қажет.Әрбір ата –ана өз баласын ерте жастан бастап мінез-құлқын сыбайлас жемқорлыққа,парақорлыққа қарсы тәрбиелейтін болса, осы кесеапатты жоюға мүмкіндік береді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718