“Заманауи мұғалім бейнесі”мақаласы

Трайкен Айдана Нұржанқызы
дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі
Қарағанды қаласы, « №92 гимназия» КММ

Аннотация:Болашақ мұғалім бейнесі,негізгі критерийлары мен балашаққа бағдары.

Болашақтың мұғалiмi қандай болуы керек? Проблемаларды шеше бiлетiн, iзденiмпаз, сын тұрғысынан ойлай алатын, iскер, шығармашыл, өз мамандығын жанындай сүйетін, өзгемен тіл табыса білетін, оқушы жүрегіне жол тапқан ұстаз ғана биік шыңдарға шыға алады деп ойлаймын.
Алайда, елiмiздегi бiлiм беру жүйесiнiң әлсiзденуi, педагог мамандардың кәсіби шеберлiгi мен бiлiк деңгейiнiң соншалықты төмендеуi салдарынан бiлiм деңгейіміз халықаралық стандартқа сай келмеуi- алаңдатушылық тудырып отыр.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, мінез деген қасиеттерімен озады», – деп ұлы ақын Абай айтқандай, әлемдік көшке ілесу, өркениетті мемлекеттермен тереземізді тең ететін де білім екені мәлім.
«Біз балалардың басына әр түрлі ештеңеге де қажет емес қоқысты үйіп-төгіп саламыз, кейін адам оны не істейтінің білмейді»,– деп К.Д. Ушинский айтпақшы, оқушыға өмірге қажет боларлық білім берілмеуі, заман өзгергенімен, алдымыздағы оқушымыз өзгеріп отырғанымен, оқытушы мұғалім өзгеріссіз қалуы-қоғамға өте қауіпті екендігі бәрімізге аян.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер », – деп Жүсіпбек Аймауытов өзінің көрегендігімен бір ғасыр бұрын айтып кетсе де,біз,ұстаздар қауымы дәстүрлі беріліп жүрген сабақтан әлі де арыла алмай келеміз. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінен ауытқымай, оқушының дұрыстап, орнымен нені, қашан, қай кезде, қалай айту керектігін белгіленген тәртіптен әрі өзгере алмай қатып қалған бір заңдылықпен өтіп келеді. Оқушылардың сыныптағы әңгімеге қатысуға кей кезде шектеу қойылады.
Жапондық зерттеуші ғалым Джон Дьюй:«Сынып бөлмесіндегі парталар қатарында орнаған әскери тәртіп пен арнайы рұқсат арқылы орындалатын қимыл- шәкірттердің еркіндігін тежеп,оның дамуына кедергі жасайды», –деп айтқан екен.[1.1] Ал, біз оқушыларымызды осылай қатарланған партада неше жыл ұстап келеміз. «Біз оқушылардың еркін өсуіне, қанат жаюына бөгет болып отырған жоқпыз ба?»,– деген ой мені мазалағандықтан, топтық жұмыс арқылы оқушылардың өзіндік идеясын қалыптастырып, өзара дербес қарым-қатынас жасай алатын, білімді толық меңгерулеріне мүмкіндік жасау керектігін жете түсіндім.
Жапондықтардың айтуы бойынша «Сабақ ағып жатқан өзенге ұқсайды»дегендей мұғалім сыныптағы жалғыз білім көзі ретінде емес, көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуына қолдау көрсетуі керек.[1.1]
Себебі, оқушылар құрбы- құрдастарымен диалогтік қарым-қатынаста өзара бірлесіп талдау арқылы білімді терең игеретіні туралы ағылшын ғалымы Мерсер дәлелдеп кеткендей оқушыларымыздың сыныптастарымен бірлесе отырып талдауы, күрделі тақырыптардың өзін меңгеріп кетуі-сабақтың нәтижесі болар еді.
Оқытуды тұрақты әрі айтарлықтай жақсартуға қалай қол жеткізуге болады?
Сабақты жақсы беру үшін болашақтың мұғалімі жоғары білік пен дағдылардың толық жиынтығына ие болуы тиіс. Мұғалім әр оқушының күшті және әлсіз жақтарын дәл бағалай алуға, оның білім алуына көмек көрсетуге лайықты педагогикалық әдістерді таңдай білуге және оқушымен қарым-қатынаста тиімді әрі мақсатқа лайық тәсілді қолдануға қабілетті болуы тиіс.[1.4]
Ғалымдардың айтуы бойынша жалпы халықаралық білім беру жүйесінде жақсы нәтижелерге жеткізетін төрт тәсіл іске асырылуда. Сол тиімді төрт тәсілдің негізгі айтар уәжі: ең озық білім жүйелерінде жас мұғалімдерді тек озық тәжірибелі мұғалім ғана тәрбиелей алатыны мойындалған. Ол үшін практикадан өтушілер тікелей тәжірибелі тәлімгер сыныбында үйренуі керек болған. Мектепте білім беріп жүрген мұғалімдер басқа мұғалімдерді үйрету үшін арнайы даярланған сарапшы мұғалімдер сабаққа қатысады, бақылайды, мұғаліммен ой бөліседі, жақсы, нәтижелі сабақ беру мүмкіндіктерін бірге отырып ойластырады, мұғалімдерге өз жұмыстарының жетістіктері тұрғысынан түсінулеріне көмектеседі екен.[1.5] Сол әлем мойындаған төрт тәсілді біз неге қолданбасқа?
Бұл жүйеде озат іс-тәжірибенің кең таралуына зор мән беріледі: «Өте жақсы америкалық мұғалім зейнетке шыққанда онымен бірге барлық сабақ жоспарлары мен ол жасаған әдістемелер де кетеді. Ал, жапондық мұғалім зейнетке кеткенде, ол өзінің бар мұрасын артына қалдырып кетеді ».[1.1]
Біздің де тәжірибелі талай ұстаздарымыздың жарты ғасыр бойы бойына сінген әдістерінен ой бөліспей талай құндылықтарымыздан айрылып қалып жатқанымыз – өкінішті. Сондықтан әрбір тәжірибелі ұстаз өз шеберлік сыныбын өткізіп, сан жылдар бойы жинаған іс-тәжірибесіндегі өзінің сабақ беру шеберлігін өзге жас мамандарға үйретіп кететін болса, тәжірибе алмасу арқылы оқу үдерісіне жаңалық енгізіп, табысты оқуға қол жеткізетінімізге сенімдімін.
«Үш қадам артқа шегін, бірақ мұғалімнің көлеңкесін баспа», –деп жапондықтардың балаларын тәрбиелеуі туралы оқығанда керемет тәрбие екен деген ойға қалдым. Менің түсінгенім- мұғалім мәртебесінің маңыздылығы, оның қоғамдағы мәртебесі мен барлық білім жүйелерінде мұғалім мамандығына деген қызығушылық өзара тығыз байланысты екендігіне көзім жетті. Мұғалім мамандығының жоғары мәртебеге ие болуының арқасында анағұрлым талантты, білікті адамдардың мұғалімдікке келуі, осы мұғалім мамандығының мәртебесінің одан бетер өсуіне алып келеді емес пе? [ 1.1.А.Құсайынов]
Ал, бізде мұғалім мамандығының мәртебесі төмен, сондықтан жоғарыда айтқанға қарама-қайшы үрдіс байқалады: мұғалім мамандығы мектеп бітіруші түлектерді аз қызықтырады, бұл мамандық мәртебесінің төмендеуіне алып келіп отыр.
Қaзіргі зaмaн тaлaбынa орaй біздің ұрпaқтaрымызды тәрбиелі, мәдениетті де, білімді етіп тәрбиелеп, олaрдың көзқaрaсын жоғaры деңгейде дaмытaмыз десек, бойындa ұлттық тәрбиесі, ұлттық нaмысы бaр ұрпaқ өсіргіміз келетін болсa, ондa білім берудің әдістері мен түрлерін өзгертуіміз керек емес пе?
Бүгінгі мaқсaт–әрбір оқушығa түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олaрдың жaн-жaқты дaмуынa қолaйлы мүмкіндік көрсету .
Бүгінгі ұстазға түрлі кедергілерге қaрaмaстaн мұғaлiмдepiмiзгe жaңaшa дeңгeйдe өзгepу қaжeттiлiгi туындaп отыp. « Өйткeнi әp уaқыттың өз мұғaлiмi болaды. Әp кeзeң өзiндiк тaлaптapын қояды. Үлкeн iздeнiстeн идeaл мұғaлiм пaйдa болaды. Cолaйшa қоғaм қaтaң тиicтi қacиeттepдi мeңгepгeн мұғaлiмдepдi тaңдaйды» Оcындaй зaмaн тaлaбынa caй болашақтың мұғaлiмі aтaну үшiн дeңгeйлiк оқыту бaғдapлaмacын оқып мeңгepу қaжeт дeп caнaймын.
Ceбeбi, бұл тәciлдiң eң бip тиiмдi тұcы оқушылapдың cол aлғaн бiлiмдepдi өмipдe қолдaнa aлуынa ықпaл eту болып тaбылaды. Бүгiнгi мeктeп пeн жaңa фоpмaция мұғaлiмнiң aлдындa тұpғaн нeгiзгi мәceлe бaлaны оқи бiлугe үйpeту, ойлaнa бiлугe үйpeту, өмip cүpугe қaбiлeттi, өзiн – өзi дaмытa aлaтын , өз ойын epкiн aйтa бiлeтiн, бiлiмдi , шығapмaшыл, қоғaм тaлaбынa caй өзiн көpceтe aлaтын тұлғaны қaлыптacтыpу. Ол үшiн жeтi модульдi caбaқ бapыcынa пaйдaлaну apқылы бiлiм бepудiң мaңыздылығы epeкшe дeп ойлaймын.
Болашақтың мұғалімі,ол ертеңгі елдің болашағы, сондықтан сыни тұрғыдан ойлай білетін, еркін сөйлей алатын, ынталы, өз-өзіне сенімді,өз пәнін жетік білетін,өз пәнін шексіз сүйетін, жеке тұлғаны қалай оқыту керектігін білетін маман болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.1.А.Құсайынов « Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру сапасы »
1.2.Қазақстан республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
1.3. І деңгей мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ.

Қатысушының өтініші

1 Автордың аты-жөні,жұмыс орны,
қала/аудан атауы Трайкен Айдана Нұржанқызы,
«№92 гимназия» КММ,Қарағанды қаласы,Қазыбек би ауданы
2 Лауазымы(ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы,мамандығы;студент,магистрант) Мұғалім(бакалавр)
3 Жұмыс орны «№92 гимназия»КММ
4 Байланыс телефоны 8-778-276-82-77
5 E-mail altai_2015@bk.ru
6 Мақаланың атауы Болашақтың мұғалімі
7 Бет саны 3

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *