Lesson study — зерттеу сабағы

Lesson study — зерттеу сабағы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігінен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын Қаласова Г.Д (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Әбдіғали А.Н. (орыс тілі пәні мұғалімі, бастауыш сынып әдіскері), Байманова С.Ж. (бастауыш сынып пәні мұғалімі), Издибаева Г.А. (бастауыш сынып пәні мұғалімі) мұғалімдерден сарапшы топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Негізгі және туынды зат есім» тақырыбы бойынша 3 – сыныбында өткізуді жоспарладық. Жалпы сыныпта 16 оқушы білім алады. Сынып жетекшісі жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Абеуова Қымбат Қойшыманқызы. Зерттеу барысында бекітілген сарапшылар әр пән сабақтарына кіріп, талдаулар жүргізді. Талдау барысында 3 – сынып оқушыларын зерттей отырып, сабақтағы әдіс- тәсілдер мен бағалауды меңгергенің, жекелей, жұптық, топтық жұмыс формаларында жұмыс жасай алатындығын бақыладық. Сонымен қатар, Әбеуова Қымбат Қойшыманқызы осы сыныбына «Негізгі және туынды зат есім» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа барлық оқушылар бір адамдай қатысып, өз деңгейлерін көрсетті. Ашық сабаққа мектеп ұжымының әріптестері қатысып , өз пікірлерін ортаға салды. Өзінің іс – тәжірибесін мұғалім әріптестеріне бөлісті.
Сараптай келе, сынып оқушыларының оқу мен оқыту іс – әрекетіне қорытынды жасалып, оң баға берілді. Мектебімізде жүргізілген кезекті Lesson Study үрдісінің тиімді екеніне тағы да бір мәрте көз жеткіздік.

Әбдіғали Ардақ Нұрсұлтанқызы
А.Нұрманов атындағы ЖББОМ
бастауыш сынып әдіскері
Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *