Ғарыш және біз

Тақырыбы: Ғарыш және біз

Мақсаты:  Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру,Еліміздің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мүсабаев жайлы әңгімелеу. Сурет бойынша әңгімелей отырып тілдік қорын жетілдіру.Ойлау, есте сақтау   қабілеттерін дамыту. Балаларды ептілікке,шыдамдылыққа,шығармашылыққа баулу.

Сөздік жұмыс: Космодром,скафандр т.б.

Көрнекілік: Ғарышкерлердің суреттері.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Билингвальды компонент: ғарыш – космос – space,(спейс) ғарышкер – космонавт – cosmonaut, (космоноцт) ғалам – мир – peace (пис)
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: балаларға ғарышкерлер туралы  тақпақтар жаттату.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Жылулық шеңбері.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға,солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Ұранымыз

Ұшамыз алға,Қапы қалма!

Ойымыз биікте,Жетеміз көкке!

(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
-Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.
-Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
-Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
-Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
-Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.
-Балалар аспаннан нелерді көруге болады?

Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
-Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.

Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан кезі.
1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.
Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
-Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой. Кәне, есімізге түсірейікші.

Космодром-зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы.

Скафандр-арнайы киім.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі

Кеткен жанды кім дейді

Шешуін табыңыздар.

(Ғарыш. Ғарышкер.)

 

Сергіту сәті.

Бір,екі,үш,

Қарлығаш боп ұш.

Төрт,бес,алты,

Қарлығаш боп қалқы,

Жеті,сегіз,тоғыз,он,

Қарлығаш боп қон.

 

Ойын: «Ұшты-ұшты»

«Ұшты-ұшты» зымыран ұшты.

«Ұшты-ұшты» қалам ұшты.

«Ұшты-ұшты» торғай ұшты.

«Ұшты-ұшты» кітап ұшты.

 

 

Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.
-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?
-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
-Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
-Неге арнайы киім киеді?
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Орындайды:
 Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы;
Түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді;
Қолданады: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатындығын, ғарышкерлердің арнайы дайындықтан өтетіндігін, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *