5 сыныпта “Судың маңызы” қысқа мерзімді жоспары

 

Мектеп: СҚО, Мамлют ауданы,  «Краснознаменное орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Режабова Жадра Нуралиевна

Күні:

СЫНЫП:  5

Сабақ 20

  Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Судың маңызы
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5.1.2.1 (Т2)-тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.5.1.3 (ТБ1) – сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне алады;

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтайды;

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолданады

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Әртүрлі жанрдағы мәтіндер
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Биология, орыс тілі
Алдыңғы оқу Судың маңызы
Сабақтың жоспары
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі 

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер  бойынша топқа  бөліну.

Оқушыларға стикерлер беріп екі топқа бөлу.

Әр оқушы қолына берілген стикерді  алып 

  топқа бөлінеді

 

 

 

 

 

Шарты: Мен қандаймын деген сұраққа 5 түрлі жауап айтады

Мысалы: Оқушымын, сүйкімдімін, адалмын, доспын, мәдениеттімін.

1-топ: сары

2-топ: жасыл

 

 

 

оқулық

 

Жаңа білім

15 минут

 

 

Жұптық жұмыс: 3-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақтар қой.

Судың қадірін жақсы біледі. Ол пошта таситын ұшақта қызмет істеген. Судың дәмі де, түсі де, иісі де жоқ. Біз сусыз өмір сүре алмаймыз. Біз суды үнемдеп қолданамыз.

ҚБ «Жұлдызшалар»

 

 

Тыңдалым. Топтық жұмыс: Мәтінді тыңда. Оқы. Жоспар құру.

Су – сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардың бірі. Судың физикалық қасиеті: түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.

Жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхит, теңіз, көл, жер асты сулары кіреді. Су бұлт, тұман, бу, жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге жауады.

Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адам, өсімдік пен жануарлар денесінің бір бөлігі судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43%-ын, ал оттегінің 50%-ын мұхит пен теңіздер береді.

Оқулық,

 

жұлдызшалар

Ортасы

10 минут

 

 

Жеке жұмыс: мәтінге сүйеніп ақпараттың дұрыстығын тексер.

Ақпарат Дұрыс Дұрыс емес
Су – сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы.    
Ол жұмсақ, сұйық және газ сияқты күйде болатын жалғыз минералдардың бірі.    
Судың физикалық қасиеті: түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық    
Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінбейді.    
Су қорларына – мұхит, теңіз, көл, жер асты сулары кіреді.    
Су жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге жауады    

 

Айтылым: «Сөйлемнің жартысы сенде» ойыны

Тақырып бойынша сөйлемдерді бір-біріне допты беріп ойнайды.

 

Оқулық, дәптер

доп

Сергіту сәті

1 минут

«Дене жаттығулары»

 

Аяқталуы

Сабақты бекіту

6 минут

Бағалау

 

3 минут

жұлдызшалар арқылы бағалау
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *