Түсті металдар. Алюминий, мыс, қорғасын

 

Топ: АТЖэ-17-02с Күні: 28.02.2019 Пән атауы: Металдар технологиясы
Тақырыбы: Түсті металдар.Алюминий, мыс, қорғасын
Сабақтың мақсаты: Ø  Білімділік: студенттерді түсті металдар, соның ішінде алюминий, мыс, қорғасынның қасиеттері, табиғатта кездесуі туралы ақпарат беру және олардың қолданылу салаларымен таныстыру.

Ø  Дамытушылық: ойын элементтерін, оқытудың жаңа технологияларын, суреттер мен бейнероликтерді пайдалана отырып, студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Ø  Тәрбиелік: студенттерді зеректілікке,  атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға,  ойын ашық айтуға, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Ø  тақырыптың ең маңызды ұғымдарын меңгереді.

Ø  сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімдерін жетілдіреді және жүйелейді.

Ø  топта жұмыс жасаулары  қалыптасады.

Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Химия, Физика, Машина жасау технологиясы, География, Еңбек қорғау, Ұлттық салт-дәстүр.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: «Өз орныңды тап», «Алтын сақа» сергіту ойыны, «Кім жылдам?», «Миға шабуыл», «Үздік қорғаушы», «Сымсыз байланыс» (сұрақ-жауап), «Олжалы көлік» рефлексия.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, суреттер, бейнеролик, машина бөлшектері, стикерлер, бағалау бетшесі.
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Оқытушының іс-әрекеті Студенттің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин 1.      Сәлемдесу

Ø  студенттерді түгендеу;

Ø  сабаққа даярлығын тексеру;

Ø  студенттер назарын сабаққа аудару.

2.      Топтарға бөлу: «Өз орныңды тап» әдісі арқылы топтарға бөліну.

3.      Әр топқа басшы тағайындалып, бағалау бетшесі беріледі.

4.      Психологиялық ахуал «Сазды әуен»

1.      Топ басшысы студенттердің сабаққа қатысын баяндап береді.

2.      Студенттер стикерлерді таңдау арқылы топ құрайды.

 

Үй тапсырмасын сұрау 7 мин «Кім жылдам» әдісі арқылы өтілген сабақтан сұрақтар қояды. Студенттер сұраққа жауап беру әдісі арқылы өзара топтық жарысқа түседі,

бағаланады.

Топ басшысы топтағы студенттердің тапсырма

орындауына байланысты бағалайды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру (меңгерту) 15 мин Ø  «Миға шабуыл». Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды және жаңа тақырыпты ашу үшін бейнеролик көрсетіледі.

Ø  Интерактивті тақтаға жаңа сабақ бойынша слайд көрсетіліп, мәтінмен таныстырылады.

Ø  Жаңа ұғымдармен терминологиялық сөздік жүргізіледі.

Ø  Студенттер бейнебаянды көріп тақырып бойынша ойларын түйеді.

Ø  Дәптермен, сөздікпен жұмыс атқарады.

Жаңа тақырыпты бекіту 10 мин Әр топқа өз тобының тақырыбын қорғауға тапсырма береді. Әр топтан «Топ үздігі» жаңа сабақ бойынша өз тақырыптарын қорғап шығады.

Топтар «Сымсыз байланыс» әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды.

Қорытындылау 5 мин Сабақ соңында «Олжалы көлік» арқылы кері байланыс алады.

 

Студенттер стикерге сабақтың өтілу деңгейі жайлы өз пікірлерін жазып, тақтадағы «Олжалы көлікке» жапсырады.

 

Бағалау 3 мин Ø  Студенттердің  үй жұмысын тексеру нәтижесі бойынша;

Ø  Жаңа тақырыпқа қатысып, орындау нәтижесі бойынша;

Ø  Бекіту сұрақтарына жауап беру нәтижесі бойынша;

Ортақ бағамен бағалау.

 

Топ басшысы бағалау бетшесіне қойылған ұпайлар қорытындысын шығарып, оқытушыға тапсырады.
Үйге тапсырма 2 мин СӨЖ «Алюминий»,

СӨЖ «Мыс»,

СӨЖ «Қорғасын».

Өзіндік жұмыс – студенттің жауапкершілігін, ізденісін арттырады, ғылыми деректер мен терминдерге ойларын,тілдерін дағдыландырады.
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Х.ӨЗБЕКҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

«Бекітілді»
Әдістемелік кеңес отырысында
директордың ОӘЖЖ орынбасары
_______________  Жұмабаева Л.К.
хаттама № ___
«___»  _____________        2019 ж.

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Түсті металдар. Алюминий, мыс, қорғасын.»

 

 

 

 

 

Топ: АТЖэ-17-02с

Арнайы пән оқытушысы: Бекібаева А.Қ

 

 

Ақтау 2019

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *