География лидері

Географиялық сайыс тақырыбы: «География лидері»
Сайыс мақсаты:
бұл сайысты өткізе отырып, оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіріп, нақты лидер тобын анықтау.
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, атлас, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.
Түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.
Барысы:
I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.
II. Ұйымдастыру.
1. 1 Қатысатын топтарды таныстыру
1. 2. Әділ – қазылар алқасын сайлау.
1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру
III. Қорытынды.
IV.Марапаттау.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
Бүгін біздің «География лидері» атты ойын сайысына қош келдіңіздер! Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік.
География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сиппаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған. Және,ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. XIX ғ. басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай географияның міндеттері де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелермен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай , олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар өздерінің географиялық құбылыстардың себептері мен Жер шарындағы материктер туралы білімін көрсетеді.
Бүгінгі ойын сайысқа 7-10 сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сынып беделін , сыныптың намысын қорғайды. 4 оқушыдан топ болып шығады.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ – қазылар құрамымен таныстырайын:

Мектеп директоры:
Оқу ісінің меңгерушісі: Досжанов Т.Р Жаратылыстану математикалық бірлестіктің мүшелері:

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар
1.Бәйге (сұрақ-жауап) 1 ұпай
2.Құрастыр (әріптерден сөз құрау) 1 сөзге 1ұпай
3″Ғажайып бестік”. Бұл шартта 5 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған.5 ұпай
4.Картамен жұмыс (географиялық координаталарды анықтау) 10 ұпай
5.Үш тұғырлы тіл (Жұмбақтардың жауабын тауып орыс, ағылшын тіліне аударады) 1 толық жауапқа 3 ұпай
6. Бейне таспаларға саяхат (дұрыс жауапқа 5 ұпай)

Мұғалім: ендеше бүгінгі сайысымызды бастаймыз. Қатысушыларға сәттілік тілейміз.
1-кезеңіміз таныстыру. Топтар өздерін таныстырады. (5 балл)
(Топтар қорғайды)
Мұғалім: екінші кезеңіміз «Тамаша төрттік» деп аталады. Топтар 2 әріптен таңдайды, таңдаған әріптер бойынша сұрақтарға жауап береді. Жауабы сол әріптерден ғана басталады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз!

1. Д.ж ең суы мол өзен –Амазанка
2. Жердің ауа қабаты-Атмосфера
3. Халқы жоқ материк – Антарктида
4. Еліміздің портты қаласы – Ақтау қаласы
5. Титаник кемесі батқан мұхит- Атлант
6. Кит тәріздес материк – Антрактида
7. Сырдария өзені құятын теңіз – Арал теңіз
8. Сарқан ауданындағы ең ұзын өзен- Лепсі
9. 1926 жылы ашылған алғашқы қорық- Ақсу- Жабағылы
10. Сеул қаласын корей тілінде аударғанда қандай мағына береді – Астана
11. Жер шарындағы тірі ағзалар таралған аймақ – Биосфера
12. ХV ғ глобусты жасаған неміс картографы – Бехайм
13. Еліміздегі ірі СЭС – Бұқтырма
14. Ауа райын зерттейтін ғылым- Метеорология. 15. Жер бетінің кішірейтілген жазықтықтағы шартты белгілермен кескінделген сызба- Карта

Мұғалім: : келесі кезеңіміз «Құрастыр» Бұл кезеңде тақтаға алфавит бойынша 25 әріп беріледі. Сол әріптерден география пәніне байланысты сөздер құрау.
а б в г ғ д е ж з и к л м н о ө ұ ү п р с т ш х я

3- кезең. “Ғажайып бестік”.Бұл шартта 5 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары оқушы бастайды. Дұрыс жауап 5 ұпай.

1-ұяшық.
Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз? Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.
2-ұяшық.
Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:
Солтүстік нүктесі – Мэрчисон
Оңтүсттік нүктесі – Марьято
Батыс нүктесі – Принц Уэльс
Шығыс нүктесі – Сент – Чарльз қай материк?Жауабы: Солтүстік Америка
3- ұяшық: Сәйкестендіру

Балқаш арал
Қорғалжын Канал
Гренландия Эра
Панама Көл
Кайназой Қорық

4- ұяшық: Төмендегі мемлекеттерді жер көлемі бойынша ретімен орналастыр
А) Қазақстан
Б) Бразилия
С) Аргентина
Д) Канада

5- ұяшық: Қазақстанның табиғатын, ресурстарын зерттеген ғалымдарды атаңыз! Жауабы: Ш.Уалиханов, Қ. Сәтбаев, Семенов Тянь-Шаньский

4- кезең « Географиялық координаталарды анықтау»
1 топ.
Географиялық ендік Геогафиялық бойлық Объектілер
52º с.е. 0 º б.б Лондон қ.
34 º о.е. 150º ш.б. Сидней қ.
51 º с.е 71 º ш.б. Алматы қ.

2 топ.
Географиялық ендік Геогафиялық бойлық Объектілер
56º с.е. 37 º ш.б Мәскеу қ.
28 º о.е. 77º ш.б. Дели қ.
40 с.е. 75 º б.б. Нью-Йорк қ.
Келесі кезең: Үш тұғырлы тіл (Жұмбақтардың жауабын тауып орыс, ағылшын тіліне аударады)
Ешбір тірексіз күмбез,
Жылт-жылт еткен,
Ешбір сүйексіз күмбез.
Жылғадан өткен.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
(су, вода, water)
Ешкім төңкере алмайтын күмбез.
(Аспан, небо, the sky)
Тұрғыны жоқ елдер,
үйі жоқ қалалар
Ағашы жоқ ормандар,
суы жоқ теңіздер
(карта, карта, map)
Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады.
(кітап, книга, book)
«Параллель» тобы Көтеріліп теңізден,
Ол келсе орман шулайды,
Аспанға биік барамын.
Толқын теңіз тулайды.
Биіктен қайта түскенде,
Қуса өзін қуады,
Өңі кірер даланың.
Ешкім оны қумайды.
(жаңбыр, дождь, rain)
( жел, ветер,wind)
Ай үстінде асыл тас,
Алайын десем табылмас.
(жұлдыз, звезда, star)
Қолы да жоқ, көзі жоқ,
сурет салар өзі кеп
(аяз, мороз, frost)
Қорытынды: Әділқазылар шешімін тыңдау, топтардың жинаған ұпайларын анықтап, тиесілі жүлделерін беру.
Марапаттау: І- орын ———————————————————————-
ІІ- орын ———————————————————————–
ІІІ-орын ———————————————————————–

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *