Ы.Алтынсарин “Қыпшақ Сейтқұл”
Сабақтың тақырыбы:
Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
Мұғалімнің аты-жөні: Бекенова С.К.
Күні: 29.11.2017ж.
СЫНЫП: 5
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: кейіпкерлер бейнесін, маңыздылығын біледі.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: мәтінді замана тұрғысынан түсінеді.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тіл
Алдыңғы оқу Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» мазмұны
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.
Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлу.
«Мозайка» әдісі арқылы. Төменде берілген сурет қиындылары
Топ басшысын сайлау.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну Ө-өздік жұмыс
«Алтын балыққа арналған аквариум»
Балалар біз бүгін «Алтын балыққа арналған аквариум»
ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қармағына балық түссе сол балықты алу үшін менің сұрағыма жауап береді?
1.Қыпшақ Сейітқұл елі үшін қандай ой ойлады ?
Отыз үй кедейді қалайынша байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды.
2. Елді байыту үшін қайда барды?
Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай терісіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады.
3. Оған ерген халық қандай кәсіппен айналыса бастады?
Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті.
4. Егіннен шыққан өнімнің артығын қайда апарады?
Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті.
5. Сейітқұл бастаған елге басқалар не себепті қосылды?
Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, артығын айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп әрбір көшпелі елдегі жарлы -жақыбайлар да келіп, Сеітқұлға қосылып, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды.
6. Сейітқұл жұрт ағасы болы, алайда неге уайымға қалды?
Жұртының адал бейнет, маңдай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладғы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды.Сейітқұл жұртын жиып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына бақташы, қару-жарақты қарауыл жүргізді. Көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, әртүрлі тауар алдырып, бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай болды.
7. Сейітқұлдың ағасы бай блу үшін не істеді?
Жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен, ағасының қанша айтқанына болмай, үш-төрт үймен көшпей ескі орны Түркістан жағында қалды.
8.Соңында тағдыры қалай аяқталды?
Ағасы жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қоңырат жағында қолға түсіп, кім екені белгісіз , біреу өлтіріп кетіпті. Жамағаттарын Сейітқұл көп жылдар іздетіп, таптырып, қасына алыпты- мыс.
9. Ы.Алтынсариннің тағы қандай әңгімелерін білесің?
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
6 минут
Қолдану. І топ.Т-топтық жұмыс. жұмыс.
5-тапсырма. Әңгіме мазмұнына байланысты өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Кейіпкер Іс-әрекеті Біздің пікіріміз
Сейітқұл Халықты егін егуге үйретті, еңбекке баулыды Сейітқұл еңбекқор, еңбекпен тапқан нан адал болатынын түсіндік
Ағасы Барымта, ұрлық жасап бай болғысы келді Өмірде ұрлықтың арты қорлық екенін ұмытпау керек
Кері байланыс. (Шапалақтау арқылы) Топтық бағалау. Мұғалім пікірі.
ІІ топ. «Бес жолды өлең»Ж-жұптықжұмыс
1. Зат есім.
2. Сын есім.
3. Етістік.
4. Тақырыпқа байланысты төрт сөз.
5. Синоним.
1. Ыбырай.
2. Қайраткер, ұлтжанды.
3. Педагог болды, мектеп ашты, әңгіме жазды
4. Халқына жарық сәуле болды
5. Жазушы
1.Сейітқұл
2. Еңбекқор, қамқор
3. Жер жыртты, егін екті, сауда жасады
4. Кедейлерге пана адам болды
5. Жұрт ағасы
Кері байланыс. Топтық бағалау. (Бас бармақ арқылы)
Мұғалім пікірі.
ІІІ топ.«Көршіңмен бөліс»Ж-жұптық жұмыс.
Жұптар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
1.Автор әңгіме арқылы не айтқысы келді?
2.Егер сен сол заманда Сейітқұлдың орнында болсаң не істер едің?
3.Сейітқұл мен ағасының айырмашылығы неде?
4.Осы әңгімеден алған тәрбиеңді қашан қолдана аласың?
Кері байланыс. (Шапалақтау арқылы) Мұғалім пікірі Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Сергіту сәті
2 минут би билеу
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
7 минут
1 минут
1минут
3 минут
Үй жұмысы
1 минут
Т-топтық жұмыс
«ПОПС» формуласы
«Менің ойымша, бұл…»(әңгімеден еңбектің арқасында бәрін де жеңуге болатынын және өз пайданды ғана ойламау керек екенін білдім).
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім…» ( Сейітқұл отыз үйлі кедейге қамқор болды және еңбектің арқасында байыды).
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын…» (Қолына кетпен алып, отыз үйлі кедеймен егін екті, артылғаны болса малға айырбас жасады).
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…» (Мен де Сейітқұл ата сияқты еңбек етіп оқып, еңбек етіп адамдарға жақсылық жасағым келеді).
(Қаламсаптарын жинап алып, ішінен таңдап алып , иесінен сұраймын).
Кері байланыс. (Шапалақтау арқылы). Мұғалім пікірі
Жинақтау. Шеңбер бойымен әңгімелеу» Бұл үшін оқушыларға қағазды алдарына қоямын, өздері бірінен соң бірі Қыпшақ Сейітқұл әңгімесінен алған тәлімін жазады.
Сұрақ- Қазіргі таңдаҚыпшақ Сейітқұлдың жолын жалғастырушылар бар ма?
Ән «Қабырға»
Кейіпкерге хат жазу
Бағалау
3 минут
Кері байланыс
Рефлексия
. Кері байланыс
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілетіжоғары
оқушыларғатапсырманы
күрделендірудіқалай
жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың
үйренгенінтексеруді
қалайжоспарлайсыз? Пəнаралықбайланыс
Қауіпсіздікжəнееңбекті
қорғауережелері
АКТ-менбайланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайыма?
Бүгіноқушылар
не білді?
Сыныптағыахуал
қандайболды?
Мен жоспарлаған
саралаушаралары
тиімдіболдыма?
Мен берілген
уақытішінде
үлгердімбе? Мен
өзжоспарыма
қандайтүзетулер
енгіздімжəне
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетінсұрақтарғажауапберіңіз.
Қорытындыбағамдау
Қандайекінəрсетабыстыболды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандайекінəрсесабақтыжақсартаалды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақбарысында мен сыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымды
жетілдіругекөмектесетінне білдім?
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718