Электродинамика есептер жинағы

1. Квадрат тӛбелерінде бірдей +2*10-7Кл оң зарядтар орналасқан. Квадраттың центріне теріс заряд орналастырған. Зарядтар жҥйесі тепе-теңдік қалпын сақтау ҥшін оның шамасы қандай болуы қажет?
a) 19,2*10-7 Кл.
b) 1,92*10-7 Кл.
c) 1,92*10-9 Кл.
d) 12,3*10-9Кл
e) 12,3*10-7Кл
2. Екі q1=1 нКл және q2=-2нКл нҥктелік электр зарядтары ауада бір-бірінен d=10 ара қашықтықта орналасқан. q1 зарядтан r1 = 9 см және q2 зарядтан r2 = 7 см қашықтықта орналасқан А нҥктесіндегі осы зарядтар тудырған ӛрістің Е кернеулігі мен потенциалын анықтаңыздар.
a) Е = 0,358 В/м; φ = – 157 В.
b) Е = 35,8 кВ/м; φ = 157 В.
c) Е = 358 кВ/м; φ = – 157 В.
d) Е = 3,58 В/м; φ = 157 В.
e) Е = 3,58 кВ/м; φ = – 157 В.
3. Зарядының беттік тығыздығы σ =0,2 нКл/см2 тең бірқалыпты зарядталған радиусы R=10-2 тең тҥзу шексіз цилиндр тудырған өрісте q=25 нКл нүктелік заряды орналасқан. Егер заряд цилиндр ӛсінен r=10-1 м қашықтықта орналасқан болса, онда зарядқа әсер ететін F күшті анықтыңыздар.
a) F = 565 нН
b) F = 748 кН
c) F = 565 мкН
d) F = 748 мкН
e) F = 565 Н
4. Жазық ауа конденсаторы жалпы ауданы 100 см2 тең, бір-бірінен 4 мм қашықтықта орналасқан екі пластинадан тұрады. Конденсатор 200 В батареямен зарядталып, кейін одан ажыратылған. Астарлар арасындағы қашықтықты екі есеге арттыру үшін қандай жұмыс істелінуі қажет? Есепті конденсатор батареядан ажыратылмаған жағдай үшін де шығару қажет.
a) А = 2,36*10-6 Дж; А1 = 1,106*10-7 Дж.
b) А = 4,42*10-6 Дж; А1 = 1,106*10-7 Дж.
c) А = 2,36*10-9 Дж; А1 = 1,106*10-7 Дж.
d) А = 4,42*10-7 Дж; А1 = 1,106*10-7 Дж.
e) А = 2,36*10-7 Дж; А1 = 1,106*10-7 Дж.
5. Сыйымдылығы С1=3 мкФ тең конденсатор U=40 В потенциалдар айырмасына дейін зарядталған. Ток көзінен ажыратылған конденсаторды сыйымдылығы С2 = 5 мкФ тең зарядталмаған басқа конденсаторға пралллель жалғаған. Екінші конденсаторды жалғау мезетінде пайда болған ұшқынға қанша W энергия шығындалған?
a) W=15 мДж.
b) W=1,5 кДж.
c) W=15 кДж.
d) W=0,15 мДж.
e) W=1,5 мДж.
6. Жазық ауа конденсаторының электрлік сыйымдылығы С = 1нФ, ал астарларының ара қашықтығы 4 мм тең. Конденсатор астарларының арасына орналстырылған q = 4,9 нКл зарядқа F=98 мкН күш әсер етеді. Астардың ауданы 100 см2 тең. Табу керек: астарлар арасындағы өріс кернеулігі мен потенциалдар айырмасын, конденсатор өрісінің энергиясы мен энергияның көлемдік тығыздығын.
a) Е = 20 кВ/м; U = 80 В; Wэ = 70,8 нДж; wэ = 1,7710-3 Дж/м3.
b) Е = 2 кВ/м; U = 8 В; Wэ = 7,08 нДж; wэ = 1,7710-2 Дж/м3.
c) Е = 20 кВ/м; U = 800 В; Wэ = 708 Дж; wэ = 1,7710-3 Дж/м3.
d) Е = 20 В/м; U = 80 кВ; Wэ = 70,8 нДж; wэ = 1,7710-5 Дж/м3.
e) Е = 200 кВ/м; U = 8 МВ; Wэ = 70,8 нДж; wэ = 1,7710-2 Дж/м3
7. Жиілігі 4 Гц жүктің тербеліс периоды
А) 0,5с
В) 2с
С) 0,75с
Д) 0,25с
Е) 4с
8. Ұзындығы 30м-ге тең радиотолқынның ауада таралу жылдамдығы 3*108 м/с. Толқынның жиілігі
А) 10-7Гц
В) 9*10-9Гц
С) 107Гц
Д) 33*108Гц
Е) 9*109Гц
9. Дыбыс толқыны бір ортадан екінші ортаға өркенде оның тоқын ұзындығы 2 есе артады. Осы кездегі дыбыс тоны
А) 4 есе артады
В) 2 есе артады
С) 2 ес кемиді
Д) 4 есе кемиді
Е) өзгермейді
10. Серіппеге ілінген жүк х = 0.15sin785t қозғалыс теңдеуімен тербеледі. Жүктің тербеліс жиілігі
А) 125Гц
В) 150Гц
С) 500Гц
Д) 250Гц
Е) 255 Гц
11. Математикалық маятник х=0,25cos1884t өозғалыс заңымен тербеледі. Маятник тербелісінің жиілігі
А) 300Гц
В) 785Гц
С) 188,4Гц
Д) 78,5Гц
Е) 240Гц
12. Катушка индуктивтілігін 4 есе арттырып, кондесатордың электр сыйымдылығын 2 есе кемітсе, тербелмелі контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі
А) 2 есе артады
В) 2 есе кемиді
С) 4 есе артады
Д) √2 артады
Е) √2 кемиді
13. Серіппеге ілінген массасы 2 кг дененің тепе-теңдік қалыптан ең үлкен ауытқуы 0,05м. Дене 40с-та 10 рет тербелсе, оның толық энергиясы
А) ≈62*10-3Дж
В) ≈36*10-4 Дж
С) ≈62*10-4 Дж
Д) ≈36*10-2 Дж
Е) ≈62*10-2 Дж
14. Ұзындығы 2,45м математикалық маятник 60 с-та жасайтын тербеліс саны (g = 9,8м/с2)
А) 190
В) 46
С) 2
Д) 38
Е) 19
15. Қатаңдығы 980 Н/м серіппеге ілінген жүк 4с ішінде 10 тербеліс жасайды. Тепе-теңдік қалпынан ең үлкен ығысуы 0,05 м болғандағы тербелістің толық энергиясы мен жүктің массасы
А) ≈1,2 Дж, ≈ 4 кг
В) ≈5 Дж, ≈ 1 кг
С) ≈2,2 Дж, ≈ 2 кг
Д) ≈1,2 Дж, ≈ 3,2 кг
Е) ≈3 Дж, ≈ 0,5 кг
16. Индукциясы 2 Тл магнит өрісінде 10 м/с жылдамдықпен қозғалатын, ұзындығы 10 м өткізгіште өнетін индукцияның ЭҚК-і ( Магнит индукциясы векторы өткізгішке перпендикуляр)
A) 0 В
B) 100 В
C) 0,2 В
Д) 200 В
Е) 2,5 В
17. Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зараядталған бөлшекке әсер етуші күш?
A) Гравитациялық
B) Ампер күші
C) Лоренц күші
Д) Кулон күші
Е) Архимед күші
18. Өзінің магнит өрісі арқылы индукциялық ток
A) электр зарядына әсер етеді
B) элементар бөлшектерді үдетеді
C) электр өрісін туғызады
Д) өзін туғызатын магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер етеді
Е) магнит ағынын арттырады
19. Магнит индукциясы векторы заряд жылдамдығының бағытына перпендикуляр.Магнит өрісінің индукциясы векторын және зарядталған бөлшектің жылдамдығын 2 есе ұлғайтқанда магнит өрісінің зарядталған бөлшекке әсер ету күші.
A) өзгермейді
B) 2 есе артады
C) 4 есе артады
Д) 4 есе азаяды
Е) 2 есе азаяды
20. Магнит өрісі- құйынды өріс.Құйынды өріс дегеніміз
A) күш сызықтары параллель өрістер
B) күш сызықтар перпендикуляр өрістер
C) күш сызықтарының қайңар көзі бар өрістер
Д) күш сызықтары тұйық өрістер
Е) күш сызықтары оң зарядтардан басталып, теріс зарядтармен аяқталатын өрістер
21. Кедергісі R = 20 Ом тең өткізгіштегі ток күші сызықтық заңы бойынша 2 с ішінде I0 =0 ден I =6 А дейін өседі. Осы өткізгіште алғашқы бір және екі секунд уақыт ішінде бөлінген Q1 және Q2 жылу мөлшерлерін анықтаңыздар және Q2 / Q1 қатынасын табыңыздар.
a) Q1 = 6 Дж; Q2 = 420 Дж; Q2 / Q1 = 70.
b) Q1 = 60 Дж; Q2 = 420 Дж; Q2 / Q1 = 7.
c) Q1 = 600 Дж; Q2 = 420 кДж; Q2 / Q1 = 700.
d) Q1 = 60 Дж; Q2 = 540 Дж; Q2 / Q1 = 9.
e) Q1 = 6 Дж; Q2 = 5400 Дж; Q2 / Q1 = 900.
22. Қабырғалары а=10см тең квадрат түрінде иілген өткізгіштің бойымен I =100А ток күші өтіп жатыр. Квадрат диагональдарының қиылысу нүктесіндегі В магнит индукциясын табыңдар.
a) 113 мТл.
b) 2,26 кТл.
c) 22,6 мТл.
d) 1,13 кТл.
e) 1,13 мТл.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *