Қазақстан Ресей империясының құрамында
БІЛІМ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Талдықорған политехникалық колледжі
ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
№2«Әлеуметтік– жаратылыстану пәндер» ЦӘК төрайымы _________ Г.Ж. Саңқайбаева
|
КЕЛІСІЛДІ
Колледж әдіскері _______С.О.Карибаева
«_____»________2018ж.
|
БЕКІТЕМІН
Колледж директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары______М.Б.Бижигитов
«_____»____________2018ж.
|
Қазақстан Ресей империясының құрамында |
/Ашық сабақ/
Тарих пәнінің оқытушысы: Ж.А.Байтогаева
Талдықорған, 2018 жыл
Пән: Қазақстан тарихы.
Ашық сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ресей империясының құрамында
Топ:Г-811 б
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік,Рефлексия,дәріс,сұрақ – жауап,сын тұрғысынан ойлау,деңгейлеп оқыту технологиясы,сәйкестердіру, жалғасын тап,интерьвю әдісі,инцерт карта.
Сабақтың мақсаты | Білімділік: |
Қазақстан аумағындағы жүздердің Ресей қарамағына кіру
алғышарттары мен себептерін түсіндіріп, қазақ –жоңғар соғыстарының салдары, Әбілхайыр хан мен Абылай ханның ел бірлігіндегі қосқан үлесі туралы түсінік беру. |
|
Дамытушылық: | |
Студенттердің өткен сабақтардан алған білімдерін
пайдалана отырып, жаңа материалмен байланыстыру арқылы ойлау қабілетін, өскелең ұрпақтың ата тарихын терең оқып тануға деген қажеттіліктерін арттыру, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру, қорытынды шығару машықтарын дамыту; |
|
Тәрбиелік: | |
Тарих тағылымынан сабақ алып, өз болашағына батыл қадам
жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттеріне құрметпен қарайтын, елін, туған жерін сүйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу |
|
· Сабақтың міндеті: Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын еске түсіру;
· ХҮІІІғғ. тарихи тұлғаларды тану; · Қазақ жүздерінің Ресей қарамағына ену кезіндегі басты оқиғаларды білу; · Тарихи тұжырым, қорытындыға келу.
|
|
Ойлау деңгейі | · Қолдану,талдау,жинақтау,түсіну, бағалау |
Тілдік мақсаттар | Тыңдалым: Абылай хан,Әбілхайыр,Моңғол шапқыншылығы /тақырыпта бейне ролик көреді/
Оқылым : Қазақстан Ресей империясының құрамында оқулықтан оқиды. Айтылым: Оқулықтан оқып түсінгендерін айтады. Жазылым: Кестемен және картамен жұмысты орындайды.
|
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны басшылыққа ала отырып қалыптастыратын құндылықтар:
· Патриотизм мен ерлік, · Достық пен бірлік,татулық, · Адамгершілік ұстанымдар, · Адам еңбегіне құрмет. |
Пән аралық байланыс | георграфия,әдебиет,музыка т.б |
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Көрнекті құралдар:Қосымша деректер, оқулық, карта,кескін карта,слайд,микрофон,тұлғалардың суреттері,смайликтер,маркер,шар,плакат,ту.
Б. Негізгі әдебиеттер:Тұрлығұл. Т.Т. Қазақстан тарихы.Жолдасбаев.С. Қазақстан тарихы.Қазақстан тарихы 2- бөлім, К.С.Мусабеков
Сабақты жүргізу кезеңдері
|
|||||||||
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу,түгендеу «Сәттілік» әдісі арқылы психологиялық ахуал тудыру.Оқушылар бір-біріне сабақ барысына сәттілік тілеп қол шапалақтайды. 3 топқа бөлініп отырады. Топ басшыларының алдында бағалау парағына оқушыларды бағалап отырады. 1- топ.Жалын /ұраны/ Көк бөрідей жүректі қайраттымыз,жігерліде білімді айбаттымыз. 2-топ. Сұңқар /ұраны/ Сұңқардай қалықтаймыз,ізденуден жалықпаймыз. 3-топ .Тұлпар /ұраны/Білім алып бүгін алтын ұяда,ертең әлі шарықтаймыз қияда/10мин/ |
|||||||||
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
|
|||||||||
Өткен сабақта Қазақ халқының рухани мәдениті және Дін және наным сенімдер тақырыбын өттік есімізге түсіріп жіберейік. | |||||||||
Сәйкестендір. Сурет бойынша қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің айырмашылығын айтады./киіз үй,ұлттық киім,әшекей бұйым,салт- дәстүр,дін/
2–мин мадақтау Ой толғау. 1.Мәдениет дегеніміз не? Адам ой санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды айтамыз. 2. Материалдық мәдениет Материалдық мәденетке не жатады? Түрлі замандағы киім-кешек,ұлттық тағам,егіншілік, баспана киіз үй қыстық,үй жихаздары,мал шаруашылығы Рухани мәдениетке не жатады. Салт-дәстүр,діни наным сенім,жыр дастандар,ауыз әдебиеті,ертегілер.2 мин n Киіз үйдің түрлерін ата? n Алтын орда – 30 қанаттан тұрады,ханның мәжіліс үйі n Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. n Ақ шаңқан -18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер, n Ақ ала орда – сегіз қанатты, дәулетті бай үйі. n Ақ үй- 6 қанатты дәулетті адамдар үйі. n Боз үй, қоңыр үй -4-5 қанатты орташалар тұратын киіз үй. n Қараша үй- кедей үйі n Отау –жас жұбайлар үйі.
4 Халық ауыз әдебиетіне не жатады? Халық арасында тараған қазақ ертегілер,лиро-эпостық жырлар,батырлар жыры . 5. ХІҮ-ХҮ ғасырларда салынған сәулет ескерткіштерін атаңыз?арыстан баб,Қожа Ахмет Иассауи Көккесене,Алаша,Дәуітбек,Тектұрмыс. 6.Сал дәстүр дегеніміз не? Әр ұлттық халықтыңдіні сенімі тұрмыс тіршілігіне өмірдің өзі туғызған жиынтығын айтамыз. 7.Салт-дәстүр түрлері?/шарана шайқау,кіндік шеше,қыз айттыру,құрық бауыр,сәлем салу,жарыс қазан./қыз алып қашу,неке қияр.
n Жамандықтан ұяла білген, жақсылықты ұға біледі
n Ата мұраң-асыл қазынаң
n Салт-дәстүрін ел бұзбас, уәде-сертін ер бұзбас
n Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы
Сақина салмақ ойыны. 1.Дін дегенді қалай түсінесің?Адам баласының жаратушыға айнала, қоршаған ортаға сенімі.Дін адамдар арасындағы бірлік пен ынтымақтастыққа ерекше мән береді.Имандылыққа жетелейді. 4. Анемизм дегеніміз не? Заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин. n n Балаға ат қою n Бесікке салу n Қырқынан шығару n Сүндетке отырғызу n Атқа мінгізу Орнын тап.
Күлпара – жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі әйел Сәукеле –қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі қыз Қамқа тон – бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон. ер Саптама– іші кигізбен қапталып тігілген ер адамдардың аяқ киімі ер Жақы – жылқы терісіне тігілген ерлер киімі. ер Шекпен- түйе жүнінен тоқылған жаздық сыртқы киім. Шекепеннен су да, жел де өтпейді. ер 5 /мин/ Сергіту сәті. / 2 мин / |
|||||||||
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау. Қазақстан Ресей империясы құрамында Жоспары Қазақ- жоңғар шапқыншылықтары Әбілхайыр кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына кіруі Қазақстан жерлерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі Мақсаты: Қазақстан аумағындағы жүздердің Ресей қарамағына кіру алғышарттары мен себептерін түсіндіріп, қазақ –жоңғар соғыстарының салдары, Әбілхайыр хан мен Абылай ханның ел бірлігіндегі қосқан үлесі туралы түсінік беру. |
|||||||||
Мұғалім.Кіріспе сөзі | |||||||||
Тапсырма постер қорғау 30 мин 1-топ.Жалын. Қазақ жоңғар шапқыншылығы. /бейнеролик/ 2-топ.Сұңқар. Әліхайыр хан 3-топ Тұлпар.Абылай хан.
2 тапсырма. Инцерт карта әдісі. Екі жақты күнделік / шарты: Қазақ жерінің Ресейге қосылуының тиімді, тиімсіз жақтарын ажырату/- 5 мин
Картамен жұмыс жұздердің аумағын көрсету.3 мин 3 тапсырма. Интервью әдісі ««Иә» ма, «Жоқ» па» ойыны 7 мин Кел, баршамыз жиналып, Иә ма, жоқ па ойналық Мен бастайын ойынды Түрлі сауал қоюды Сұрақ қойған кезімде Сен «иә» де, не «жоқ» де Қалмау үшін жаңылып Сұрағымның мәнін ұқ!
1.Жоңғарлар қазақ жеріне 7 бағытта 700мың әскермен кіргенбе ?/ия/ 2. 1723-1727жж қайғылы көріністі Қожаберген жырау «Елім-ай» әнінің қайғылы әуенімен жырлайды. /Ия/ 3.Цинь императоры Кансидің өлімінен кейін жоңғар қонтайшысы Қалдан-Церен қазақтарға шабуылды күшейтті /ия/ 4.1722-1725 ж ақтабан шұбырынды атты қазақ жоңғар соғысы өтті /жоқ / 5.Әбілхайырдың Ресей құрамына кірудің мақсаты Ресеймен сенімді байланыс орнатып ойраттарға қарсы тұру /ия/ 6.Абылайханның тұсында Ресей патшайымы Екатирина І болды /жоқ/ 7.Анна иоановнаның суреті /ия/ 8.Әбілхайыр ханның суреті /жоқ/ Абылай хан орта жүздің ханы /ия/ Тарихымның тарауын Қайталадық әп-сәтте Айтыңдаршы білейін Ұнады ма бұл ойын? /Иә/
Миға шабуыл 5 мин Дұрыс жауабын табыңыз 1. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі: A) Үш жүздің басын біріктіру B) Хан сайлау C) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру D) Руаралық тартыстарды шешу E) Заңдар жинағын шығару 2. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан: A) Абылай B) Тәуке C) Әбілқайыр D) Тәуекел E) Сәмеке 3. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді D) Жетісу өңірі толық азат етілді Е) Кіші, Орта жүз жерлері азат етілді 4. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер: А) Сырдария маңы В) Шығыс Түркістан С) Ташкент D) Қаратау маңы Е) Жетісу 5. Болат хан өлгеннен кейін аға хандыққа таласқан қазақ хандары: А) Әбілқайыр мен Әбілмәмбет В) Сәмеке мен Әбілқайыр С) Сәмеке мен Әбілмәмбет D) Батыр мен Тақыр Е) Әбілқайыр мен Батыр Жауаптары: 1. С2. С3. А4. Е 5.В
|
|||||||||
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту | |||||||||
видеоролик 6 мин ән хормен. | |||||||||
ҮІ. Сабақты қорытындылау
-Бүгінгі күнді түсініп түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де,кешегі кезеңге көз жүгіртуіміз керек. – Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті. «Қазақ елінің озып, үдеген кезі де, тозып, жүдеген кезі де аз емес. «Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың өскелең ұрпағы ертеңге көз жүгіртіп, бүгінмен өмір сүрсе деймін. Сіздерді Тәвуелсіздік күнімен құттықаймын.Бүгінгі қоғамның жарқын кепілі көк байрақ астындағы 27 жылымыз баянды болғай демекпін. Хормен «Көк тудың желбірегені» әнін айту. Кері байланыс: «Тазалық» ойыны -Ал балалар бүгіні сабақтағы керек емес Чемодан-түсиндим ойым жинақы сабақты меңгеру,ақпарат керек десеңіздер Ет тартқыш –түсиндим қосымша ақпарат алу керек, ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса. Корзина –түсинбедім,қиын,керек емес болған ақпарат болса2 мин /стикер/ |
|||||||||
V. Үй тапсырмасы.Қазақстан Ресей империсяның құрамында
Тәуелсіздік тұғыры биікте эссе жазу |
|||||||||
Оқытушы: Байтоғаева Ж.А
Түсіндірме: Сабақ жоспарында көрсетілген сабақ кезеңдері сабақтын түріне сәйкес өзгеруі мүмкін