Заттардың жиыны

Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы. «№42 жанында интеранаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Тәрбиеші: Советбекқызы Аманғайша
Тақырыбы: Əжеме көмектесемін. Заттардың жиыны. Мектеп/МҰ: №42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп
Күні: Педагогтің аты-жөні: Советбекқызы Аманғайша
Мектепалды сынып Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың саны:
Оқыту мақсаттары 0.2.2.1.Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру.
0.2.2.2.Жиын элементтерін атау.
Күтілетін нəтижелер Барлық тəрбиеленушілер:
-заттарды көрсетілген қасиеті бойынша топқа (жиынға) біріктіреді.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-жиын элементтерін атайды жəне заттар қандай белгі бойынша топтастырылғанын көрсетеді.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-берілген жəне/немесе өз бетінше таңдалған белгілер бойынша өз бетінше жиындарды жасайды.
Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:
-заттардың пішіні мен түсі туралы сөйлемдерді құрастыра алады.
Пəндік лексика жəне терминология:
-заттардың қасиеті, пішіні, өлшемі, түсі.
Пікір алмасуға арналған сұрақтар:
– Мына топтағы заттар несімен ортақ екенін түсіндір?
– Қандай зат (фигура) артық деп ойлайсың?
– Бұл топқа қандай заттарды (фигураларды) қосуға болады?
Жазу: суретті жиекте, сал, жалғастыр.
Алдыңғы білім Шеңбер, үшбұрыш, шаршы.
Негізгі түстер. Заттардың қасиеттері (пішін, көлем, түс, мақсат).
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-əрекет Ресурстар
Басталуы 0–5 минут Ынталандыру.
Лексикалық тақырыпқа кірісу үшін педагог əжелер туралы, көбінесе олар үйде қандай жұмыстарды орындайтыны жəне балалар оларға қалай көмектесе алатыны туралы əңгіме жүргізеді.
Көбінесе пəтерді жинағанда заттарды орын-орнына қояды.
Өзектендіру.
Педагог сұрақтар қояды:
– Заттар қандай белгісі бойынша жиналған?
Түсіндіріңдер.
–Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға болады?
Үлестірмелі
материалдар

Электронды жиынтық полотно, №34 кесте
Ортасы 6–15 Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Жиынтық полотнода педагог заттар жиынын құрастырады. Мысалы, музыкалық аспаптар жиыны, киімнің жиыны.
(Ұ) – Заттарды қарап шығыңдар.
– Оларды қандай ортақ сөзбен атауға болады? (Музыкалық аспаптар).
–Мұқият қараңдар, екінші топтағы заттарды қалай атауға болады? (Киім) Барлығы дұрыс па ?
Балалар ойыншықты – асықты байқауы керек, ол киімге жатпайды.
– Бүгін біз заттарды белгілері бойынша іріктеп, артығын алып тастауды үйренеміз жəне оны бекітеміз.
Өздік жұмыс.
(Ұ) Əліпби-дəптердегі № 1 тапсырманы орындауды ұсынады. Карточкалардың əрқайсысындағы заттар жиынын атаңдар (дөңгелек заттар, текшелер, ойыншықтар). Топтардың əрқайсысына тағы не қосуға болады? Балалар сызықтармен жалғап, өз нұсқаларын ұсынады. Жиынтық
полотно. №12

Əліппе-дəптер
16–25 Өткен материалмен жұмыс.
(Ж) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы жұптасып жұмыс жасау ұсынылады.
Балалар топтағы заттарды бір сөзбен атап, осы топқа не жататынын түсіндірулері керек.
(Т) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырманы балалар топқа бөлініп жұмыс жасай алады, əрбір топ бағандардың біреуін таңдайды жəне не салынуы керек екенін талқылап, тапсырманы орындайды. Жиынтық полотнода жұмыс жасауды ұсынуға болады. Мысалы:
– Фигуралардың қайсысы артық?
Балалардың бір бөлігі – қызыл шарды, қалғаны – жасыл текшені атайды. Балаларға өздерінің таңдауын түсіндіруді ұсынады. Əрі қарай қорытынды жасайды: дұрыс жауап таңдалған белгіге – фигураның түсіне жəне пішініне байланысты. Əліппе-дəптер. Жиынтық полотно
Рефлексия 26–30 Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
Əліппе-дəптер

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *