Ақын туса отты болсын Мағжандай
Ақын туса отты болсын Мағжандай
(Мағжан Жұмабаевтың рухына)
Туған елін қаламына ту еткен,
Ту етем деп ізгі ойды түзеткен.
Жақсы сөзін жарым еткен жандардың,
Кесірінен темір торды күзеткен.
Солай, ақын ауыр өтті өмірі
Күле алмады жадырап бір көңілі,
Ақын жайлы жырлар болсам Мағжандай,
Бір айтқанын кері алмайтын сөзі – ұлы.
Жете алмай жарына зарыққанда,
Сағынады ұрланып баласын да,
Көре алмады, қиын күн туған еді,
Бұйырмады Алаштың Баласына.
Қырық бесте өмір жібі үзілген,
Туған – туыс, ұлы дала күңіренген.
Ақын туса, отты болсын Мағжандай,
Оңайлықпен намыс туын бермеген.
Тылсым сырға толы тағдыр қатпары,
Өр ұрпағы анық сүйіп жаттары,
Мағжан ата миллионнан туатын,
Ердің бірі зиялының атпалы
Сағыныштан тапқан өлең арқауын,
Түсінбеген бір кездері жат қауым.
Өр мінезі ер өзегін өртеді ау,
Қабағына ілініп қап басқаның.
Ақынға арнап өлеңнен маржан төгейін,
Бір аунап алсын, рухы үшін жаннат тілейін.
Ақтала алмай, тағдырмен талай күрескен,
Ерлігі үшін үлгі етіп мәңгі жүрейін.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718