Жемқорлықпен күресу мектептен басталуы керек

 

Жемқорлықпен күрес мектептен басталады
Коррупция деген ұғым ежелгі тарихтан белгілі. Ол туралы Аристотель, әл-Фараби сияқты философтар өз заманында жазып кеткен. «Коррупция» деген – заң термині емес, этимологиялық жағынан бұл латынның сөзі «бұзу» немесе «сатып алу» деген ұғымды білдіреді. Енді жалпы ұғым бойынша коррупция – әлеуметтік жағымсыз әрекеттердің жиынтығы. Қазіргі кезде коррупция әрбір мемлекетке тән, әлемдік ауқымдағы проблемаға айналып отыр.
Болашақ бүгіннен басталады. Олай болса, заманымыздың ертеңін жасайтын жас ұрпақты білімді, саналы етіп тәрбиелеумен қатар, қазіргі қоғам дерті – жемқорлық пен сыбайластықтан таза тұлғаларды қалыптастыру бүгінгі ұстаздардың басты назарындағы міндеттердің бірі. Осы оқу жылында Білім және ғылым министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы әзірленіп, білім ордаларына ұсынылған болатын. «Баланы – жастан» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған, баланы жас кезінен жақсы мен жаманды айыруға үйрету жақсы нәтиже береді. Бала өзінен үлкен адамдардың сөйлеген сөзіндегі, жасаған қылығындағы барлық дұрыс-бұрысты бойына тез сіңіріп алады. Үйдегі тәрбие, мектептегі таным – оқушыны қалыптастыратын басты құрал. Сондықтан сыбайластық пен жемқор­лыққа қарсы тәрбие жұмысының жан-жақты болуы үшін: «бірінші – мектеп басшыларымен, екінші – ата-аналармен, үшінші – оқушылармен істелетін жұмыстар» деген басым бағыттарды белгілеп, үш бағытты басты назарда ұстадық. «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізуде. Бағдарлама бойынша алғашқы қадамдар мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабырға көрнекілігін дайындау, кіреберіс орындарға сенім жәшігін орна­ластыру және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы заңды меңгеру мақсатында құқық қорғау қызметкерлерімен кездесулер жүргізілді. Бұларда «Тағылым» атты қабырға газеттері шығарылып, осы тақырыптағы салынған суреттер мен жазылған шығарма жұмыстарының байқауы және «Адал, сатылмайтын адам қандай болу керек?» тақырыбында пікірталастар, тренингтер өткізілді, бейнефильмдер көрсетілді. Үнемі жадымнан шықпайтын «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген бір керемет даналық сөз бар, балаларымызды таза­лық пен адалдыққа қазірден тәрбиелемесек, ертеңгі күні сол ізгі қасиеттерді олардан қалай талап ете аламыз. Жас ұрпаққа мектеп қабырғасында беріліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жұмыстары адал, өз ісіне берік, жауапкершілігі мықты азаматтарды қалыптастыратынына сенімім мол және бұл жұмыстар үздіксіз жалғасын табады.

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі

Жемқорлықпен күрес мектептен басталады

Дайындаған: Ұ.Иманғалиев,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2018 жыл

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *