Тыныс алу мүшелері

 

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3б

Жанды табиғат. Адам

Мектеп: №7

Мұғалім:Жулаева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

 

Тақырыбы:

 

Тыныс алу мүшелері
Оқу мақсаты: 3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

 

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылар:

адамның тыныс алу мүшелері және олардың қызметімен танысады.

Адамның ішкі ағзаларының орналасуын біледі.

Бағалау критерийі
Тілдік мақсат Оқушылар:

Тыныс алу мүшелері жайлы ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді;

Тыныс алу мүшелерінің қызметін кестеге толтырады;

Сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:
өкпе, ауатамырлар, кеңірдек
Құндылықтар дене мүшелерін күту және сақтау
Пәнаралық байланыс әдебиеттік оқу
АКТ қолдану

дағдылары

презентация
Алдыңғы меңгерілген білім Өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу үдерісі жайлы біледі
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру

·         – Адам тамақсыз қанша уақыт шыдай алады? Сусыз ше?

·          – Ауасыз адам қанша уақыт шыдай алады?

·         – Қане, бәріміз аузымызды жауып, мұрнымызды қысып тұрып демалыпкөрейік. (уақытты белгілеу)

·         – Не байқадыңдар?

·         – Адам тыныс алу үшін не қажет?

·         Қорытынды: Адам тыныс алу үшін оттегі қажет. Барлық тірі табиғат мүшелері оттегімен тыныс алады. Егер оттегі жетпесе, тыныс алу қиындайды.

·         Тыныс алу –тыныс шығару

Оқушылардың қолдарын кеуделеріне қойғызып терең дем алуларын сұрау.

–          Терең тыныс алғанда қандай құбылыс байқалды?

–          Қабырғамыз жоғары көтерілді ме?

–          Ал енді демімізді сыртқа шығарып көрейік. Не өзгерді?

–          Демдеріңді ұстап тұрыңдар, не аңғардыңдар?Сен тез қимылдағанда, секіргенде, жүгіргенде не болады?

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

Қалай дұрыс тыныс алу керек?

–          Ағзаға ауа қай мүше арқылы барады?

–          Қандай тыныс алу мүшелерін білесіңдер?

–          Қалай дұрыс тыныс алуға болады?

–          Неліктен ауызбен тыныс алуға болмайды?

–          Әрдайым мұрынмен демалу зиянды емес пе?

 

Мәтінмен жұмыс.Мәтінмен танысу. Кесте толтыру

Тыныс алу мүшесі Орналасқан жері Ерекшелігі Қызметі

 

Оқушылар тыныс алу жүйесін құрайтын мүшелер туралы мәліметтерді жұпта толтырады.

Мәтін бойынша алған білімдерін тексеру үшін берілетін тапсырма.

1. .………………… өкпе болады:

а) төменгі, жоғарғы;

ә) оң жақ, сол жақ;

б) кіші және үлкен.

2. Тыныс алу мүшелері:

а) жұтқыншақ, бауыр, асқазан;

ә) ауыз, өңеш, ішек, өкпе;

б) мұрын, кеңірдек, ауатамырлар, өкпе

3. Өкпенің дене бөлігінде орналасуы-

а) асқазанда

ә) бұлшық етте

б) кеуде қуысында

4. Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі-….

а) мұрын

ә) өкпе

б) кеңірдек

5. Өкпеде қандай үдеріс жүреді?

а) фотосинтез

ә) газалмасу

б) оттегі

Дескрипторы:

мазмұны балл
1 Өкпенің екіге бөлінетінін біледі 1
2 Тыныс алу мүшелерін дұрыс анықтайды 1
3 Өкпенің қайда орналасқанын біледі 1
4 Негізгі тыныс алу мүшесін дұрыс белгілейді 1
5 Өкпеде жүретін үдерісті біледі 1

 

Модель жасау

Тыныс алу жүйесі неден тұрады және олар қалай орналасады?

Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің суреттерімен адам макетін беру. Оқушылар тыныс алу мүшелерінің суреттерін қияды, бояйды және жабыстырады. Басқа парақтарға тыныс алу мүшелерінің атауларын жазады. Дайын суреттерді адам сұлбасына орналастырады және жазылған атауларын сәйкестендіріп жабыстырады. Жұмыстарын сынып алдында қорғайды, тыныс алу мүшелерінің қызметі жайлы толық түсіндіреді. Басқа топтар өз  жұмыстарымен салыстырады, толықтырулар енгізеді.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері: 35, 36-жұмыс парағы (37, 38-б.)

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия:

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі, сол баспалдаққа өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына боялған бұлттың суретін салады.

 

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
Мұрын қуысы туралы ақпараттар жинақтау. Тыныс алу мүшелері жайлы сөзжұмбақ, ребус құрастыру Мәтін бойынша білімдерін тексеру, модель жасау тапсырмаларын бағалау Топтық жұмыс жасағанда тәртіп ережелерін сақтау
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *