“Нашақорлық – ғасыр дерті”

«Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек стөлі

 

 

Көрнекілігі:

Қанатты сөздер, слайд, видео, баяндама, сөзжұмбақ, жүрекшелер.

 

  1. Әлеуметтік педагог: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар және үйірме жетекшілері. Бүгінгі «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек стөлімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Мен Рахпанова Мадина Жексенбекқызы Мойынқұм ауылы «Аула клубы» КММ-нің әлеуметтік педагогы қызметін атқарамын.

«Нашақорлық – ғасыр дерті» атты дөңгелек стөліміздің мақсаты: Оқушылардың зиянды заттар  туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу.

Бүгінгі дөңгелек стөліміздің міндеті:

– «Нашақорлықтың пайда болу жолдары, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру;

– Жасөспірімнің қоғамға тигізген кез келген зиянды әрекетін қылмыс деп саналып, ол үшін заң алдында жауап беретіндігін үйрету;

– Жасөсіпірімдерді санасына нашақорлыққа апаратын қадамдардан бас тартуға, салауатты өмірді, яғни рухани-физикалық саулықты сақтау дағдысын меңгерту;

– Бала бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды, ұйымшылдық, ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.

 

Бүгін біздің дөңгелек стөлімізде қонақта Мойынқұм аудандық АІІБ-нің  аға инспекторы, полиция майоры Лесбекова Венера Балтабайқызы.

Мойынқұм аудандық мешітінің имамы _______________________________.

Мойынқұм аудандық ауруханасының нарколог дәрігері _______________________________,

«Аяла денсаулық жастар орталығының» психологы  _______________________________.

«Жас Отан» жастар қанатының төрағасы _________________________________.

 

 

  1. Мекемеміздің директоры Мархат Ерғазыұлына сөз кезегін берсек.
  2. Ортада мекемеміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жекеева Мақпал «Есірткі жас өмірді улаушы» тақырыбындағы баяндамасына кезек берсек.
  3. Назарымызды «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбындағы видеоға аударсақ.
  4. «Мамандарға сұрақ-жауап» бөлімі.
  5. «Аяла денсаулық жастар орталығының» психологы ________________________ «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы слайд-шоуға назар аударайық.
  6. Мекемеміздің педагог-психологы Душанова Айсұлу «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы баяндамаға кезек берсек.

 

  1. Жағдаятты сауалнамалар слайдтан.

 

Анықтауларыңыз бойынша 8 сыныптың оқушысы есірткінің ең жеңіл түрін пайдаланып мектепке келген. Бұл жағдайда балаға жаза қолданыла ма?

 

Алмас 11 сынып оқушысы. Бірде таныс көкесі Алмасқа  бір қалта есірткіні әкеліп қолына ақша ұстатты: «Мына қалтадағы затты ешкімге көрсетпе. Тіптен, анаң мен әкеңе. Сен сағат 19.00-ге қарай мына жерге барсан, сол жерден қалтаны сенен бір аға алып кетеді»,- дейді. Алмас қалтаның ішінде заттың не екенін түсінді. Бірақ қалтаны кері қайтаруға қолындағы қомақты ақшадан айырылғысы келмеді. Таныс көкесі мен Алмастың арасы жиі байланыста болды. Жеңіл жолмен ақша табу Алмасқа ұнады.  Алмас заң бұзды ма? Себебі?

 

Оқушыларға арналған жағдаятты сұрақтар

 

Сен дос қызыңның шылым шегетінін байқадың. Ол сенен бұл жайлы ешкімге жария етпеуін өтінді және темекіні тастай алмайтынын да айтты. Дос қызыңның әрекетіне көзқарасың және мұндай жағдайда қандай шешім шығарасың?

 

Дүкеннен келе жатсаң алдыңнан көшенің бір топ ересек балалары шықты. Көздері жасаурап, себепсіз ыржалақтап күлген балалар сені «туысыңдай» қабылдап жатыр. Ересектеу біреуі қағазға оралған «темекіні» ұсынып «Мә, мынаны бір тартып көрші, рахат!» деп жауап берді. Сенің әрекетің.

 

Психологқа арналған жағдаятты сұрақтар

 

Баласы досының туған күнінен масаң күйде, тәлтіректеп түнгі 3-те оралды. Анасы мен әкесі ашулы күйде баласының мына түріне қарап ұрыса бастады. Баласы әке-шешесіне ежірейе қарап: «Өздерің Марат ағаның тойынан мас болып келіп келгенде ештеме деген жоқпыз гой», – деп жауап берді.  «Сен біз секілді ересек адам емессің!»,- деп анасы ұрыса жөнелді. Ал әкесі баласын төмпештеп ұра бастады. Жағдайды психологиялық тұрғыда талдап берсеңіз.

 

Нұрзаттың жасы – 15-те. Оның әке-шешесі ажырасу үстінде. Ол анасы мен әкесінің екіге бөлінгенін қаламайды. Ата-анасы Нұрзатқа ештеме түсіндіргілері келмейді. Тек бірге тұра алмайтындықтарын ғана айтады. Нұрзаттың ешнарсеге қызығушылығы болмай, сабағы нашарлап кетеді. Ол үшін бүкіл әлемнің ешқандай мәні жоқ. Нұрзат өзін ешкімге керексіздей сезінді. Ата-анасына деген ренішін алкогольді ішімдік ішу арқылы баса бастады. Жеткіншекке мәселесін кім шешеді және қалай? Жағдайды әлеуметтік-психологиялық тұрғыда талдап берсеңіз.

 

Ата-анаға!

Сіздің балаңыздың жасы 14-те. Сіздер күйеуіңізбен (әйеліңізбен) таңертеңнен кешке шейін жұмыстасыз. Бірде көршіңіз балаңыздың темекі шегіп, спиртті ішімдіктер ішетінін, оны тіптен көргенін де айтады. Ал сіздің балаңыз бұл жайды теріске шығарды. Сіздің әрекетіңіз.

 

  1. Ребус слайдтан
  2. «Бақыт ағашы» жаттығуы.
  3. Қорытынды.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *