Педагогика және менің мамандығыым

Педогогика және менің мамандығым

Эссе

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды.Солардың бірі менің өз мамандығым халықаралық қатынастар ғылымы. ХХ-ғасырдың ортаңғы кезеңінен бастап бұл ғылым саласы дүние жүзінің бірқатар елдерінде, әсіресе, АҚШ пен батыс елдерінде сыртқы саясат мәселелерін шешуде зор ғылыми- тәжіребиелік қызмет атқарып келеді. Халықаралық қатынастар – мемлекеттер мен мемлекеттік жүйелер, халықаралық кӛлемде әрекет ететін ұйымдар мен қозғалыстар, әлеуметтік, экономикалық, саяси күштердің арасындағы дипломатиялық, саяси, құқықтық, идеологиялық, мәдени, шаруашылық т. б. байланыстардың жиынтығы.

«Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, “Педагогика” термині гректің екі сөзінен: “пайс” – балалар және “эгейн” – баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Осы жерде педагогика мен халықаралық қатынастардың ұқсастығын атап кеткім келеді. Педогогиканың өзі бір – дипломатия. Себебі яғни педагогтар саясаттағыдай өзіндік әртүрлі айла-тәсілдер, амалдарды қолдана отырып,  жас өскінді басқару арқылы тәрбиелейді. Педогогика баланы тәрбиелейтін болса, дипломатия дарынды дипломаттар мен саясаткерлерді білім –ғылымға, өзін-өзі ұстау, сөйлеу шеберлігі, ұшқыр ойлау, көрегенділікке, тапқырлыққа, жүріп-тұру ережелеріне, саясаттың сан қырлы құпияларын түсінуге бағытталған.

Соңғы кезде педагогика ғылымы басқару өнерінің  жетістіктерін де пайдалана бастады. Ал басқару сөзі ол тікелей саясат, халықаралық саясат және халықаралық қатынастар ғылымдарымен тікелей байланысты.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
– сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
– анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
– болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.

Қазіргі заманғы мемлекеттің сыртқы саясатының дамуы әдетте шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының) жинау, өңдеу және талдау секілді қадамдар арқылы жүзеге асып отырады.

Жалпы немесе нақты аймақтарда халықаралық қатынастар ықтимал процестерді

  • болжау (анықтау, әр түрлі елдердің, саяси ұйымдар мен қозғалыстардың даму перспективаларын зерттеу);
  • жоспарлау (кеңейтілген дамыту).
  • ғылыми негіздеу;

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз. Осы бағыттан біз саясат пен педогогика ғылымдарының бір-бірін толықтыратынын байқаймыз.
Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т.б.) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян. Яғни педагогика адамзат тарихында қолданылып келетін барлық ғылымдардан өзіне керек жерлерін өзіне қатыстырып алатынын түсінеміз.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.). Мысалы халықаралық қатынастар туралы да ғалымдар мен саясаткерлердің ойлары әрқилы. Біреулері халықаралық қатынастар ол саясат ғылымының бір тармағы деп қарастырса, ал енді бірлері халықаралық қатынастарды бөлек жеке дербес жаңа ғылым деп пайымдайды. Анықтамалар мен ой-түйіндемелер қандай әртүрлі болмаса да, менің мамандығым мен педагогиканы бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Педагогика ғылымы барлық басқа ғылымдармен астасып, байланысып жатыр.

 

Шарипова Гаухар Бекмурзиевна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *