Биология әлемінде
Тақырыбы: «Биология-әлемінде»
Мақсаты: оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,табандылықпен шешім қабылдауға, оны дәлелдеуге үйреті, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: танымдық сайыс.
Көрнекілік: слайд, нақыл сөздер, шарлар,
Мұғалім:Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз «Биология- ғажайып әлем» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз. Сайысқа қатысушылар 7-8 сынып оқушылары.
Мұғалім:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер- деп бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Сайыс кезеңдері:
1 кезең «Таныстыру»
2 кезең «Зымыран сұрақтар»
3 кезең «Анықтама бюросы»
4 кезең «Қызықты сұрақтар»
5 кезең «Төрт сурет бір жауап»
6 кезең «Кім өңерлі кезеңі»
Мұғалім:
Асыл тастан, өнер жастан шығады,
Ақылды адам бір айтқаннан ұғады.
Халық айтса, қалт айтпайды дегендей,
Баға берер әділқазы құрамы.
Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Директордың оқу жөніндегі орынбасары – Жакупова Роза Зиядинқызы.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары – Исмагулов Ерболат Кереевич.
Жаратылыстану пәні бірлестігінің жетекшісі – Жаксимбетова Алия Аскаровна.
Мұғалім:
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсендер
Ортаға салындар барларынды-деп сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастасақ.
І-ші кезең «Таныстыру» Топтың аты, эмблемасы.
(Әр топ өздерін таныстырады)
ІІ-ші кезең «Зымыран сұрақтар» әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1 топ.
1.Алғаш жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)
2.Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (окуляр)
3.Қанға қызыл түс беретін қан жасушалары (эритроцит)
- Жасыл эвглена ненін көмегімен қозғалады (талшық)
5.Адам денесіндегі сүйектер саны (200 –ден аса)
6.Бауырақты ұлуларды атаңдар (жүзім ұлуы, тоспаұлу, жалаңаш шырышты, қошқармүйіз)
7.Өсімдіктерге жасыл түр беретін пластид (хлоропласт)
8.Бас сүйек бөлімдері (ми сауыты мен бет бөлігі)
9.Ересек адам миының орташа салмағы (1300-1400 г)
10.Өсімдіктердің вегетативті мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ)
2 топ.
1.Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (ядро)
2.Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (айна)
3.Қанның ұюына қатысатын қан жасушалары (тромбоциттрер)
4.Амебаның қозғалуы (жалғанаяқтарымен)
5.Басаяқты ұлуларды атаңдар (сегізаяқ, кальмар, каракатица)
6.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы (имаго)
- Өсімдіктерге қызыл-сары түс беретін пластид (хромопласт)
- Тұлға қаңқасы тұрад (омыртқа жотасы, қабырғалар және төс сүйегі)
9.Ересек адамның жүрегінің салмағы (250-300 г)
10.Өсімдіктердің генеративті мүшелері (гүл мен тұқым)
ІІІ-ші кезең «Анықтама бюросы» интерактивті тақтада көрсетілген жануарлар төлдерінің түрлерін табыңдар.
І-ші топ:
1.Мысықтың төлі-марғау
- Сиыр төлі –бұзау.
- Арыстан төлі-абадан
- Қаз төлі –мамыр
- Түйе төлі-бота
ІІ-ші топ:
1.Аққу төлі-көгілдір
- Ешкі төлі-лақ.
- Жолбарыс төлі-шөнжір
- Түлкі төлі –түлкішек, мышай.
- Қой төлі-қозы
Мұғалім:
ІV-ші кезең «Қызықты сұрақтар» тақтада бейнеленген құстардың тұмсығында сандар көрсетілген, әр санда сқызықты сұрақтар жасырылған.
І-топ
1.Ең ірі жемісті атаңыз (асқабақ)
2.Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)
- Ең биік ағаш (Пальма)
- Қағаз қандай өсімдіктен жасайды? (шырша)
5.Ең кішкентай құс? (колибри)
ІІ-топ
- Ең алып құс (Түйеқұс)
- Жемісі парашютке ұқсас өсімдік (бақбақ)
- Ең тез өсетін өсімдік (Бамбук)
- Жыртқыш өсімдік (шыбынжұт)
5.Ең кішкентай ит? (чихуахуа)
V кезең «Төрт сурет бір жауап» интерактивті тақтада төрт суретті байланыстырып тұрған жасырын сөзду табу керек.
І топ
1.Бунақденелілер
2.Қанат
3.Сезім
4.Табиғат
5.Жасуша
ІІ-топ
1.Сүтқоректілер
2.Қауырсын
3.Шырынды
4.Мүше
5.Өсімдіктер
VІ-ші кезең «Кім өңерлі кезеңі» әр топтың топбасшысы шығып екі конверттен алады, ішінде тапсырма жазылған , соны образға еніп,қимылмен көрсету керек.
1.Гүлдің солуын қимылмен көрсету.
2.Судан шығып қалған балық
3.Таңертен ерте тұрған қораздың даусын салы.
4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан.
Мұғалім:
Қайсысы білгір, білімді,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кімдер жылдам?
Таланттарын табайық.
Әділқазы алқасы
Сараласын бағалап
Кім жеңеді сайыста
Анықтайық даралап ,-дей келе сөз кезегін әділ –қазылар алқасына берейік.
Жарыс соңында екі топ мақтау қағаздарымен марапатталады.