Көркем жазу 1 сынып
тақырыбы: А а әрпі
Сабақтың мақсаты: Әріпті таныту, сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты жазуға, каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға дағдыландыру. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Жабдығы: әріп , кеспе әріптер, суреттер.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Дыбыс , әріп ұғымы бойынша түсінігін
қалыптастыру.
Жаңа сабақ:
Сабақты жұмбақтың шешуін табумен бастау.
Менің үшін жақсы адам, Артық көрем басқадан, Апа, ата сөздерін Қайсы әріптен бастаған? (А)
- А дыбысы қандай дыбыс?
- А дыбысынан басталатын сөздерді ата.
- Сыныбымызда кімнің есімі А дыбысынан басталған?
- Көзімізбен көріп, қолымызбен жазсақ бұл не болады? (Әріп)
А әрпінің таңбалану элементтерімен таныстыру. Тақтаға бас және кіші элементтерінің жазылуын түсіндіру. Қолды ауада жаттықтыру. Дәптермен жұмыс: Қолға қалам аламыз
Дәптерімізді ашамыз
Салақтықтан қашамыз
Әдемі етіп жазамыз.
Сергіту сәті:
Алатаудыңаясында Алма терді Алмагүл.
Алуан бала арасында Артта қалмай, алда жүр.
Сабақты қорыту: А дыбысы қандай дыбыс.
Буын жалғасын тап.
Ал- .. | Ар-.. | Ай-.. | Ап-.. |
А дыбысынан басталатын қала аттарын ата.