Ізгі педагог Амонашвилидің Улыбка моя где ты? еңбегіне пікір.
- Ізгі-педагог Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка моя где ты» еңбегіне пікір
Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка моя где ты?» еңбегінде педагогика кітаптарында мұғалімге, балаға деген сыйластықты, махабатты көре алмайтынын, өмірді тани алмайтынын, ғылыми педагогикадағы ғылыми жобалардан мұғалім өзін шарасыз сезінеді деп жазған. Шынымен де, қаншама қағаз, құжаттар жазамыз, ал балаға немқұрайлы қараймыз. Біздің заман тек сол құжаттардың жүзінде ғана жүруде, өзіміз әр түрлі жобалар жазып, сол жобаларды қорғап, одан ешқандай нәр алмаймыз, ол қағаздардың ешбірі бізге баланың махаббаты сияқты сезімді бермейді, кейде мұғалімдер ол қағазды не үшін жазып та жатқанын түсінбейді. Біз жоспарланған сабақты балаға түсіндірсек болды деп ойлаймыз, ал баланың бізге қарап, бізден жылулықты, мейірімділікті қажет ететінін ұмытып бара жатырмыз. Балаға күлкі сыйламай, тек қабақ шытуды ғана білеміз. Үй тапсырмасын орындамаса, тек оны сөгумен боламыз. Балаға күлкі сыйласақ, ертеңгі күні бізді сыйламайды деп ойлаймыз. Біз барлығымыз туғанда күліп туады екенбіз, ұйықтап жатқанда да сәби әрдайым күлімсіреп жатады, содан әжелер айтушы еді ғой «Оны періштелер күлдіріп жатыр» деп. Баланың қасиеті туралы Ш.А.Амонашвили мынадай мысал жазған болатын: «Дүниеде қараңғылық басып, үлкендердің мұң шалған кезі еді, адамзаттың қабақтары бір ашылмайтын. Сонда жаратушы ойлаған екен, мен оларға періштені жіберіп, періштемен бірге жарық күлкі жіберейін деп. Періште ол сәби болып шығады. Содан сәбиге жаратушы былай дейді екен: «Адамзатқа жарық күлкі алып бар, ол күлкі адамзатты бақытты қылады, қабақтарын ашады, мұң шалмайды, бірақ …». Сәби адамзатқа тап болады, жаратушының соңғы сөзін естімей қалады. Содан сәби қарны ашқаннан, бір нәрсе ұнағаннан емес, жаратушының соңғы сөзін тыңдай алмағанына шырылдап жылайды екен. Сонда адамзат сәбидің әкелген жарық күлкісіне қарай алмай көздерін жабады екен, ал сәбидің анасы одан қорықпай, сәбиге жымиып қарап отырады, қалған адамзаттар да күлуге үйреніп, қараңғылық жайлы мәңгі ұмытады. Еңбекте мұғалімнің балаға жай күлу емес, шын жүректен, жақсы ниетпен күлімсіреу жайлы айтады. Тек мұғалім емес, сонымен қатар, барша адамзат бір-біріне күлімдеп қарау керек, күлімдеудің де түр-түрі болады әдейі күлу, жек көріп күлу, қызғаныштан күлу ондай жалған күлкі адамның жанына еш жақпайды. Шын жүректен, аяушылықпен, сезіммен, қамқорлықпен, инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен күле білу де өнер. Ш.А.Амонашвили еңбегінде Тереза ананың күлкісін мысалға келтіреді. Тереза ана өзінің күлкісі арқылы адамды өзерте алған екен. Жетімге де, қиналғанға да, жесірге де күле білу керек екен, Тереза ана оларға күлкісін сыйлау арқылы олардың өмірге деген құлшыныстарын нығайта білген екен. Осыдан ойыма түйгенім, мұғалімдер баланың екінші анасы балаларға жарық күлкіні сыйлай білуіміз керек. Мұғалім мен адамзат жайлы Ш.А.Амонашвили еңбегінде мысал келтіреді: «Орыс әдебиеті мұғалімі бір балаға сабақ оқып келмегені үшін қатты ұрсып, сабақтан сыртқа шығарып жібереді, ал бала кетіп бара жатып, оның сүйікті қызы тоқтатқысы келсе, мұғалім жібермейді, «кезекші мұғалім тоқтатшы, жақсы сөз айтшы» десе, жоқ ол да ұрсып, кетсе кете берсін, мұғалім шығарып жіберсе, дұрыс істегені, көшедегі адам тоқтатып жақсы сөз айтып, күлімдесе ғой, ол тоқтар еді, жоқ ол ренжулі, ал өтіп бара жатқан адам «бұған орын аз болған ба» деп ойлайды. Дәріханаға барып, дәрі алады, дәрігер дәрі бермесе де болар еді ғой, жоқ оған бәрін сату керек қой. Үйіне кіріп бара жатып, ол көршісін қағып кетті, көршісі күлімдеп, не болғанын сұраса ғой, жоқ ол да оған дүрсе қоя берді. Ал бала өзінің түні бойы жасаған ғылыми жобасына келіп, дәрісін ішіп,өз-өзіне қол жұмсамақшы, оған кінәлі оның сүйікті мұғалімі. Оның қабағының ашылмай оған ұрсуы еді. Ал сүйікті қызы бұл балаға жүгіріп келе жатыр, жете алса екен….»,-деген мысалы күлкінің адамға әсерін, адамдардың бойындағы бір-біріне деген адамгершілік, жақсылық жасай алуын сөз етеді. Бұл әңгіме маған өте әсер етті, өзімнің сыныбымдағы оқушыларымды сағынып кеттім. Енді оларға үй тапсырмасы үшін ұрыспаймын, тек түсіндіремін деп шештім. Жүрегіме қатты батты, балалардың мені жақсы көргені сонша, мектепке барғанымда барлығы мені құшақтай салып, тезірек келгенімді өтінді.
«Улыбка моя где ты?» еңбектегі мұғалім жайлы тағы бір еңбегі өте әсерлі. Бұрынғы заманда халық табиғат аясында, тау арасында өмір сүрген екен, балалар таң ата күнге, кеш бата жұлдыздарға күледі екен. Заман өзгеріп, адамзатқа мұғалім деген адам келеді. Ол мұғалім келгелі, балалар күлкіден айырылды, ештеңеге қызықпайтын болды, табиғаттан алыстай бастады, күнделікті күнге де, жұлдызға да күлімдемейтін болды, бірақ мұғалім мәдениетке үйретті»,-дейді. Сонда біз балаға қанша қиянат жасаудамыз, оларды табиғаттан алыстатудамыз. Өзіміздің ашумызды баладан аламыз, өзімізге түсініксіз нәрселерді балаға түсініп алуды мәжбүрлейміз, ұрсамыз.
Бұл еңбекте мектепті киелі жерге теңейді, ал киелі жерде жаман сөздер, жаман ойлар болмайды, тек жақсылық қана болуы керек. Ш.А.Амонашвили мектептің орынбасарларына да күлімдеп жүргенін айтуда, өйткені орынбасарлардың күлкісі мұғалімдерге тарап, күлкінің Нұры мұғалімдерден балаларға тарайды. Бірақ жаратушы бізге әлі де сәбилерді сыйлауда, сонда үмітіміз үзілмеуі керек, барша адамзаттың өзгеретініне сену керек. «Балалар тек жаратушыдан берілген табиғи күлкілерін жоғалтып алмаса екен»,-деп ойлайды педагог.
Адам күлгенде өзінің денсаулығы үшін қарқылдап, әр түрлі жағдайларды көріп күледі, ал біреуге жақсылық жасаймын деп күлуге шамалары жетпейді.
«Өмірдегі барлығы бақыт пен күлкіден тұрады. Ғалам шексіздік пен мәңгілікпен күледі,аспан жұлдыздарымен, кемпірқосағымен күледі, күн жарығымен, сәулелерімен күледі,жер ұлы өмірмен күледі, өмір өрлеумен,мақұлдаумен күледі, жазық дала гүлдермен, хош иіспен күледі, адам сеніммен, жасампаздықпен күледі, бала осы шақпен, болашақпен күледі, кім күлсе сол өмір сүреді, күлмесе, кеуіп қалады. Өмірді ұстап тұрған мектеп те күлу керек. Мектептің күлкісі-мұғалім. Мұғалімнің күлкісі-жүрегі»,-деп Ш.А.Амонашвили айтқан екен. Күлкінің достық, түсінушілік, бақыт, жұмсақ,қуаттау,бірыңғай сияқты түрлері болады екен. Балаға тек осы күлкілерді сыйлай білейік, өйткені оған сыйлаған күлкі оның өмірін өзгертуі мүмкін, ертеңгі күні баланың күлкісі бізге де қажет болар.
Астана қаласы 50 Қазғарыш мектеп-лицейі Калменбаева Кунсулу Мирамовна Бастауыш сынып мұғалімі.