Ю дыбысы мен әрпі
Пән: сауат ашу Мектеп:Ы.Алтынсарин орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Накеева Ақмарал Күні: 21.02.2018 ж . Қатысқандар саны: 21 Сынып:1 «А» |
||
Сабақ тақырыбы: | Кейіпкерлерді сипаттаймын.Юю дыбысы мен әрпі. | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.1.1.1.тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну 1.3.8.1 Жазу жолын жоларалық кеңістікті жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
|
|
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар:ю дыбысы мен әрпін есте сақтайды;
Көптеген оқушылар: мәтінді тыңдап,жетекші сұрақтар арқылы талқылайды;
Кейбір оқушылар:сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
|
|
Бағалау критерийлері | Ю ю дыбысы мен әрпін айтады;
Мәтінді тыңдап жетекші сұрақтар арқылы негіздейді; Сөйлемдерді дұрыс құрастыра алады;
|
|
Тілдік мақсаттар | Мәре | |
Құндылықтарды дарыту | Қарым-қатынас жасау қабілеті, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау | |
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру,жаратылыстану. | |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта. | |
Бастапқы білім | Дыбыстарды атай алады. | |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ынтымақтастық атмосферасы:
Армысың,көк Аспан Армысың,асыл Жер Армысыз,қонақтар Армысың,жан досым Жылуыма жылу қос Міне,менің қолым
|
Затты суреттер
|
Ұйымдастыру:суреттер бойынша 3-топқа бөлу
1-топ «Аю» 2-топ «Қасқыр» 3-топ «Түлкі» Топ аттарының атын үш тілде айту 1-топ:Аю,медведь,bear 2-топ:Қасқыр,волк,wolf 3-топ:Түлкі,лиса,afox «Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. -Ф қандай дыбыс? Телефон сөзінде неше буын бар? – ф дыбысы сөздің қай буынында кездеседі? – ф дыбысынан келетін сөздерді айт. Бағалау:үкілер арқылы Ой қозғау. Интербелсенді тақтадан видео арқылы жұмбақ жасыру Орманнан, жалпақ даладан Бал іздеп бір аң жортады. Кіп-кішкентай арадан Үп –үлкен боп қорқады. (аю) Слайд арқылы -Аю қандай аң? -Жыртқыш аң. -Қайда тіршілік етеді? -Орманда. -Немен қоректенеді? -жидек, бал, балық -Аю деген сөзді буынға бөліп айтайықшы. – А-ю -Бізге таныс емес дыбыс қайсы? – Ю. -Қане, бәріміз – ю,ю,ю,ю деп айтайықшы Жаңа сабақ.Ю ю дыбысы және әрпі -Олай болса,біздің бүгінгі танысатын дыбысымыз Ю дыбысы -Тақтаға назар аударайық Слайд Ю дыбысы оның жасалуы
Қане.ою сөзіне дыбыстық талдау жасайық. Жеңімпаз аю Аю,түлкі, қасқыр үшеуі жарысты. Қорбаңдаған аю араның ұясын бұзып кетті. Аралар аюды шаға бастады.Араларға таланған аю тез жүгірді. Сөйтіп аю түлкі мен қасқырдан озып кетті Ұжымдық жұмыс. Сұрақтар бойынша аюды сипатта 1.Аю қандай аң? 2.Түсі қандай? 3.Оның аяғы қандай болады? 4.Ол қайда тіршілік етеді? Бағандағы сөздерді, мәтінді тізбектей оқыту. Сергіту сәті «Аюдың әні» Топтық жұмыс 1-топ. Сөзге дыбыстық талдау жасау 2-топ.Буындардан сөз құрастыру 3-топ.Әріптерден сөз құрау Бағалау: үкілер арқылы Дәптермен жұмыс Слайд(Ю әрпінің жазылуы) – Ю дыбысын ауада жазу. – ю дыбысының элементтерін көрсету арқылы жазу. Топтық жұмыс. Әр топ мәтіндегі кейіпкерлерге сипаттама береді.(ауызша) 1-топ:Аюға 2-топ:Қасқырға 3-топ:Түлкіге Бағалау: үкілермен Сергіту сәті. «Аю әні» |
Суреттер
таяқшалар
Видео
оқулық
Аудио тыңдалым
|
|
Сабақтың соңы | Қорытындылау«Рухани жаңғыру»эмблемасын құрастыру арқылы сұрақтарға жауап береді
1-топ.Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? 2-топ.Ю әрпі қандай сөздерде кездеседі? 3-топ.Ю дыбысы қандай дыбыс? Кері байланыс: Смайликтер арқылы
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыалрға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы |
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |