Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Көкшетау қ. № 1 орта мектеп – гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Шаймерденова Римма Бековна
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Ақпараттық мәдениет – ақпаратпен жүйелі түрде жұмыс істей білу және оны іздеп табу, өндеу, тасымалдау үшін жаңа компьютерлік ақпараттық технологиялар мен әдістерді пайдалана білу. Ақпарат ағынында еркін бағыт – бағдар тауып өмір сүру үшін қазіргі оқушы ақпараттық мәдениетке ие болуы тиіс. Ол жалпы мәдениеттің қазіргі ажырамас негізгі бөлігі болып саналады.
Ақпараттық мәдениет адамның әлеуметтік табиғатымен байланысты. Ол адамның түрлі жасампаздық қабілеттерінің өнімі болып табылады және әр түрде байқалады.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс- әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі. Э.Л. Семенюктің пікірі бойынша ақпараттық мәдениет – адамның қоғамның немесе оның бір бөлігінің ақпараттармен жұмыс істеудің барлық түрлері ақпараттарды алу, өндеу, жинақтау және осының негізінде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі.
Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген оқушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивті тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимде жұмыс жасау әдістерін меңгерген оқушы болуы тиіс.
Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.
Жалпы қазақ тілі пәні бойынша білімін логикалық факторлармен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктері туып отыр. Ақпараттандыру оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға, оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған болса, тәрбиелік мақсаты оларды азаматтыққа, адамгершілік қасиетке, саналылыққа және патриотизмге баулуға бағытталған.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу.
Қазіргі заман талабына сай оқушылардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған басты міндет.
Оқушылардың бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық қоғамға көшу процесінде ақпараттың құндылығы өзгеріп, уақыт, кеңістік және қашықтық ұғымдары туралы түсінігіміз кеңейіп, осылардың барлығы жаңа мәдениеттің, яғни ақпараттық мәдениеттің тууына себепші болып отыр.
Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл — әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау , алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет – компьютерлік технологияны пайдалану, ол – Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, әсіресе білім саласын зерттеуге қолайлы, мысалы оқу бағдарламасына байланысты әр түрлі сайттарын пайдалану.
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне «дыбыс беру», олармен диалог жүргізу қабілеті бар. Жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде оқыту процестің барлық этаптарында қолданылады. Электронды оқулықты пайдалануда, тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауда, мәтіндерді оқуда, мультимедиалық бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасын іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық сөзддіктерді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне – аудио қондырғылары мен теледидарды, дербес компьютерлерді, электрондық оқулықтарды қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқу процесінде технологияларды пайдалану оқушылардың ақпаратты қабылдау кезінде белсенділігінің өте жоғары болуына ықпал етеді, сонымен қатар оқушылардың қызығушылығы қазақ тілі пәнінмен қатар, басқа да пәндерді оқуға ынтасы арта түседі. Ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың әлемдік ақпараттық көзқарасын қалыптастыру мен қазіргі компьютерлік техниканы меңгеруді үйрету мынадай мақсаттарды белгілеп береді:
Оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайына бейімдеп, жұмыс жасауға үйрету;
Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
Оқушыларға компьютерді оқу процесіне және кәсіби дайындыққа пайдалана білуге үйрету.
Қазақ тілін окыту үрдісіне компьютерді қолдану оқушының сабақ барысында белсенділігін арттырады.
Қазіргі ақпарат көздері – компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.
Арнайы бағдарламалар арқылы пәнге деген қызығушылығын туғызады.
(мысалы) слайд (жұмыстың түрлері киіз үй).
Мәтінмен компьютерде жұмыс жасату арқылы оқушыларға қазақша дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ережелерді меңгертуге мол мүмкіндік береді. Бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады.
Қазак тілін оқытуда ақпараттык технологиясын қолдану – оқушылардың пәнге, қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттырудың негізгі кепілі. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады.
Оқушының сабақ барысында алған білімі бағдарлама тікелей тексеріп, оқу процесі барынша екі жақты жүреді. Бұл оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсендігін арттырады, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастырады. Компьютерді қолданудың психологиялық тұрғыда тиімділігі – олар оқушыларды есту, көру, сөйлеу, түрлі ойындар ойнау, суреттер салуына септігін тигізеді.
Қай тілді болмасын үйрену үшін 1-ден ынта, 2-ден орта, 3-ден қажеттілік керек. Осы үшеуі бар жерде тілді тез игеруге мүмкіндік мол болады. Ал, оқушының ынтасы, талабы болғанымен, ортасы жоқ, қарым-қатынас жоқ жерде мемлекеттік тілдің заман талабына сай меңгерілуі қиын мәселе. Сол себепті ортаны да қажеттілікті де әр сабақ үстінде жасап отыру қажет.
Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi. Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.
1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.
2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.
6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.
9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.
10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.
11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.
12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.
Электронды оқулықтар оқушылардың
– бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
– ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
– өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
– ойларын дамытуға;
– оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
– тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
– сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
– өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Қорыта келе айтарым, орыс тiлдi топтарда оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар.
Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз оқушыларымыз көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін үлкен абырой.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Қазақ тілі” журналы №5, 2006 ж., №1, 2007 ж., №6, 2008 ж., №3, 2009 ж.
2. “Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 ж.
3. “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 ж.
4. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 ж.
5. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
6. Артур Кон. Секреты Интернета. Учебный курс. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2000 г