« Менің елім – менің Президентім» «Моя страна – мой Президент» « My country – my President»
Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты.
Күні: 30.11.2017 ж.
Тақырыбы: « Менің елім – менің Президентім»
«Моя страна – мой Президент»
« My country – my President»
Мақсаты: 1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы үш тілде мағлұмат беріледі.
2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер, слайд шоу,жалаушалар.
Өту барысы:
Баяу «Туған жер» әні орындалып тұрады
С.Әділ : Қайырлы күн ,құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!
Ж.Аружан: Добрый день,дорогие учителя,родители и ученики!
А. Аружан: Good afternoon dear teachers,parents and pupils!
Aйнұр: Сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз!
М.Әділ: Мы рады вас видеть!
Шыңғыс: We are glad to see you!
Азамат:Біздің кешімізге қош келдіңіздер!
Даяна: Добро пожаловать на наш вечер!
Бекжан: Welcome to our party!
Мейрлан : Біз бастаймыз!
Аружан: Мы начинаем!
Жангир: We are beginning!
Мұғалім: Good afternoon ,everybody! Балалар сендер менсіз бастап кеткенсіңдер ме?/Жауап: Иә,жоқ,да,нет,уes ,no/ Жақсы-жақсы.Не болып кетті.Тіл білгендерің жақсы.Президентіміз Н.Ә.Назарбаев:
« Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс» деген. Сондықтан,бүгін біз тәрбие сағатын үш тілде өткіземіз.Кешеден бері қай мерекені тойлап жатырмыз? /үш тілде жауап береді/
Бүгінгі тәрбие сағаты: « Менің елім – менің Президентім» деп аталады.Орыс тілінде қалай болады?
Оқушылар:«Моя страна – мой Президент»
М: Ағылшынша ше?
Оқушылар: «My country – my President»
Мұғалім: Как называется наша страна?
Who is the president of our country?
Ендігі сөз кезегі сіздерде,Еліміз Қазақстан туралы не дейсіздер?
M.Әділ
О, Казахстан, Республика моя —
Любимая, какое это счастье,
Что ты родная — Родина моя
И в солнечные дни и в дни ненастья.
Шыңғыс
Oh,Kazakhstan,I am in love with you
Remember,Kazakhstan,you are great
Not in the green fields full of wheat
And forests,gardens, free of dust
I love you deeply dear land.
Aзамат:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алыр жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп,уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Айнур
Люблю степные просторы твои,
Люблю и высокие горы твои
Озера, реки, моря,
Ведь это ты родная земля.
А.Аружан
The land of my fathers,the land of my choice
The land in which poets and minstrels rejoice
I wish you to flourish,be happy and bright
I want you to live and never to die!
Даяна
Отан менің — ата — анам,
Отан досым, бауырым!
Отан өлкен — Астана.
Отан туған — ауылым!
C.Әділ
В нашем крае вам не счесть больших озер,
В нашем крае вам не счесть лесистых гор.
В нашем крае счета нет отважным людям,
Населявшим с давних пор степной простор.
Ж.Аружан
My Motherland is Kazakhstan
I love it very much
Its loves fields with green on it
Its durmasts on the land
I love its lakes with rare birds
And rustling leaves on trees
My Motherland,my Kazakhstan
To live and shine for me
Жангир
Cвою судьбу навек с тобой сплетя
В любви сыновей я хочу признаться:
Я счастлив, Казахстан,
Что я твоё дитя.
И в том тебе ненадо сомневаться
А.Аружан өз өлеңін оқиды.
Флешмоб: «Алға,Қазақстан»
Флешмобтан соң оқушылар мына ұрандарды 3 тілде айтады.
М.Әділ: Біз,болашағына сенімді,білімі терең талантты өрендерміз.
Бәрі: Иә
С.Әділ:Біз, Қазақстанның болашақ көшбасшыларымыз.
Бәрі: Иә
А.Аружан: Мы,новое поколение Казахстана
Бәрі: Да
Жангир: Будущее Казахстана за молодыми
Бәрі: Да
Шыңғыс: We love our Motherland
Бәрі: Yes
Ж. Аружан :We believe in our future
Бәрі: Yes
Мұғалім: What is the capital of Kazakhstan?
Государственные символы республики Казахстан
«Мy flag» әні орындалады./оқушылардың қолында жалаушалар/
Мұғалім : -Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы – Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны. /Слайд көрсетіледі,қойылым қойылады/
А,Аружан:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.
/Жылаған бала дауысы естіледі, бір бал сүйінші сұрап шығады,
Бәрі сәбиге ат ұсына бастайды.Райымбек,Қарасай,Советхан, Социал аттары ұсынылады.
Сонда Нұрсұлтанның апасы: Не болды шуылдап? Өз немеремнің атын өзім қоямын. Алланың 99 аты бар дейді. Біріншісі- Нұр, екінші- Сұлтан.Осы екі атты біріктіріп «Нұрсұлтан» қоямын /
Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты
/Бала Нұрсұлтан: Апа, мен сабақ оқимын.
Апасы: Оқи ғой,шырағым.Әкесіне тартқан.Тегінде Сұлтаным сұлтан болады. Сыныптасы Садуқас келеді. –Мырзабала апа, Сұлтан ойнай ма? Апасы: Жоқ, ол сабақ оқиды. Садуақас үйге жасырынып кіреді.Сұлтан айна алдында сабақ қарап отырады.
Садуақас: Сен не артист болайын деп жүрсің бе?
Сұлтан: Осы айнаға мені бір ғажайып күш тартады.Айна алдында үй жұмысын пысықтап алғанды ұнатамын.Ертең сынып алдыңда мыңқылдап тұрғым келмейді.
Садуақас: Айнаңды,сабағыңды да қой.Жүр ойнайық
Сұлтан: Жоқ мен ойнамаймын /
С.Әділ: Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Ж. Аружан:Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Мұғалім: Наш Президент не только хороший лидер и политик,в то же время автор нескольких книг и песен.Сейчас мы прослушаем одну из его песен «Мой город»
Рефлексия:
1.Мой Казахстан самый ……………….
2. I want to live in ………………
3. Менің ойымша Президент болу……………………….
4. За свою Родину я горжусь тем, что она …………………
5. I love …………..
6. Мен өз елімнің патриотымын,……………………………
Мұғалім: Қазір сахнаға мен мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі,орыс тілі пәнінің мұғалімі Асанова З.М шақырамын.
/Құттықтау сөз/
Мұғалім: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі сендерсіңдер.Президент күні құтты болсын!Елбасымыз аман болып,халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артта берсін,бейбітшілік болсын деп кешімізді үш тілде айтылатын «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.
Хормен: Келесі көріскенше! До встречи! See you soon!