«Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары!» Интеллектуалды ойын
Жантлеуова Айлаззат Амангельдыкызы
«Білім және ғылым интеграциясы- нық қадам» атты Республикалық
қашықтық ғылыми – практикалық конференциясына
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау;
Дамытушылығы: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана білетін зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұяшық сұрақтары, плакаттар, суреттер, жұмбақ, ребустар, нақыл сөздер.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық көңіл күй.
Бақыт бар менде,
Бақыт бар сенде,
Бақыт бар барлық жерде!
Тыныштық бар менде,
Тыныштық бар сенде,
Тыныштық бар барлық жерде!
Бейбітшілік бар менде,
Бейбітшілік бар сенде,
Бейбітшілік бар барлық елде!
Ойын шарттары
І тур. «Бәйге»
ІІ тур. «Полиглот»
ІІІ тур. «Ғажайып алаң»
ІV тур. «Жорға»
Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрден құйылғандай.
Жарқ етіп шыға келген ел алдына,
Биші қыздар ғажап еді биің қандай! – деп арамызға биші қыздарымызды шақырамыз! Заманауи би
Өнерлеріңіз өрге жүзсін. Биші қыздарымызға көп рахмет!
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің бастауыш сыныптар арасындағы өткелі отырған «Тәуелсіздіктің білімді ұрпақтары!» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!
Әділдікпен баға берер жарыста,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Көшбасшыны таңдап бүгін алуға.
Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Ағылшын тілі маманы Бисенгалиева Назымгүл Азимовна
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Білгеніңді тексеріп,
Бақ сынап бүгін көріңдер – деп ойын алаңына сайысқа қатысушы екі топты шақырамыз.
(Әр топ басшысы өз топтарымен таныстырып ,ұрандарын айтады).
І тур. «Бәйге»
- 1 метрде неше сантиметр бар? (100 см)
- Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығын еніне көбейтеміз)
- Астана қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл өзенінің)
- Қай жылы Қазақстан Республикасы болып аталынды? (1991 ж)
- Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты? (Тоқтар Әубәкіров)
- Заттың қимылын білдіретін сөз табы(етістік)
- Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу тойы? (шілдехана)
- 1947 жылы аңшылар Қазақстандағы тоғайды мекен еткен қандай соңғы аңды атқан? (жолбарыс)
- Өз атын өзі шақыратын қандай құс? (көкек)
- (А) –қандай дыбыс ? (дауысты, жуан, ашық, езулік)
- Жылқының пірі (Қамбар ата)
- Балалар алғашқы мектепке баратын күн (1 қыркүйек)
- Қай облыста тұрамыз? (Батыс Қазақстан)
- Өмірдегі ең жақын адам? (ана)
- Людвиг ван Бетховен қай ұлттың композиторы? (неміс)
- Көлемнің өлшем бірліктері ( мм3 , см3 , м3 , дм3 )
- Алғашқы астрономдарды қалай атаған? (жұлдыз санағыштар)
- «Сіз» деген сыпайылық
- «Сен» деген………………………….. (анайылық)
- Қабанбай батырдың Абылай хан қойған лақап аты (Дарабоз)
ІІ тур. «Полиглот»
- Білімнен мол-сый осы,
Балғындардың ұясы (мектеп – школа -……………….)
- Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю- медведь – …………………….)
- Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі – лиса – ……………………)
- Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ,
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (доп – мяч -………………..)
- Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (бор – мель – ……………..)
- Маған да, саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың
Айтады кәне, кім атын? (Ата, апа, аға, ана, іні-дедушка, сестра, брат, мать, братишка- ……………………………………………………………………………………………………………………………)
ІІІ тур. «Ғажайып алаң»
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын –деп келесі «Ғажайып алаң» кезеңіне көшеміз.
Ұяшықтардағы ұпайларға байланысты сұрақ таңдап, жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.
Математика
20 ұпайдың сұрағы-Тіктөртбұрыштың көлемін қалай табамыз? (ұзындығын еніне және биіктігіне көбейтеміз)
30 ұпайдың сұрағы – Ағасы 16 жаста,ал қарындасының жасы 2 есе кіші.Қарындасы неше жаста? (8 жаста)
40 ұпайдың сұрағы–Берік бір сан ойлады. Ол санның 3/1 бөлігін тауып, оған 27-і қосқанда, нәтижесі 30-ға тең болды. Берік қандай сан ойлады? (9)
Қазақ тілі
20 ұпайдың сұрағы – Түбір сөзге жұрнақ жалғанғанда қандай сөз пайда болады? (туынды сөз)
30 ұпайдың сұрағы – -ма,-ме; -ба,-бе; -па,-пе –ненің жұрнақтары? (болымсыз етістік)
40 ұпайдың сұрағы – Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы?
Түрлерін ата (Үстеу. Мезгіл, мекен, сын-қимыл үстеу)
Әдебиеттік оқу
20 ұпайдың сұрағы–«Қыс» өлеңі кімдікі? (Абай)
30 ұпайдың сұрағы – «Бай баласы мен жарлы баласы», авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
40 ұпайдың сұрағы – Лұқман сөзі қандай мағына білдіреді? (данышпан , араб сөзі)
Дүниетану
20 ұпайдың сұрағы–Ең жоғары сатыда дамыған тіршілік иесі (адам)
30 ұпайдың сұрағы– Өрмекшітәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді? (бүйе)
40 ұпайдың сұрағы – Тянь-Шань қытай тілінен аударғанда нені білдіреді? (аспан таулары немесе тәңірі таулары)
ІV тур.“Жорға”
1-топ.
Жылдан құр қалған жануар. (түйе)
Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. (тамыр)
ҚР-ның мемлекеттік тілі. (қазақ тілі)
Басты байлық. (денсаулық)
12 ай. (жыл)
Абайдың әжесі. (Зере)
Көру мүшесі. (көз)
Х+2=10 бұл не? (теңдеу)
Зат есімнің көпше түріне мысал келтір. (балалар)
Күйді орындаушы адам. (күйші).
2-топ.
Жылбасы не? ( Тышқан)
Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты. (топырақ)
ҚР-ның ұлтаралық тілі. (орыс тілі)
Адам денесінің тірегі. (қанқа)
Ақ алтын. (тұз)
Орман дәрігері. (тоқылдақ)
8+2=10 бұл не? (өрнек)
Зат есімнің жекеше түріне мысал келтір.(бала)
Сурет салушы адам. (суретші)
7 күн. (апта)
Сайыста жеңістебар,жеңіліс бар,
Қуанып шаттанып, күлу де бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Әділдігін айтатын сарапшылар – деп сарапшымызға сөз береміз.
Марапаттау.Ән «Әрқашан күн сөнбесін»