Селекция ғылымы міндеттері және әдістері
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
«Гуманитарлық колледждерде жаратылыстану пәндеріне жаңартылған білім мазмұнын қолданудың маңызы мен ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік күндер
Ашық сабақ
Пәні: Биология
Тақырыбы: Селекция ғылымы міндеттері және әдістері
Тобы: МтБ-18
Пән оқытушысы: Тыныштыкова Светлана Шалабаевна
Бейнеу 2018 жыл
Тобы: ШтБ-18
МтБ-18 |
Күні: 09.02.2018
09.02.2018 |
|||
Пән: Биология | Пән мұғалімі: Тыныштыкова Светлана Шалабаевна | |||
Сабақтың тақырыбы: | Селекция ғылымы міндеттері және әдістері | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): | – Селекция ғылымының зерттеу нысандарын айқындау;
– Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизімдер селекциясының маңызын анықтау;
|
|||
Тілдік мақсаттар: | Тақырып бойынша термин сөздердің мағынасын білу.
Мыс: Іріктеме. Қолтұқым. Штам. Сұрыптау. Будандастыру. Шағылыстыру. т.б. |
|||
Бағалау критерийлері: | – Селекция ғылымының зерттеу нысандарын айқындайды;
– Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизімдер селекциясының маңызын талдайды. |
|||
Құндылықтарды тәрбиелеу: | Ұжымдаса жұмыс жасауға;
Бір-бірін тыңдауға; Өз пікірін еркен жеткізе алуға. |
|||
Пәнаралық байланыс: | Ботаника, зоология, микробиология | |||
Алдыңғы білімдер | Селекция ғылымы туралы. Н.И.Вавилов зерттеулері. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. | |||
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру кезеңі | 1. Студенттермен амандасу.
2. Сабаққа дайындықтарын сұрау. 3. Топқа біріктіру. (құрамы 4 адамнан тұратын шағын топ) 4. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру |
слайд | ||
Негізгі бөлім:
Білу. |
1. Тест жұмысы (Kahoot бағдарламасы арқылы)
Селекция ғылымы туралы алдыңғы білімдерін еске түсіру. 2. Мәтінді оқу. 1. Өсімдіктер селекциясы 2. Жануарлар селекциясы 3. Микроорганизмдер селекциясы |
Ғаламтор желісіне қосылға ұялы телефон.
Мәтінді парақшалар |
||
Түсіну. | Постер дайындау.
Берілген мәтінге сәйкес тірек-сызба арқылы постер дайындау. (Тақырыптарына сәйкес зерттеу әдістері, әдістерді қолдану ерекшеліктері, зерттеудегі жетістіктері туралы баяндалады) Постерді басқа топтарға таныстыру. 1. Тақырыптары ұқсақ топтар бір-бірін тыңдап, ой-пікір қосады. 2. Тақырыптары әр түрлі топтар үлкен топқа бірігіп, өз тақырыптарын түсіндіреді. |
А3 форматындағы 6 флипчарт, фломастерлер, қара қарандаш, сызғыш т.б | ||
Қолдану. | Ойлан.Бірік.Бөліс
Селекция ғылымын өмірде неліктен қолданамыз? (берілген сұрақ бойынша жеке ойланады, топта талқылайды, топтың пікірін ортада айтылады) |
слайд | ||
Талдау. | Т-кестесі арқылы салыстыру.
Селекция ғылымының тиімді сала ма? Селекция ғылымының жағымды және жағымсыз жақтарын ажырату. |
Т-кестесі сызылған флипчарт | ||
Жинақтау. | 5 жолды өлең.
1. 1- Зат есім. (термин) 2. 2- Сын есім (терминге қатысты) 3. 3-Етістік (терминге қатысты) 4. Сөз тіркесі (терминге қатысты) 5. Синоним (терминге қатысты) Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау |
Парақ, қалам | ||
Бағалау.
Кері байланыс |
Селекция ғылымын әрі қарай дамыту қажет па?
Padlet.com сайтына өз пікірлерін білдіру. |
Ғаламтор желісіне қосылға ұялы телефон. | ||
Қорытынды.
Бағалау |
Сабақ бойынша қорытындылау. Студентерді бағалау | |||
Үйге тапсырмасы | «Қазіргі замандағы селекция ғылымының дамуы» тақырыбында хабарлама жазу | |||
№ | Мұғалімнің іс-әрекеті | Студенттердің іс-әрекеті |
1. | Студенттермен амандасады; Студенттердің бүгінгі сабаққа дайындықтарын сұрайды; Студенттерді құрамы 4 студенттен тұратын 6 топқа біріктіреді; Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады | Мұғаліммен амандасады; Мұғалімнің нұсқауымен топқа бірігеді; сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныс болады. |
2. | Сабаққа қатысты алдыңғы білімдерін, тест тапсырмалары арқылы жауап беруді ұсынады; Тест жұмысына студенттердің дайындығын тексеріп, тестті жүргізіп отырады;
Сабақ тақырыбы бойынша қосымша білім алуда мәтінді парақшаларды топтарға таратады; |
Сабақ тақырыбына сәйкес алдыңғы білімдерін тестке жауап беру арқылы еске түсіреді. Теске ұялы телефон арқылы жауап береді.
Мұғалімнің берген мәтінімен оқиды, танысады. |
3. | Берілген мәтінді тірек-сызбалар арқылы флипчартқа түсіруді сұрайды; Дайын постерді басқа топта талқылауға және түсіндіру керектігіне бағыт береді; | Берілген мәтінді тірек-сызбалар арқылы флипчартқа түсіреді; Дайын постерді басқа топта талқылайды және түсіндіреді. |
4. | Интерактивті тақтаға сұрақ бері, оны жеке ойланып, топта бірігіп, ортақ түйін жинақтау арқылы жауап беруді сұрайды | Берілген сұраққа әр бір студент жеке ойланады, топта талқылайды, ортақ түйіндң айтады. |
5. | Селекция ғылымының жағымды және жағымсыз жақтарын кестеге толтыруларын сұрайды; | Селекция ғылымының жағымды және жағымсыз жақтарын Т-кестесіне толтырады. |
6. | Шығармашылық мақсатта жеке 5 жолды өлең құрауды сұрайды | 5 жолды өлеңді берілген нұсқаулыққа сәйкес құрастады. |
7. | Padlet.com сайты арқылы бүгінгі сабақ бойынша, алған білімдері бойынша кері байланыс жасауды ұсынады | Ұялы телефон арқылы Padlet.com сайтына кіріп алған білімдері бойынша, бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс жасайды. |
8. | Бүгінгі сабақ бойынша қорытынды жасап, студенттерді бағалайды. | Бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін қорытындылайды. |
Тест жұмысы
- Селекция қандай мағынаны білдіреді?
А)Іріктеу С) Жинақтау
Б) Сұрыптау Д) Бөлу
- Селекция ғылымының негізін кім қалады?
А)Г.Мендель С) Н.И.Вавилов
Б) И.П.Павлов Д) Х.Де.Фриз
- Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің қандай қасиеттеріне зерттеу жүргізді?
А) Шығу орталықтарына С) Таралу аймағына
Б) Өсетін орнына Д) өспейтін жерлеріне
- Мәдени өсімдіктердің қанша шығу орталығы бар?
А) 3 С) 6
Б) 5 Д) 8
- Мәдени өсімдіктермен қатар тағы қандай организімдерге зерттеу жүргізілді?
А) Үй жануарларына С) Жабайы өсімдіктерге
Б) Жабайы аңдарға Д) Бөлме гүлдеріне