Ұлы даланың жеті қыры.Таныстырылым сабақ

Ұлы даланың жеті қыры.Таныстырылым сабақ Сейтова Назым

 

Күні: 24.01.19

 

Сыныбы:  3 «А», «В»

Мектеп: М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп МДШО КММ

 

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтова Н

 

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Ұлы даланың жеті қыры
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Оқушыларға Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жайлы және мақалада атталған тарихымыз туралы түсіну, білу. Отанының тарихын, мәдениетін мақтан етіп, патриоттық сезімін күшейту.
Бағалау критерийлері Тақырыпты постер арқылы қорғай алады.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:Берілген тақырыпты ашып,әңгімелеп айтады, негізгі ойды  ашады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген тапсырмаларды орындайды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану,Жаратылыстану,Әдебиеттік оқу, Бейнелеу, Музыка
АКТ-ны қолдану дағдылары Интербелсенді тақта, бейнеролик,
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы оқушылардың қызметі. Ресурстар
 

 

 

 

Сабақтың басы

 

 

 

 

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

 

 

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Елбасымыз Ұлы Даланың жеті қыры деп аталатын мақаласын жариялады. Бұл мақала қазақ xалқының тариxын тереңдеткен мақала. Еліміз өзінің тариxи даму жолында талай жолдан өтті. Біздің кең байтақ даламызда тұғыш рет жылқы қолға үйретілген. Жылқы жылдам қарым қатынас құралы болды. Атбегілік өнер дамыды. Қазақтың атбегілік әбзелдері жақында  ЮНЕСКО  тізіміне енгізілді. Алматының апортын бәрің білесіңдер. Қазақстан алманың, қызғалдақтың Отаны. Елімізде кен өндіру де ерте заманда қолға алынған. Жезқазған, жезді, Теміртау, кентау деген қалалардың атауы тектен тек шықпаған. Алтын Адам сияқты құнды жәдігерлердегі алтын күмістен жасалған бұйымдар ата бабамыздың өте шебер болғанын дәлелдейді.

 

Қазақ елі – түркі xалықтарының Отаны. Біздің еліміз түркі жұртының атажұрты. Бұл да мақалада жақсы айтылған.

Дала фольклоры мен музыкасы да ерте заманнан бастау алады

 

Әр топ өз тақырыптарына байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.

1.      Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны

Берілген алма ағашын бояп, алмаларды орналастыру. Қызғалдақтарды бояу, мағлұмат дайындау.

2.      Ұлы Жібек жолы

Картаға қарап әңгімелеу. Жібек жолының шығу тарихын айту. Сауда жасауға апаратын заттарды бейнелеу.

3.      Түркі әлемнің бесігі

Сол кездегі пайда болған қалалар Түркістан, Отырар жөнінде әңгімелеу.

Тайқазан сөзінен бірнеше сөз шығарып жазу.

4.      Атқа міну мәдениеті

Ат әбзелдерін бейнелеп айту, атқа байланысты заттардың суретін салу, мағлұмат айту.

5.      Аң стилі

Қар барысы жөнінде әңгімелеу. Аң стиліндегі суреттерді орнына қою, әңгімелеу, жапсыру.

6.      Алтын адам

Алтын адам жөнінде айту.Алтын адамның суреттерін құрастыру.

7.      Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Ежелгі металлургия жөнінде әңгімелеу. Металдан қорытып жасалған заттарды топқа бөліп, оларды тауып орындарына жапсыру.

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик

«Ұлы даланың жеті қыры»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Постер қорғау

Сабақтың ортасы Сергіту сәті «Мен қазақпын» музыка ырғағымен би билеу.

 

Жасаған жұмыстарын қорғау.

1.      Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны

1.Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген

 

 

2.Қазақстан қазір де әлемдегі алма атауларының арғы атасы Сиверс алмасының отаны саналады. Алматы  қаласының аталуы да осыған байланысты.

 

 

 

 

3.Қазақстан табиғатында қызғалдақтың  35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан қызғалдақтың отаны болып саналады.

 

4.Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 4-10 м болады, 3-12 жылда жеміс береді.

 

2.      Ұлы Жібек жолы

 

1.Жібек жолы-Қытайдың Ши-Ан деген жерінен басталып, Шинжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік бағыты.

 

2.Картада жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.

 

3.Қытайдан шыққан жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанған. Қытайлар  жібек шығаратын құртты құпия ұстаған. Жібек матаға басқа тауарлар алмастырған. Жібек өте құнды болған.

 

4.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін  тоғыстырып адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.

3.      Түркі әлемнің бесігі

1.Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше.

 

2.Осынау асқар таулар  ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды.

 

3.Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер  ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына арналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты.

 

4.Орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениетінің ұлы ойшылдарының бірі  -Әбу Насыр әл Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халқының рухани  көшбасшының бірі Қожа Ахмет Яссауи  Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.

 

 

 

5.Ұлы даланың жеті қырының Түркі әлемнің бесігіне Алтай таулары жатады. Алтай таулары төрт мемлекеттің  шекараласқан тереторияларында орналасқан. Алтай тауының биіктігі 2000 км созылып жатыр. Бұл таудың климаты тым континентті.Қысы  суық әрі ұзақ болады.

 

4.      Атқа міну мәдениеті

1.Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңды деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды.

 

2.Ат үстінде жүрген көшпенділер  биік ер-тұрман  мен үзеңгіні ойлап тапты.

 

3.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі  «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.

 

4.Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған. Еуразия  көшпенділірінің айрықша маңызды әскери  жаңалығына баланған мұздай темір құрсанған атты әскер осылайша пайда болды.

 

5.      Аң стилі

 

Аң стилі

1.Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған.

2.Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланған.

 

3.Олар жыртқышардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған.

 

4.Егемен Қазақстан символдарының бірі  жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес.

 

 

 

 

 

 

6.      Алтын адам

 

1.Алтын адам-сақ тайпалары өмір сүрген кезең мен олардың әдет-ғұрып, мәдениетін айрықша көрсететін тарихи мұра.

 

 

2.         Есік обасына жерленген Алтын адам 17-18 жастағы сақ тайпасының өкілі болған. Сақ жауынгері алтынмен мол тігілген сәнді киім киген. Алтын адам киімі 4000 ға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.

 

3.         Бүгінгі таңда қанатты барыспен үйлесімдік тапқан «Алын адам» Қазақстанның ұлттық белгісіне айналды. Алтын адамның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды.

 

4. Алтын адамдағы әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат» нақышында жасалған

 

7.Ұлы даладағы ежелгі металлургия

 

1.         Сан алуан металл  кендеріне бай қазақ жері-металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі.

 

2.         Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары  алына  бастады.

 

 

3.         Қазба жұмыстары кезінде неше түрлі әшекей бұйымдар,қару жарақтар, қылыш т.б табылған. Бұл қарулар кең таралған соғыс құралына айналды.

 

 

4. Мен қазіргі металлургия туралы айтсам деп едім. Н.Назарбаев 1960ж  Теміртауға келгелі  домна пеші қосылды. Бұл ең алғашқы Қазақстан Магниткасы-Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні. Назарбаева  жас металлургтар арасында үлкен құрметке ие болды.

 

 

Постер

қорғау

 

Мағұлматтар айту

 

Сабақтың соңы Бағалау

Әр топ өз жұлдыздарын қай топтың жұмысы ұнады соған береді

Қима қағаздар

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *