Сапалы білім негізі – инновациялық технологияларда

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек деп атап айтты. Барлық инновациялық технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беріп, шығармашылықтарын арттыру.

Инновациялық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Білім беру жүйесіндегі инновация – білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу жаңа технологияларын әзірлеу жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді. Педагогикалық инновацияларды классификациялау нәтижесінде біз әдістемелік инновацияларды көбірек қолданамыз. Әдістемелік инновациялар – бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Жаңа нәтижеге бағытталған білім – инновациялық білім. Құзыреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды болары сөзсіз деген пікірмен толықтай келісуге болады. Мұғалімнің айтқанын өзіне қайталаудан гөрі, студенттерді іздендіре отырып, ой-пікірін тайсалмай айтуға ұмтылдыру баланың ойлау қабілетін дамытады. Яғни жаңа технология қарыштап дамып жатқан қоғамда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мол. Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: білім берудің ізгілендіру технологиясы,тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, кәсіби бағдар беру технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, интерактивті оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, т.б [2]

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн колледж алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Студенттердің ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, студентке берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі –  модульдік оқыту технологиясы.

Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар: Ғылым негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, физикалық заңдар мен теориялар және физикалық символиканы зерделеу;

  • физикалық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамыту;
  • Заттар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжірибелерді жасау білігін қалыптастыру;
  • Физиканың қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы ауқымды мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлінің артуын ашып көрсету;
  • Студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім студенттерді оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.  Студенттердің оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, студенттердің өзара әрекет етуіне құрылған. Студенттер қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Студенттер тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану студенттердің оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында студенттердің бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде студент өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Студент білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі. Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Модульдік оқыту технологиясымен  биылғы оқу жылында ШПМ-101, ЭПС-101 тобтары сынақталуда, күнтізбелік жоспары жасалып, үнемі қолданысқа енгіздім. Сабақ барысындағы бір тараудың модульінің үлгісін көрсететін болсам

«Термодинамика негіздері» тарауын мынадай модульге бөлдім.

Термодинамика негіздері

(8-сағат)

Модульдің құрылымы Сабақ реті Сабақтың мазмұны

мен түрі

Сағат

саны

ескертулер
 

Кіріспе бөлім

 

1сабақ

Модульге кіріспе.

Термодинамика негіздері Әңгіме дәріс. Тақтамен жұмыс

Қорытындылау (таратпа қағаз)

 

2

сағат

Сұхбат бөліміне

дайындық

 

Сөйлесу

бөлімі

 

2сабақ

Топпен жұмыс.

«Карлы кесек» ойын

2

сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу

 

 

 

3сабақ

Деңгейлік тапсырмалар

(есеп шығару)

 

 

2

сағат

Есеп шығара білуге үйрену.Қорытынды бөлімге дайын/қ
Қорытынды бөлімі  

4сабақ

Тест тапсырмаларын алу  

2

сағат

Жүйеге келтіру сабағы .

Тест тапсырмаларын алуға дайындық

 

Бұл білім сапасын, танымдық деңгейін арттыруда тиімді. Модульдік оқытуда эксперимент ретінде  ЭПС-101 тобы, үнемі қолданыста ШПМ-101 тобын   алдым. Осы екі топтарды салыстырғанды мониторингтен көруге болады: Іж.ж  қорытындысында ШПМ-101 тобын   білім сапасы 46%,  ЭПС-101 тобының   білім сапасы – 37%. Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде студенттер көбінесе топтарға бөлініп, өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі. Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Студенттердің модульдік оқыту технологиясымен өткен сабақтар туралы ой-пікірлерін былай дейді:

-МОТ берген сабақтар маған өте ұнайды, әсіресе, сөйлесу сабақтары;

– бір-бірімізбен пікір алмасу ұнайды, әртүрлі ойындармен өте қызықты өтеді;

-әр тақырыпты сөйлесу сабақтарында бірнеше рет талдаймыз, осындай сабақтан жақсы түсінемін.

ШПМ-101 тобын   МОТ І ж.ж жүргізіліп отырғандықтан,  психологы оқушылардың мотивациясын анықтап, сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі төмендегідей.

 

 

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Атқарылған іс-шаралар:

  • Кафедра отырысында іс-тәжірибе алмасу, талдау, пікірлесу
  • Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі (семинар)
  • «Өрлеу» БА ҰА» АҚ филалы Қарағанды обылысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктігін арттыру институтында және ЖШС «ОФСО» өз білімімді көтердім 02.2016ж
  • Оқушыны ғылыми-теориялық конференцияға дайындау (Халықаралық ХІІ Байқоңыров оқулары материалдар жинағы )
  • Ғылыми жоба қалалық (ІІ орын)
  • Олимпиада колледжішілік (І орын)
  • Аймақтық-қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындау («Қазақстан -2050»Стратегиясы-Жастар көзқарасымен» материалдар жинағы )
  • Шығармашылық жұмыс: «Атом ядросының физикасы»
  • Өздік жұмыс:«Эйнштейннің фотоэффектіге арналған формуласы»

–    Ашық тәрбие сағаты «Өзіңе  өзің қызмет ет – Әдеппенен»

VІ. Модульдік оқыту технологиясы бойынша мынадай құжаттар әзірлеп, сабаққа пайдаландым:

  • Модульдік оқыту технологиясы бойынша күнтізбелік жоспар;
  • Сабақ жоспарлар
  • Тесттік тапсырмалар жинағы;
  • Түсіндірме сөздік (кітапша)
  • Олимпиадалық есептер жинағын құрастырудамын.
  • Модульдің жеке-жеке кітапшалары;

Қорыта келгенде, кез келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу, оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Жаңа педагогикалық технологияларды физика сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім. Оған дәлел – біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Өздерінің ерекше шығармашылық дарыны мен қабілетін көрсете білді. Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *