Жастар-барлық прогрестің қозғаушы күші
Жастар – барлық прогресстің қозғаушы күші
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!»
Мағжан Жұмабаев
Елдің дамуы мен өркендеуінің негізгі тұтқасы –айбынды да белсенді жастар екені бәрімізге айқын. Жалындаған, бойында қуаты тасыған, білікті де білімді, патриот жас өркен қай елдің болмасын арқа сүйер мақтанышы іспеттес. Ендеше бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отырған жастардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі. Адам баласы қазіргі нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті болуы үшін рухани, мәдени, адами эквиваленттілігі жоғары болу керек деп ойлаймын.Байқап қарасақ қазіргі жастар инновациялық жаңалықтар ашуға, креативті пікір жасауға өте құмар.Бұл да замманның ерекше белгісі екені айқын. Бүгінгі жастар ұрпақ – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Кез-келген тұлға сыйлы, қоғамда елеулі орны болуы үшін қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы керек.Себебі, рухани ерік-жігер де, патриоттық рух та ортамен араласудан туындайды.Сондықтан мемлекет жастарға «алтын орта» қалыптастыруға жағдай жасаудың болашақтағы маңызы зор деп білемін.
Кез келген өзара тиімді іс-қимыл барлық қатысушылар үшін қызығушылық пен пайданы көздейді. Егер біз «жастар» деп атап отырған тұлғалар біз армандайтын Қазақстанды құрып және аяғынан тік тұрғызар болса, оларға қызығушылық туғызып, олар үшін барлық жағдайды жасау керек. Бұл үшін мемлекеттің арсеналында сол мүмкіндіктердің барлығы бар сияқты. Бұл жерде осы мәселені ақылға қонымды шешімдер мен салиқалы саясатсыз шешу мүмкін емес. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Жас ұрпаққа қамқорлық, оның қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қашанда менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар», – деп қоғамдағы жастар мәретбесін ерекшелейді. Соның ішінде елімізде жастарға арнайы бағдарламалар жұмыс жасауда. Атап айтқанда «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру»,«Болашақ» степендиялық бағдарламасы, басқа да жастардың шет елде білім алуына үлкен мүмкіндіктер жасайтын бағдарламалар ұйымдастырылған.
Бұдан бөлек айта кететін жайт, Мемлекет басшысының «2019 жылды– Жастар жылы» деп бекітіп, баршамызды бір қуантуы еді. Сол қуаныштың алғашқы қадамы ретінде кеше, 23 қаңтар күні білімді, белсенді, елін-жерін сүйген, Отанына қызмет етіп жүрген жастардың қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты болып өтті. Осы форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен доктарант Ерниязова Айсұлу қатысып, сөз сөйледі. Жастар жылына ҚазҰУ студенттері белсенді атсалысуда.Университет ішінде түрлі іс-шаралар, форумдар. мотивациялық-іскерлік кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Бұл ҚазҰУ басшылығының белсенді,тиімді,прогрессивті іс-әрекеттерінің, жұмыстарының нәтижесі.Мұндай жасалып жатқан жұмыстардың барлығы әрине,жастар болашағының жарқын болуы үшін! Қортындылай келе, алдағы уақыттарда Қазақ Елінің даңқын асқақтатар ел жастары бәсекеге қабілетті, тарихта орын аларлық игі істер атқаратындай азаматтар мен азаматшалар болсын!Заманауи прогресті жасайтын, жастар, мына сіздер!
Есекеева Айнаш Акимсаловна, ҚазҰУ Заң факультетінің аға оқытушысы