Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
«Адамгершілік – асыл қасиет» |
Мектеп:
Белогор негізгі орта білім беретін мектебі |
||
Күні: 18.01.2018 ж. | Мұғалімнің аты-жөні:
Ажгалиева К.А. |
||
Сынып: 5
|
Қатысқандар: 6 | Қатыспағандар: 1 | |
Сабақтың тақырыбы | Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті
|
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары | 5.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:
Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс-әрекетін анықтайды |
||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әрекет пен портрет негізінде кейіпкердің образына талдау жасайды, кейіпкердің іс-әрекеттерін салыстыра сипаттайды. |
|||
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығарма кейіпкерлері мен шынайы өмірдегі адамдарды салыстырып, өзіндік баға бере алады, кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді. |
|||
Жетістік критерийлері | Шығармадағы кейіпкер портреті мен іс-әрекетін анықтайды.
|
||
Тілдік мақсаттар | Пəнге тән лексика мен терминология:
Мысал, кейіпкер, портрет образ Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Егіннің бастары, әке мен бала, бидай, адамгершілік қасиет. |
||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» құндылықтарына сәйкес азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру | ||
Пəнаралық байланыстар | Орыс тілі – мысал орыс ақыны И.И.Хемницерден аударған.
Өнер – мысал бойынша көрініс қою, образдарға ену. Бейнелеу өнері – сюжет бойынша сурет салу. Өзін-өзі тану – жақсы және жаман қасиеттерді ажырату, адамгершілік қасиеттерге баулу. |
||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларға презентация көрсету | ||
Бастапқы білім | А.Байтұрсынов туралы мәлімет, мысал мазмұнын біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Шаттық шеңбері
«Менің қасиетім» (оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттеріен бөліседі)
«Пазл» әдісі (Оқушыларды топқа бөлу) І топ ІІ топ
Үй тапсырмасын тексеру «Жадыны жаңғырту» әдісі 1.А.Байтұрсынов кім және оның қандай шығармаларын білесіз? 2. «Егіннің бастары» мысалы не туралы? |
жіп
Қиылған суреттер |
||||||||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. Ж.ЖЖ.ТЖ
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі Мысал мазмұны бойынша жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді жазыңыз.
Дескриптор: – жақсы және жаман қасиеттерді ажыратады; – жақсы және жаман қасиеттерді жазады; – жұппен, топпен талқылайды. ҚБ: қолпаштау сөздер арқылы
2-тапсырма. ТЖ. А) Кейіпкердің сипаттауларын іздеп тауып, ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз.
Ә) «Венн диаграммасы» әдісі Екі бидайды салыстырыңыз «Егіннің бастары»
Дәнге толы бидай Дәнсіз бидай
Дескриптор: – кейіпкер іс-әрекетін анықтайды; – кейіпкерлерді салыстырады, ортақ қасиеттерін табады. – екі бидайдың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады. – кестеге жазады; ҚБ: «Бағдаршам» әдісі
3-тапсырма Мысалды рөлге бөліп оқу
Дескриптор: – мысал өлеңді мәнерлеп оқиды; – мысалды рөлге бөліп оқиды; – образға ене отырып рөлді сомдайды. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
Қорытынды 4- тапсырма. «Алты қалпақ» әдісі «Ақ қалпақ» – сабақ бойынша ұнамды сәттер. «Сары қалпақ» – сабақ тақырыбының өмірмен байланыстылығы, қажеттілігі. «Жасыл қалпақ» – тақырып бойынша нені өзгертер едіңіз, жаңалығыңыз. «Қызыл қалпақ» – тақырып бойынша ішкі сезім. «Қара қалпақ» – сабақ бойынша жағымсыз сәттер. «Көк қалпақ» – тпқырып бойынша қорытынды ой.
Дескриптор: – ақпаратты пайдаланады; – нақты дәлелдер келтіреді; – кейіпкер образына көзқарасын білдіреді; – қорытынды жасайды.
|
стикерлер
Кесте сызылған, «Венн диаграммасы» сызылған плакат
Қима қағаздар |
||||||||
Сабақтың соңы | «Бағалау терезесі»
Үйге тапсырма: 1) «Егіннің бастары» мысалын жаттау 2) Мысал өлеңінің мазмұнына байланысты сурет салу. |
стикерлер | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.
Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады |
Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.
|
Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||
Оқу мақсаттары дұрыс құрылған. Барлық оқушылар бүгінгі сабақта белсене араласып өз мақсаттарына жетті. Сабақ уақыттар берілген минут кестелеріне байланысты нақты сақталды. Сабақ кезінде сабақ жоспарынан еш ауытқулар болмады. |