Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару (5 сынып)
Сабақ: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Күні:02.02.2017ж.
Сынып: 5 «В» Қатысқандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Бөлшекті бөлшекке көбейту,бөлшекті натурал санға көбейту, аралас сандарды көбейту туралы білімдерін тереңдету,білімін есептер шығаруда пайдалана білуге,түсінігін математика тілінде жүйелеп жеткізе білуге баулу
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:
Бөлшектерді көбейту тақырыбын меңгерген
Оқушылардың басым бөлігі:
Жай бөлшектерді көбейту ережесіне сәйкес есептерді шығара алады
Кейбір оқушылар:
Жай бөлшектер ұғымын кеңейте отырып,өтілген барлық ережелерді есептерді шығаруда қолдана алады
Тілдік мақсат Оқушылар: (істей) алады
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Жай бөлшек,бұрыс бөлшек,аралас сан
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Бөлшекті бөлшекке көбейту қалай орындалады?
Натурал санды бөлшекке көбейту қалай орындалады?
Аралас сандарды көбейту амалы калай орындалады?
Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса,онда көбейтінді де нөлге тең
Жазылым бойынша ұсыныстар:
І Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін,олардың алымдарын көбейтіп,алым етіп,бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек a/b*c/d=(a*c)/(b*d)
ІІ Бөлшекті натурал санға көбейту үшін,бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп,бөлімінің бөлімінің өзін қалдыру керек. a/b*n=(a*n)/b
ІІІ Аралас сандарды көбейту үшін,
1) оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек
2) бөлшектерді көбейту ережесін қолдану керек
Алдыңғы оқу Аралас сандарды қосу , азайту
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Басталуы
5 мин
3 мин
6 мин
3 мин
9 мин
3 мин
5 мин
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі. Фигураларды таңдау арқылы оқушылар топқа бөлінеді
І топ . Дұрыс бөлшек ІІ топ. Бұрыс бөлшек ІІІ топ. Аралас сан. Әр топ өз тобы туралы мәлімет береді, топ басшылары сайланады.
Үй тапсырмасын текнру
Білу. «Миға шабуыл» әдісін пайдалану арқылы өтілген тақырыптарға қатысты тест сұрақтары
1)Дұрыс бөлшекті көрсетіңіз:
А) 17/12 В) 24 С) 4/27 Д) 3 2/5
2) Қандай бөлшек аралас санға айнала алады?
А)дұрыс бөлшек В) бұрыс бөлшек С) натурал сан
3) Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырыңыз: 36/17
А) 2 2/17 В) 1 5/17 С) 2 17/2 Д) 17 3/2
4) ЕКОЕ ( 3,7)
А) 12 В) 9 С) 15 Д) 21
5) Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырыңыз: 34/5
А) 12/5 В) 19/5 С) 60/5 Д) 40/5
Түсіну.
І Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін,олардың алымдарын көбейтіп,алым етіп,бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек a/b*c/d=(a*c)/(b*d)
Мысалы 7/8*3/5=(7*3)/(8*5)=21/40
ІІ Бөлшекті натурал санға көбейту үшін,бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп,бөлімінің бөлімінің өзін қалдыру керек. a/b*n=(a*n)/b
Мысалы 3/7*4=3/7*4/1=(3*4)/(7*1)=12/7=1 5/7
ІІІ Аралас сандарды көбейту үшін,
1) оларды бұрыс бөлшек түрінде жазу керек
2) бөлшектерді көбейту ережесін қолдану керек.
Мысалы 8 3/10*5=83/10*5=(83*5)/10=83/2=41 1/2
Қолдану.
І «Семантикалық карта.
СЕРГІТУ СӘТІ. Дене мүшелері арқылы сандарды жазу.
1, 2, 3, 4, 5
Талдау. Топпен жұмыс. «Ойлан- Жұптас-Бөліс» әдісі.
Логикалық сұрақтар. Жауабын үш тілде ата.
І топ
А) Оқушы сан ойлады. Ойлаған саннан 4 5/16 ті азайтқанда 450 санынан 90 есе кіші сан шығады. Оқушы қандай сан ойлады? Ж: 9 5/16
Ә) 15 саны мен 60 санының арасындағы жай сандар нешеу? Ж: 11
ІІ топ
А) Оқушы сан ойлады. Ойлаған саннан 5 7/12 ні азайтқанда, 240 санынан 60есе кіші сан шығады. Оқушы қандай сан ойлады? Ж:9 1/12
Ә) 31 саны мен 47 санының арасындағы жай сандар нешеу? Ж: 12
ІІІ топ
А) Оқушы сан ойлады. Ойлаған саннан 3 1/15 ді азайтқанда, 360 санынан 60есе кіші сан шығады. Оқушы қандай сан ойлады? Ж:9 1/15
Ә) 1 саны мен 37 санының арасында қанша егіз сан бар? Ж: 5
Оқулықпен жұмыс
І топ.№1021(1,2)
ІІ топ (3,4)
ІІІ топ (5,6)
«Жинақтау» Интеллектуалды дуэль. Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосудың ережелеріне тез жауап беру.
І топ
1.Жай болшектің алымы нені көрсетеді?
2.Бөлімдері әртүрлі бөлшек қалай салыстырылады? 3. Бөлімдері бірдей бөлшек қалай қосылады?4.Аралас сан деген не?
ІІ топ
1.Жай бөлшектің бөлімі нені көрсетеді? 2. Жай бөлшек қалай қысқартылады? 3.Алымдары да бөлімдері де әртүрлі бөлшек қалай салыстырылады?4. Бөлімдері бірдей аралас сан калай қосылады?
ІІІ топ
1.Бөлімдері әртүрлі бөлшек қалай қосылады? 2.Алымдары бірдей бөлшек қалай салыстырылады? 3.Бөлімдері бірдей бөлшек қалай салыстырылады? 4.Бөлімдері әртүрлі аралас сан қалай қосылады?