Ұлы дала елінің – Елбасы!
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
№5 бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Досанова Гүлмира Сүлейменқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: « Ұлы дала елінің – Елбасы!»
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,
ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Балаларға елбасы туралы толық мағлұмат беру.
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, слайд, суреттер, ту, гүлдер,шарлар.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
Барысы: Ұйымдастыру.
1.Шаттық шеңбер:
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
2.Сұрақ-жауап:
– Біз қай елде тұрамыз?
– Қазақстан Республикасында тұрамыз.
– Қазақстанның Елордасы қай қала?
– Елордамыз – Астана.
– Елбасымыз кім?
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
– Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
– Гимн, Ту, Елтаңба.
3.Көрініс. «Нұрсұлтан есімінің берілуі».
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды.
Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Зарығып күткен немересіне әжесі Мырзабала көп ойланып ізденіп жүр еді. «Менің немерем екі бірдей есімді арқалайтын болады. Оның аты – Нұрсұлтан. Алланың 99 атының екеуінен құрастырып, ырымдап, Нұрсұлтан деп ат қоямын, бұл Нұр (араб тіліндегі сәуле, жарық, жарқырау, тазалық дегенді білдіредіі) және Сұлтан (араб тіліндегі жоғары билеуші, әмірші, мейірбан, ақсүйек деген мағынада).
Отбасында және бала-шағаның, достары мен құрбы-құрдастарының арасында Нұрсұлтанды есімін қысқартып әрі қарапайым түрде Сұлтан деп атайтын.Қайран әже одан әрі сүйікті немересіне «көз тиеді» деп қып-қызыл матадан киім кигізіп қояды. Біреу-міреу кіре қалса, етпетінен жатқызып қояды екен. Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
4.Слайдтар көрсету.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
ҚР-ның Елбасына дейін көтерілген. Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолыжеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
1991жылы Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
5.Оқушылардың жыр-шумақтары.
1-оқушы:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұр атаның бастауы.
2-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлыжан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
3-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
4-оқушы:
Биіктейбер, Нұр ата,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.
5-оқушы:
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр атам.
Көбейткен достың қатарын,
Нұр ата – біздің ұлы адам.
6-оқушы:
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
7-оқушы:
Мен – қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен – қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қаранардай көтерер.
8-оқушы:
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр атаның.
9-оқушы:
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады,
Елбасы боп сайланды да Нұр атам.
10-оқушы:
Отан – менің жүрегім,
Отан – менің тірегім.
Отан – сенің саянда,
Бақыт құшып жүремін
11-оқушы:
Отан – осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан»- депөсжасқауым,
Оны ардақтапсүйебіл.
12-оқушы:
«Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан. Бұл – бүгінгінің шындығы».
13-оқушы:
«Нұрсұлтан Назарбаев десе – Қазақстан; ал Қазақстан десе – Назарбаев ойға оралады»
14-оқушы:
«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз»
15-оқушы:
«Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев – осындай тұлға.»
Хор: «Отан».
Ендігі кезек Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.
– Біз мемлекет құрдық. Құрғанда да аты бар заты жоқ мемлекет емес, Бүкіл адамзат танитын, танып қана қоймаған – мойындайтын, құрметтейтін мемлекет құра алдық.
– … Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
– «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».
– Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.
– Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.
– Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.
– Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.
– Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
– Абайдың сөзі қазақтың бойтұмары.
– Ұлттық намыс – ұлы ұғым.
– Бірлік – біздің қасиетті туымыз.
– Конститутция – кемел келешектің кепілі.
– Дарынды ұрпақ – қарымды ұрпақ.
– Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кемел ғылымда.
Қорытынды:
Мұғалім: Балалар Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да, мына өздерің боласыңдар.
– Балалар, ойланайықшы! Егемен еліміздің саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Ұлттық рухымыз берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.
Педагогтың қорытынды сөзі:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.
“… Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…”
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718