Сынып жетекшінің жылдық Е С Е Б І

Сынып: 8«А»

 

Сынып жетекшісі: Сенгирбаева Салтанат Бахтыбаевна

Жалпы еңбек өтілі:11 жыл 3 ай

Сынып жетекшілік еңбек өтілі: 2 жылСанаты: І

Ұлты:қазақ

 

Бітірген оқу орны, жылы: Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ

Мамандығы:биология пәнінің мұғалімі

 

Сынып тәрбие жұмысының тақырыбы:Оқушыларды адалдық, еңбекқорлық, әдептілік қасиеттерге тәрбиелеу

Мақсаты:Оқушыларды адамгершілігі мол,кішіпейіл, рухани бай,табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  Оқушылар бірін-бірі бағалап, қадірлеуді,адами қарым-қатынас құндылығын түсінеді.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 8 бағыттарына сәйкес жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілген:

  • Қазақстандық патриотизм,азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі
  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі
  • Отбасы тәрбиесі
  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  • Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық  тәрбие
  • Зияткерлік тәрбие, ақпараттық  мәдениет тәрбиесі
  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жоспар құрылған, олар:

  • Құқық бұзушылықтың алдын-алу;
  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу;
  • Өз –өзіне қол жұмсау алдын алу;
  • Ұлдар және қыздармен жұмыс;
  • Ата –анамен жұмыс;
  • Діни экстремизммен күрес;
  • АҚТҚ-ЖҚТБ –ның алдын алу;
  • Нашақорлық және темекімен күрес;
  • Жолда жүру ережесін сақтау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атқарылған  жұмыстардың бағыты Атқарылған жұмыстар
 

 

 

 

Құқық бұзушылықтың алдын-алу

 

 

Мақсаты:

Оқушыларға құқық бұзушылық туралы тәрбие беру.

 

2017-2018 оқу жылында  « Біз-тәуелсіз Қазақстан ұланымыз » атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.Әр тоқсанда ата-аналар жиналысы болып өтті.

 

2017-2018 оқу жылында сыныпта құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Көп жасаған қария-ақылы асқан дария», «Салт-дәстүрім-қазынам», «Қазақ спортшылары» атты  сынып сағаттары өз уақытында өткізілді өткізілді.

 

1.Сынып бойынша барлық оқушы саны – 24

 

2. Ұлттық құрамы:

·         Қазақтар    –  24

·         Өзбектер   жоқ

3. Оқушылардың әлеуметтік жағдайы

Тұл жетім – жоқ

Жартылай жетімдер саны – жоқ

Көп балалы жанұя саны – 5

Аз қамтылған жанұя – 1

Қиын оқушылар саны – жоқ

Оралмандар саны – жоқ

Үйден оқытылатын оқушылар саны – жоқ

Сәтсіз отбасы – жоқ

Жалдамалы пәтерде жүріп оқитын балалар саны – жоқ

 

Оқушылардың сабаққа қатысуы:  жақсы деңгейде оқушылар сабақтан себепсіз қалмайды.

Оқушылардың күнделігін тексеру:

Тексеру барысында кемшіліктер болды,уақытында жойылып отырды.

Кітап қоры:қазақ тілі 24,әдебиеттік оқу 24,математика 24 ,өзін өзі тану 24,ағылшын тілі 24, қазақ әдебиеті 24

 

Күтілетін нәтижесі: Сыныптағы сынып оқушылары бір-бірімен жақсы қарым –қатынаста болды, ынтымақтастық артты.

 

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу

Мақсаты:  Оқушылар зорлық-зомбылық туралы білу.

2017-2018 оқу жылында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу мақсатында «Заңды білу-заман талабы», «Елдің бірлігі-ең асыл қасиет» атты сынып сағаттары өткізілді.

                                                                        

 

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар  өз міндеттерін,құқықтарын, бейбітшіліктің артықшылығын білді.

 

Суицидтің алдын алу

Мақсаты:  Суицид туралы мәлімет білу

2017-2018 оқу жылында суицидтің алдын-алу мақсатында «Әкем менен анамнан үлгі алып өсем мен» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Күтілетін нәтижесі: Ата-ананың қадір-қасиетін ұғынды, соларға еліктеу қажеттігін  білді.

Ұлдар және қыздармен жұмыс

Мақсаты: Сыныптағы ұлдар мен қыздар ұлттық руханиет туралы білу.

2017-2018 оқу жылында ұлдар және қыздармен  «Баланың бас ұстазы- ата-анасы»тақырыбында сынып сағаты,  «Балаңды аясяң аяма» тақырыбында

« дөңгелек үстел» өткізілді.

Күтілетін нәтижесі:

Ұлдар мен қыздар топпен жұмыла жұмыс жасауды,ұлттық рухтың биік болу қажеттігін білді.

Ата –анамен жұмыс   

 

 

Мақсаты:Ата –аналармен жұмыс жүргізу.

2017-2018 оқу жылында ата –ана комитеті тағайындалды.

Әр тоқсан бойынша ата –аналар жиналысы өткізілді. «Жаңартылған білімге жаңаша  көзқарас» тақырыбында  баяндама оқылды.

 

 

Күтілетін нәтижесі: «Үштік одақ» жұмысын жандандыру                         

Діни экстремизммен күрес

Мақсаты: Оқушылар діни экстремизм туралы мәлімет біледі.

 

2017-2018 оқу жылында  «Ақпараттық мәдениет дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

 

 

 

Күтілетін нәтижесі: Ақпараттық мәдениетпен қарулану-діни экстремизмге тосқауыл боларлық қорған  екендігін білді.

 

АҚТҚ – ЖҚТБ –ның   алдын алу;

Нашақорлық және темекімен күрес

Мақсаты:АҚТҚ –ЖҚТБ туралы мәлімет біледі

2017-2018 оқу жылында «Ішімдік пен нашақорлыққа қарсы шаралар»тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

 

Күтілетін нәтижесі: АҚТҚ-ЖҚТБ туралы білді.

Жолда жүру ережесін сақтау

 

Мақсаты:Жолда жүру ересі туралы түсінік қалыптастыру.

2017-2018 оқу жылында сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін білесің бе?» тақырыбында пікір алмасу сағаты өткізілді.

 

 

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар жолда жүру ережесін білді.

 

Байқаулар бойынша

Мақсаты:Ұжымдыққа тәрбиелеу.

2017-2018 оқу жылында қазан айында «Күз ханшайымы»  байқауы болды .Байқауда 8 «А» сынып оқушысы-Күмісбек Айгул  жүлделі үшінші орынды иеленіп,мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

2017-2018 оқу жылының ақпан айында «Жігіт сұлтаны – 2018» байқауы болды. Байқауда 8 «А» сынып оқушысы Ералиев Руслан жүлделі бірінші орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

 

2017-2018 оқу жылының ақпан айында «Жас талант -2018» байқауы болып, оған 8«А» сынып оқушылары: Күмісбек Айгүл, Танашева Алина, Өсербаева Қасиет, Махсут Әбдірәйім қатысып мақтау қаздарымен марапатталды.

 

Күтілетін нәтижесі: Топпен жұмыс істеудің нәтижесі қуаныш әкелетінін, ұжымдық жұмыс жеңіске бағытталатындығын,ұжыммен  жұмыс істеудің артықшылықтарын білді.

Атқарылған сыныптан тыс сабақтар.

Мақсаты: Оқушылардың ой өрісін дамыта отырып, пікірталаста еркін сөйлеуге дағдыландыру.

2017-2018 оқу жылыда оқушылар сыныптан тыс сабақтарға белсенді қатысып отырды.

Күтілетін нәтижесі: Оқушылар кітаптың пайда зияны туралы пікрталаста еркін сөйлеуге дағдыланды.

«Жастардың кітап оқуға ынтасы неге төмен?»  атты дебат сабағын өтті.

 

 

2015-2016 оқу жылындағы                       8 бағыт бойынша атқарылған жұмыстар

Мақсаты: Оқущылар патриотизм,азамат-

тық ,рухани адамгершілікке тәрбиелеу

2015- 2016 оқу жылында 8 бағыт бойынша атқарылған жұмыстар  « Қазақ халқының ерлік істері», «Шырайлы Шымкентім», «Құқықтық сауаттылық-құқықтық мәдениеттіңң алғышарты», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаттары, «Біз-тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Күтілетін нәтиже:

Тәуелсіздік  жолында тағдырын сарп еткен ата-бабаларымыз бен аға-әпкелеріміздің жанкешті еңбегін түсінді, тәуелсіздікке қосар үлестің ауқымды болу керектігін ұғынды.

 

 

 

Рухани-адамгершілік тәрбиесі

 

Мақсаты: Рухани -адамгершілікке тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық тәрбиесі

 

Мақсаты:

Ұлттық тәрбие беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы тәрбиесі

 

Мақсаты: Отбасылық құндылық тәрбиесін беру.

 

 

 

 

Еңбек,экономикалық  және экологиялық тәрбие

 

Мақсаты:  Еңбекке,экономикалық және экологиялық тәрбие беру.

 

Көп мәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие

 

Мақсаты:  көп мәдениетті және эстетикалық тәрбие беру.

 

 

 

Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі

 

 

 

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты

Мақсаты: Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтына тәрбиелеу

 

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тәрбие сағатынан

Әр аптаның дүйсенбі күні ҚР-ның Әнұраны орындалып тұрады, әр аптаның қорытындысы шығарылады.

 

Желтоқсан айы патриоттық ай болып жарияланды.

Мақсаты:

1) Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті қалыптастыру;

2)  Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін күшейту;

«Рухани адамгершілік тәрбие-қоғам төзімділігінің негізі», «Әке-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ», «Адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттер», «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді

 

Күтілетін нәтижесі:

ӨзОтанына деген сүіспеншілік сезімі оянды,ҚР-ның рәміздеріне деген құрметі күшейді.

 

Мақсаты: Оқушыларға ибалы ұл,инабатты қыз болуға тәрбиелей отырып, адамгершілікке,ұлттық рухты сіңірген  ұрпақ болып қалыптасуға  бағыт бағдар беру.

« Ұлттың болашағы-біздің бірлігімізде», «Мемлекеттік тілді білу-әрбір азаматтың борышы», «Өз халқының мәдени мұрасын ұмытпау», «Тәуелсіздік-тұғырым!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Күтілетін нәтижесі:

Ибалы ұл,инабатты қыз болу-ұлт ұятын құрайтындығын түсінді.

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:Отбасыны,оның мүшелері: ата-ананы сыйлауды,қазыналы қарияларды құрметтеуді үйрету.

«Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі», «Халықтың қартын сыйлауы-елінің салтын сыйлауы», «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы», «Баланы қалай тәрбиелеу керек?» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.

Күтілетін нәтижесі: Отбасыны, отбасы мүшелерін, отбасы үлкендерін құрметтеуді білді.

 

Мақсаты: Туған өлке,қазақ жерін қорғау-әр азаматтың құқығы екендігін,жалқаулық-адам бойындағы жағымсыз кесел екендігін түсіндіру

«Адамды адам еткен-еңбек», «Біз экономика туралы не білеміз?», «Ұлттық валюта, теңге күні», «Экологиялық тәрбие-болашақ кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.

 

Күтілетін нәтижесі:

Жалқаулықты жеңуді, табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйренді.

 

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының бауырындағы ұлттар мен ұлыстар мәдениетіне жауапкершілікпен, мәдениеттілікпен қарау

 

Күтілетін нәтиже: Мемлекеттік тілдің маңыздылығы мен көп ұлтты Қазақстан елінің мейірбандығын  ұғынды.

 

 

 

 

 

Мақсаты: Игерген  білімді өмірде пайдалануға, өмірде өз орындарын дұрыс табуға  тәрбиелеу.

«Өмір бойы білім алу-адамзаттың борышы», «Әлемде талай қызық бар», «Не?Қайда?Қашан?», «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.

Күтілетін нәтижесі: Игерген  білімді өмірде пайдалануды, өмірде өз орындарын дұрыс табуды түсінді.

 

Мақсаты:  Спорт-денсаулық кепілі екендігін, саламатты өмір салты спортпен байланысты екендігін ұғындыру.тәрбиелеу.

«Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі», «Туберкулездің алдын алу», «Халықаралық шылым шегуден бас тарту күні», «ЖҚТБ-ғасыр дерті» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.

 

Күтілетін нәтижесі: Саламатты өмір салтының маңыздылығын түсінді

 

Дәстүрлі мерекелік                        іс- шаралар

 

 

 

Мақсаты:  Мерекелерді сезіну,тәрбиелік мәнін ашу.

2017-2018 оқу жылы еліміздің бас қаласы-Астана қаласында өтілген «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені ұйымдастыруымен тұспа-тұс келді.Іс-шара Республика көлемінде дәріптелді.Біздің мектебімізде де  бұл іс-шараларға атсылысып жоспарлап түзіліп, бекітілді. Мектеп аясында осы тақырыптарға байланысты тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар, мерекелік концерттер өткізілді.

1 –қыркүйек күні «Білім күні», 1-желтоқсан күні «Тұңғыш Президентім», 16 желтоқсан күніне орай «Тәуелсіздік-тұғырым», жаңа жыл мерекесіне орай «Жарқыра, жалында , көгілдір от!», 8 науырыз халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға сәлем», 9 мамыр жеңіс күніне орай, 25 мамыр күні «Соңғы қоңырау»  мерекелік іс-шаралары өтілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтижесі: Мерекелерді шынайы  сезінді, өзіндік үлес қосты, тәрбиелік мәнін білді.

 

Қорытынды          2017-2018 оқу жылында жалпы сыныпты 24 оқушы бітірді. 4 оқушы үздік, 7 оқушы екпінді, 13 оқушы  қанағаттанарлық деген бағамен бітірді.

8 «А» Сынып оқушылары барлық қоғамдық істерге де, мерекелік іс-шараларға да белсенді атсалысып отырды.

Елбасымыздың бастамасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жеке «Сананың ашықтығы» бағдары бойынша тәрбиелеп отырған ұрпағымыз салауатты өмір ұстанымын ескере отырып, ұлт ұрпағын саналы азамат етіп, жалғастыру, тәрбиелеу басты міндетіміз деп білемін.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

1 комментарий

  1. зумрат:

    ӨТЕ ЖАҚСЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *