I like to eat vegetables
Тақырыбы: I like to eat vegetables
Білім беру саласы «Қатынас»
Бөлімі Ағылшын тілі
Тақырыбы Vegetables
Мақсаты • тақырыпқа байланысты сөздерді ағылшын тілінде атауды үйрету
• еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
• сөздерді анық айтуға дағдыларын қалыптастыру
Лексикалық бірлік Potato-картоп, tomato-қызанақ, carrot-сәбіз
Іс-әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс -әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық– қозғаушылық Мұғалім балалармен амандасады.
– Good morning, children! How are you? Мұғаліммен амандасады.
– Good morning. O’k!
Ұйымдастыру – іздестіру – Балалар бізге бүгін қонақ келіпті. Оның аты Мэри.
Қуыршақ Мэри балалармен амандасады.
-Мэри әжесінің саяжайында қандай көкөністер өсетінін білмейді екен. Let’s help, көмектесейік.
Мұғалім балаларға суреттерді көрсетеді.
– potato
– tomato
– carrot
Сергіту сәті:
I like to eat, eat, eat,
Potato and tomato
I like to eat, eat, eat,
Apple and bananas.
I like to eat, eat, eat,
Carrot and a sweet.
y-y-y-y-y!
“Where grows?” дидактикалық ойыны
Балаларға ойын шартын түсіндіреді, суреттерді таратады.
-Балалар, барлық жемістер мен көкөністер тұрған қорапты Мэри байқамай шашып алыпты. Әжесі ренжімей тұрғанда оларды жинап, салып қояйық. (ұнтаспадан көңілді әуен қосылады).
«Vegetables»дидактикалық ойыны
Мұғалім балаларға көкөністердің суреті бар карточкаларды таратады. Балалар шеңберге тұрады. Ойын басталмас бұрын келесі сөздерді айтады:
Lady Carrot goes out,
Sir Potato is black and round,
Miss Tomato is sweet,
You are the first to eat!
Мұғалім: «apple, change places with orange». «алма, банан» және «апельсин», «картоп, қызанақ» және «сәбіз» орындарымен ауысады. Бірнеше рет қайталанады. Жекеклеген балаларға көмектеседі, түсінбей қалған сөздерді қимылмен, ыммен көрсетеді.
-Well, very good!
-Мэридің әжесінің саяжайында нелер пісіпті?
You are very clever children!
-Біз қандай ойын ойнадық?
-Сендерге ұнадыма? Балалар Мэри қуыршақпен амандасады.
Балалар көмектесуге келіседі, суреттегі көкөністерді атайды.
Сөздерді дұрыс айтуды үйренеді.
Қолдарына ұстаған суреттерде не бар екенін айтады, оны тиісті жерге орналастырады.
Әуен қосылғанда жемістер және көкөніс муляждарын жинап-теріп, себеттерге бөліп салады.
Ойын барысында айтылған сөздерді тыңдайды. Жемістер мен көкөністердің атауын естіп түсінеді, орындарын ауыстырады.
Көкөністерді атайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік -Good bye, children! – Good bye!
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек Көкөністер мен жемістердің қайда өсетіндерін
Нені игереді Ағылшын тіліндегі көкөніс атауларын: potato, tomato, carrot
Нені біледі Ағылшын тіліндегі сөздерді анық айтуды.