Сөйлеммен танысайық

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: Сөйлеммен танысайық

Мақсаты: балаларға сөйлем туралы түсінік беру

Міндеттері: 1. Сурет бойынша сөйлем құрауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету

  1. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту
  2. Ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: суреттер,  буындар, үлестірмелі текшелер

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті +
 

Мотивациялық

қызығушылық

 

Іздену – ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

Бекіту 

 

 

Қорытынды

 

 

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді

Жұмбақ шешу.

 

Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді

Алақанын жазып                          Ол не?

 

–         Мен саған жақсылық тілеймін!

–         Мейірімді бол!

–         Денсаулық тілеймін!

 

 

 

 

–         Гүл

 

 

 

–         Бақта әдемі гүл өсті

–         Гүл бақта өседі

–         Бақта әдемі гүл өсіп тұр

 

 

 

Өлең жолдарын қимылмен көрсету

 

 

 

Балалар сурет бойынша сөйлем құрастыру

 

 

Ойын ойнайды

 

Балалардың жауаптары

Гүлдің суретін көрсету.

–         Осы гүлге байланысты сөз құрастырып көрейікші

Гүл, өсті, әдемі, бақ

Енді осы сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

–         Гүл қайда өседі?

–         Бақта қандай гүл өсіп тұр?

Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

Бақта әдемі гүл өседі.

–         Осы сөйлем неше сөзден құралған?

Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемді сөздер бір-бірімен байланыстырады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

 

Сурет бойынша сөйлем құрастыру.

Асқар ұшақпен ұшты. Айгүл автобуста отыр. Ұшақ ұшты. Балалар трамвайға отырды

 

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық,

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық

 

Жазбаша тапсырмаларды орындау

 

 

Д/о: «Кім шапшаң сөйлем құрайды?»

М/ты: баалардың сөйлем құрастыру іскерліктерін дамыту.

 

 

 

Сұрақ –жауап арқылы алған білімдерін пысықтау.

 

Күтілетін нәтиже.

Білуі тиіс: жұмбақтың шешімін шеше білуі

Игеруі тиіс: сурет бойынша сөйлем құрастырып, сөйлем жайлы түсінуі

Істей  алады: дәптердегі тапсырмаларды жасай алады

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *