Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану
Ағылшын тілі сабағында критериалды бағалау жүйесін қолдану.
“Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іскеасыра білу дағдысы“ А. Байтұрсынов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңаталаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдарыбілім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білімберу сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, соларқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлаужәне бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысыН.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағыжаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оңөзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру – оқыту ментәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан–жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой–
талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғанықалыптастыру.
Оқыту — мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұлқұзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісінебелсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақберуіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет] Осыорайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым–қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалдыбағалау болып табылады.
Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысыжоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққанжемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай,оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі–білім беру жүйесіндегі өзектімәселелердің бірі.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе,ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекшемән беруіміз керек.
Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атапайтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс–әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкескелетін, оқушылардың оқу–танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепшіболатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесініңбарлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерияларменоқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оғанүздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұлретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға неәкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұлбалаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінугемүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарынайқындауға;
Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзінжеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім жәнеата–ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс–әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтералуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғағаарналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрліәдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата–аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауғамүмкіндік береді;
Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге,бағалауға мүмкіндік береді;
Ата–аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективтідәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдыларқолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез,бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар,тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасаудағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар,шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері — оқытудың мақсатын және ара қатысынбелгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор — жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Критерийлер
Дескрипторлар
А
Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасымақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайтажаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу.
В
Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емесжағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін,түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатынасәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалықжұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы,есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлаптабу болып табылады.
С
Сыни ойлау және зерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқубағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар меннәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігінкөрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау жәнедеректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытындыжасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасыныңмақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғауқабілеттілігін көрсету.
D
Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатынасәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызшажәне жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап жәнесәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардыңкөзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізуарқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс–әрекетжасау.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленудібасады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойындаөзін–өзі бағалау, өз іс–әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетініңдамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағандақалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді.Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктердііске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесеоқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшінқажет. [МАН, 55 бет]
Мен өз сабақтарымда критериалды бағалауды жиі қолданамын, яғнисабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізукерек деген мақсатпен сабақтың критерийін интерактивті тақтаға жазыпкөрсетемін немесе әр оқушыға қағазға жазылған күйде сабаққақұрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзімқұрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіпқұруға дағдыланудамын. Сабақ критерийлері өткен сабақпенбайланыстырыла құрылады, өйткені ағылшын тілі сабақтарында кейбіртүсінуге қиын грамматикалық құрылымдарды дамыту, жетілдірумақсатында көбірек жұмыстануды қажет етеді және әр сабақтаоқушылардың сабақта ағылшын тілінде сөздік қорларын пайдалануы,сөйлеген кезде немесе оқыған кезде дауыс ырғағына, яғни дауыстыкөтеріп немесе төмен түсіру мәнеріне көңіл бөле отырып, сабақкритерийлерін құрамын.
15.10.15 ж. күні 6 «А» сыныбына «Shoqan Ualikhanov is a Kazakh traveller» тақырыбында ашық сабақ өттім. Бұл сабақта мен төмендегідейбағалау түрін қолдандым.
Бағалау парағы.
Оқушының аты–жөні
1 тапсырма
Үй тапс.
2 тапсырма
Сөздерді табу
3тапсырма
Постер қорғау
4тапсырма
Жаттығу орындау
Әр топтан сайланған бағалаушы өзара бағалауды жүйелі түрде жүргізді. Бағалау барысында кеткен кемшіліктер түзетіліп, сабақ соңында оқушылар әділ бағаланды.
9 сынып. «If I were millionaire» тақырыбында Блум таксономиясы бойынша өткізілген сабақ соңында табыс критерийлері
Категориялар
Табыс критерийлері
І. Білім
Шартты райлы сөйлемде қолданылатын терминдерді есте сақтайды, қайталайды, ережені айтады
ІІ. Түсіну
Ережені салыстырады, мысал келтіреді.
ІІІ. Қолдану
Шартты райлы сөйлемді өмірде қолданады.
ІV. Талдау
Шартты райлы сөйлемнің түрлерінің қалай жасалатынын ашады, ажыратады.
V. Жинақтау
тақырыпқа байланысты шағын әңгіме жазады.
VI. Бағалау
Критерийлерге сүйеніп, тақырыптың маңыздылығын айқындайды, жазбаша түрде бағалайды.
7 сыныпқа өткен Лондонның көрнекті жерлері тақырыбына байланысты«Постер қорғау критерийін» құрдым.
Сriteria
Критерий
Descriptor
Дескриптор
The level of achievement
Жетістік деңгейі
А.Мазмұны
Тақырып мазмұны ашылмады
0
Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет
1
В. Безендірілуі
Бояуы қанық емес, сурет салмаған
1
Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді.
2
Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған
3
С.Баяндау шеберлігі
Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды
1
Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды.
2
Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады.
3
Д. Шығармашылық
Тақырыпты өзге қырынан аша білді
3
«Тұжырым жасай білген адам, алдына мақсат та қоя біледі» деген екен белгілі шығыс ойшылы. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды енгізіп, оқушыларымыздың тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттасақ, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізу, ал оқушыларымыз әр сабақта белгілі бір нәтижеге жету барысында еңбектенсе, оқушы да, мұғалім де өз еңбектерінің табысын көре алады деп ойлаймын