Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда , отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстары.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында (Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және т.б.) отбасылық институт – эмоционалдық қатынастар институты деп бекер саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Жанұя… Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.
Мектепке дейінгі бағдарламасының өзгеруіне байланысты көптеген математик-әдіскерлер (Ю.М.Колягин, М.И.Моро, К.И.Нешков, А.М.Пышкало, А.Д.Семушин, Қазақстандық ғалымдар Т.К.Оспанов, С.Е.Шәкілікова және т.б.) математикалық білімдерді қалыптастыруда оқу есептерін пайдалануға баса назар аудара бастады. есептердің сан алуан атқаратын міндеттері (білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші) анықталып, олар жеке тармақтарға бөлініп қарастырылатын болды. Бұл кейіннен көптеген арнайы зерттеулердің негізі болды. Олардың ішінде мыналарды атауға болады: мазмұнды есептер мектепке дейінгі балалардың логикалық ой қорытуын дамытудың (С.И.Сельдюкова), олардың оқудағы іс-әрекеттерін қалыптастырудың (С.Е.Царева) математикалық ұғымдарды меңгеру сапасын арттырудың (В.М.Гергенева), және т.б [1].
Мектепке дейінгі балалар үшін математиканы оқыту бағдарламасының түсініктеме бөлімінде былай деп жазылған: «Натурал сандар мен нөлді оқып үйрену мазмұны өмірден алынуға тиісті есептер мен практикалық жұмыстар жүйесіне, сондай-ақ балалардың өздерінің еңбегіне байланысты негізделіп құрылады. Бұл, әрбір жаңа ұғым әрқашан оның мәнін анықтауға көмектесетін, оны қолдануды талап ететін қандай да бір есепті шығарумен байланысты қалыптасады деген сөз».
Математиканы оқытуда есептерді пайдалану, құрастыру, олардың маңыздылығы, атқаратын қызметі туралы мәселелер белгілі психологтар мен педагогтардың: Ш.Амонашвили, И.Бекбоев, Д.Н.Богоявленский, В.В.Давыдов,, Л.В.Занков Е.Н.Кабанова – Меллер, Н.Г.Калашникова, Е.С.Канин, Ю.М.Колягин,, А.Н.Леонтьев, М.Р.Леонтьева, Е..И.Лященко, Р.А.Майер, Е.И.Машбиц, Н.А.Менчинская, В.С.Мерлин, М.И.Моро, П.И.Пидкасистый, Дж.Пойа, Н.К.Рузин, Г.И.Саранцев, А.Д.Семушин, Ф.Ф.Семья, М.Н.Скаткин, З.И.Слепкань, В.С.Суворова, Н.Ф.Талызина, Л.М.Фридман, Д.Б.Эльконин, П.М.Эрдниев еңбектерінде қарастырылған; есептердің негізгі белгілері мен оларды жіктеудің критерийі: Б.Баймұханов, В.Л.Гончаров М.И.Денисова,, Е.И.Лященко, С.Е.Царева, В.М.Гергенева, А.Я.Цукарь және т.б. еңбектерінде анықталған; ал оқу есептерінің жүйесін құрудың түрліше негіздеулері И.В.Арнольд, Г.В.Дорфеев, Я.Н.Менцис, К.С.Муравин, Т.А.Лизогуб және т.б-ның ғылыми жұмыстарында қарастырылған. Математиканы оқыту үрдісінде жай есептерін құрастыру мен санай білу жеке балалардың интеллектуалды біліктерін, дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде қазақстандық ғалым-әдіскерлер Т.Б.Ли, К,А,Таңатаров, Р.Тасболатова, С.У.Утепкалиевтің, М.Ө.Мұсабековтың т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру проблемасы негізінен 3 кезеңге бөлініп жүргізіледі:
- кезең – тарихи даму кезеңі.
- баланың математикалық ұғымын дамыту идеясын негіздеу; (к.Ушинский, Август Ла И.Г.Песталоццидің й)
- сенсорлық қабылдаудың классикалық жүйесінің әсері; (М.Монтессори, Фридрих.Фребель)
- математика әдістемесінің қалыптасуы; (монографиялық және санау әдіс)
- қызықты математика құралдары арқылы мектепке дейінгі балалардың математикалық түсінігінің дамуы (XVIII-ХIХ ғ. екінші жартысы)
Монографиялық әдіс дегеніміз санды графикалық бейнелер арқылы үйрету, санды тұтас қабылдауға үйрету мақсатында қолданды. Д.Л.Волковский (“Детский мир в числах), еңбегінде санды осы тәсіл бойынша меңгерту ұсынылады.
Есептеу әдісі монографиялық әдіске қарама-қарсы. Оның мәні (аналитикалық қабылдау) арифметикалық амалдардың мәнін көрнекі құралдар арқылы түсіндіру болып табылады.
II кезең – мектепке дейінгі математиканы оқыту әдістемесінің қалыптасуы (20-30-жылдардан 60-жылдардың ортасына дейін)
– математиканы оқытудың әдісі мен тәсілдерін анықтау;
-педагогикалық көзқарастар мен идеяларға сәйкес ойындар мен дидактикалық материалдарды анықтау:
-отбасы мен балабақшада табиғи дамуы (Е.И.Тихееваның әдісі бойынша)
– орта қалыптастыру – математиканы үйренудің құралы .
-салыстырудың әртүрлі тәсілдері арқылы көлемді ажырату (Л.В.Глаголева)
– Ф.Н.Блехердің түрлі математикалық дидактикалық ойындары арқылы үйрету.
III кезең – математикалық түсінікті қалыптастырудың ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық жүйесі; (50-60-ж. А.М. Леушинаның);
– 2-7 жасқа дейінгі балалардың білімі мен біліктілігін қойылатын талаптарды анықтау, теориялық және әдістемелік Концепциясын қалыптастыру.
– тәрбиешімен жүргізілетін сабақ математиканы үйретудің негізі формасы.
– баланың күнделікті өмірінен алынған мысалдар;
– баланы дамытуға арналған ойындардың мәні мен маңызы.
Бұл ата-ана және мектепке дейінгі ұйым немесе ата-ана мен мемлекет арасындағы экономикалық мәселенің шешілуі, немесе мекемеде баланың болу ұзақтығының шешімі болуы мүмкін. Ұлттық өзгешелік пен әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып, Қазақстанда өзінің мектепке дейінгі білім жүйесі қалыптасты (2010-2014 жж. арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы). Біздің жасаған қорытындымыз бойынша, қазақстандық балалардың ата-аналары мен еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары әрбір жеке баланың тәрбиесі мен оқытуында бірлесіп қызмет етеді.
Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.
Әртүрлі елдегі мектепке дейінгі ұйымдар модельдерін қысқаша талдау әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық мектепке дейінгі жүйе біршама артықшылығымен сипатталады. Сонымен қатар, жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес болу үшін шетелдік тәжірибе тәрбиешілер мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді, қазақстандық мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың ұтымды ынталандыруы және оқулығы бола алады.
Балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асырудың теориялық тұжырымдары мен педагогикалық эксперименттік жұмыстары барысында қол жеткен нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1.Теориялық – әдіснамалық әдебиеттерге талдау жасай келе, «Математикалық ұғым», «сан ұғымы», «қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «санай білу», «ұлттық құндылық» және т.б. ұғымдарының мән-мағынасы ашылып, зерттелу жағдайы айқындалды.
- Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми-теориялық аспектілерн қарастыруда
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдіснамалық тұрғыдан талдау жасалды.
- Балабақша мен отбасының бірлескен жұмыстарының әдістемелік-теориялық тұрғыларын сипаттауда отбасы мен балабақшаның сабақтастық мәселелері қарастырылды.
- ҚР МЖМББС МДОжТ «Таным» білім беру саласының «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» кіші білім беру саласының мақсаттары мен міндеттері талданды.
- Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру барысында кездесетін өзекті мәселелеріне тоқталдық:
– балаларды мектепке дайындау үрдісі әлеуметтік – педагогикалық жағынан әр-түрлі жағдайда өтілуі;
– ата аналар мен көптеген педагог-тәрбиешілер баланың мектепке дайындығы дегенді “санай білу”, “сан ұғымын түсіну” деп балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесін жалпылама қабылдауы;
– отбасы мен балабақшаның бірлескен әрекетін ұйымдастыру шараларының әлі де қолға алу керек;
– ғылыми зерттеу жұмыстарының басым көпшілігі белгілі бір аспектілерді шешуге бағытталған және көбіне теориялық жағын көбірек қамтыған.
– мектепке дейінгі бүлдіршіндердің қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесіне арналған жұмыстардың аздығы мәселесі;
– мектепке баратын бүлдіршіндерге арналған арнайы әдебиеттер мен мемлекеттік тілдегі тәрбиешілерге арналған әдебиеттер тапшылығы да мектепке дайындық үрдісінің шарықтауына кері әсерін береді.
Зерттеу қорытындылары бойынша мынадай ұсыныстар әзірленді:
– балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың неғұрлым табысты жолы логикалық жаттығулар мен тапсырмаларды ата-аналармен бірлесе отыра орындау оны сабаұ барысында кеңірек қолдану.
– баланың тұлғалық бейнесін қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қиялын, әлеуетін дамыту мен мектепке психологиялық дайындығын қамтамасыз ету міндеттерін отбасымен бірлесе жүзеге асыруы керек.