Коучинг тақырыбы: « Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»

Мақсаты:
Оқушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында мұғалімдердің оқушыларды әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруына жағдай жасау. Жаңа функционалды оқу әдіс-тәсілдерімен таныстыру; Оқу үдерісінде жүйелі қолданылатын дағдылар жайлы мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже
Функционалды сауаттылық жайлы жаңа мәліметтер алады. Оқу үдерісінде қолданатын дағды , икемдер таныс болады.
Дерек көздері
« Функционалды сауаттылықты қалыптастыру» видеоролик, материалдар мен көрнекіліктер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, магнитті тақта
Әдіс- тәсілдер:
Интербелсенді әдістер «Айналмалы бекеттер» , «Постер қорғау. Фишбоун әдісі», «Ашық микрофон», «Бірге ойлаймыз»
Кері байланыс «Екі жұлдыз,бір тілек».
Коучингтің барысы
Коучинг кезеңдері:
1. Шаттық шеңбері.
2. Топқа біріктіру.
3. Видеоролик көрсету.
4. «Айналмалы бекеттер» әдісі бойынша функционал сауаттылық , математикалық сауаттылық мағынасын ашу.
5. Фишбоун әдісі бойынша постерге түсіру, қорғау.
6. «Функционал сауаттылыққа» берілген есептерді шешу,ашық микрофон әдісімен қорғау, түсіндіру.
7. Қорытындылау.
8. «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағалау.
№ уақыты Коучтің іс әрекеті Мұғалімнің іс -әрекеті Формативті бағалау
1 1 минут Сәлемдесу Жақсы көңіл күй сыйлау
2 2 минут

1 минут Шаттық шеңберін құру.

Топқа біріктіру.Түрлі түсті конфеттер арқылы. Бір-бірімен түрлі тілде амандасады және наурыз мейрамымен құттықтайды. Жақсы көңіл күй, топқа әділ бөлу, бір-бірін бағалау.
3 3 минут Функционал сауаттылық заман талабы? Видеоролик көрсету Функционал сауаттылық бойынша түсінік қалыптастыру Теориялық ұғым қалыптасады
4 15 минут
Функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық бойынша ресурс материалдарын тарату
«Айналмалы бекеттер» әдісі бойынша «Функционалдық сауаттылық» , «Математикалық сауаттылық», «Функционалдық сауаттылықты дамыту» ұғымдарын қалай түсінесіздер? Функционалдық сауаттылықтың маңызы қандай? Ата-ана үшін, оқушы үшін, мұғалім үшін, мемлекет үшін қандай маңызға ие? тақырыбында өз ойларын жазу.
Ойларыңызды «Фишбоун» әдісімен
– балық қаңқасы
– байтерек монументі
– өрмешек ұясы
– Қазақстан картасына салып, постер арқылы әріптестермен пікір алмасуға қалай қарайсыздар?
Берілген тезистерде не айтылған?
Өз ойыңызды тұжырымдап жазыңыз
Әр бір топ плакатты 4 бөлікке бөліп, өз тобына тақырып бойынша түсінгендерін жазады.Әр бір топ бір маркеріндің түсін қолдана алады.Топтар айналып келгенде кейінгі түсті қолданып жазады.Соңында топтар өз орнына қайтуы керек және Функционалдық сауаттылықты дамытуда кездесетін кедергілер және оны жою жолдары. Постерге салып, қорғайды
5 5 минут
Презентация көрсету «Өзгеріс: өткенге көзқарас, болашаққа көзқарас» Презентация арқылы мұғалімдер білім беру мазмұнын неліктен жаңарту керек болды? Деген сұраққа жауап алады.

6 10 минут Функционал сауаттылыққа берілген есептер шығару және функционалды сауатты тұлға қалыптастыру мүмкін бе? – сұрағы бойынша қорытынды жасау Ашық микрофон әдісі бойынша топтар түсіндіреді.
7 5 минут

2 минут

2 минут Рефлексия

Кері байланыс.

Тосын сый.Мұғалімдерге коучтің тілектері жасырылған гүлдер. Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Кері байланыс мұғалімдер өздерінің пікірлерін, тілектерін
жазады.

мұғалімдердің теориялық білім алуы.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалауды үйренеді.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *