Ойыншықтар сыры

«Екпетал  мектеп  балабақшасы» КММ

Бекітемін:

Балабақша  әдіскері:                       Меңдіғожина С

 

Тақырыбы:  Ойыншықтар  сыры.

(ашық  сабақ)

                                      Өткізген: Тәрбиеші Бисенғалиева Л

                                      2018 оқу жылы

 

 Білім саласы: « Коммуникация»
Бөлімі: «Тілін  дамыту» « Шығармашылық»

Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар сыры.

Сабақтың мақсаты:  Ойыншықтар туралы түсініктерін  кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Өлең, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру. Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекіліктері: түрлі ойыншықтар, үнтаспа, күн сәулесі бейнесі.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.Қәне орнымыздан тұрып жылулық шеңбер құрайық.

Қайырлы таң  ұстазым!                                        Добрый день учитель!

Қайырлы таң  достарым.                                    Добрый день  друзья!

Шеңберге   тұрайық,                                           Посматрите   друг на друга,

Жылулық  сыйлайық.-                                        Пожелатие    добра!-  өте  жақсы балалар

Олай болса бүгінгі  оқу- қызметіне  көптеген қонақтар келіпті қәне  қонақтармен амандасып  аламыз.

-Сәлеметсіздерме  апайлар!

-Балалар қазір жылдын қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктем  айларын атаңдаршы?

-Наурыз ,сәуір ,мамыр.

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші?

(Балаларға  бейне ролик көрсету)

Тәрбиеші:  Балалар бұл бейнефильмде нені көрдіңдер?Бұлар не деп ойлайсыңдар?Таңертен сендер балабақшаға келгенде сендерді не күтіп алады?

  • Ойыншықтар

Олай болса балалар ашық оқу қызметіміздің тақырыбы міне осы ойыншықтарға байланысты.Ойыншықтардың сырын ашу.

Өте жақсы балалар.(осы кезде музыка қосылады.)

Осы кезде әдемі әуенмен Күлдірген кіреді.

Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар.Менімен бірге ойыншықтар еліне саяхатқа барсыңдарма?

Балалар: Сәлеметсіз бе

күлдірген.       Ияя

Күлдірген: Балалар сендердің аттарың кім?

Балалар аттарын айтады.

Күлдірген: Сенің жасың нешеде?

Балалардың жауабы: бесте.

Күлдірген:Ой, қандай жақсы балалар. Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір  керемет көрсетіп берейін бе?

Тәрбиеші: балалар күлдіргеннің кереметін көрейік бе?

Балалар: иә, көрейікші.

Тәрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді күлдірген.

(жерде беті жабулы түрлі-түсті қалташалары бар, қалташаларға әдемі ойыншықтар салынған күн сәулесі бейнесі жатады).

Күлдірген сиқырлы сөздерін айтып жапқышты ашып қалады.

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы қандай әсем,әдемі қалташалары бар күн сәулесі бейнесі бізге нұрын шашып жатыр. Күлдірген сен неткен керемет сиқыршысың. Ал балалар қалташаларды ашып көрейікші.Ойыншықтар неше түрі болады. Жұмсақ , қатты, пласмасс және т.б болады. Ойыншықтарды сындырмай ,күтіп,жуып,таза ұстауымыз кажет.

Балалар әрқайсысы өз қалташаларына отырады.

Бақыт :    мынау аю. Ол жұмсақ,түсі қоңыр.Қорбаң,қорбаң етіп  жүреді.Тақпағын айтады Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Корбандаған аюды
Түсінде де көрмейді

.

Мәдина: мынау қуыршақ. Мен қуыршақты  ұнатамын. Қуыршақтың қолы,аяғы бар. Мен қуыршақ туралы тақпақ білемін айтып берейінші.Тақпақ айтады.

Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесең жүрмейді

Нұрхат:      қой  ,түсі ақ, бә – бә – ә дейді.Жүнінен киім тоқиды.Тақпағын айтады.

Қошақаны  қойдың

Қайда қалып қойдың

Бүлтіип түр бүйірің

Қай  өрістен тойдың.

Айару:  Ит .     ит- адамның досы. Үй күзетеді. Ит аф-  аф –  аф , р – р-  р-  р  дейді  .Тақпағын айтады.

Ойыншығым қүшігім
Сүп-сүйкімді жұп-жұмсақ
Шіренгені болмаса
Отырғандай ұя жұмсап
Жансұлтан : мынау түйе. Түйенің сүтін шұбат дейді. Ол бө -бө – ө – ө  дейді.Тақпақ айтады.

Ботақаны  нардың

Жарға неге бардың

Тірілсегің  тірілдеп

Секіре  алмай  қалдың.

Айжұлдыз : Мен мысықты жақсы көремін. Оның түсі ақ, мысық сүт ішеді. Мен мысық  туралы тақпақ білемін. Тақпақ айтады.

Керіледі  мысық,

Екі көзін  қысып

Көрінсе  оған тышқан.

Жүгіреді  жылдам.

 

Тәрбиеші: Балалар өте жақсы ,ойыншықтар  жайлы көп нәрселерді біледі екенсіңдер.

Күлдірген:Ал балалар мен сендермен қош айтысайын деп тұрмын. Мені сендер сияқты басқада балақайлар күтіп отыр. Оларға да барып таңғажайып заттарымды көрсетуім керек. Сау болыңдар, келесі кездескенше балалар.

Балалар: Сау болыңыз.

Тәрбиеші: Балақайлар өздерің шаршап қалған сияқтысыңдар ғой. Кішкене серігіп алайық.Кәне жақындаңдар.

Сергіту сәт: (әуен қосылады)

Тәрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл – күйімізді көтеріп алдық.Ал енді  балалар сабағымызды жалғастырайық.Осы сабағымызға орай бір ойын ойнайық. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме балалар?

Балалар: Иә.

Дидактикалық ойын : «   Ненің  суреті  жасырылған»

Ойынның  шарты  бойынша балалар өздеріне  ұнаған  пішіндерді таңдап алады да, олардың  артында аяқталмаған  ойыншықтардың  суреттері  бар,сол қандай  ойыншық екенін табындар және  атын екі тілде атау қажет.

Тәрбиеші: Кәне балалар ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар.Осы ойыншықтардың суреттерін бояп беріңіздер.

Балалардың  алдарына  бояу карандаштарын беріп сабаққа әзірлеймін.

Қорытынды:

Дидактикалық ойын: « Кім жылдам?»

Доп арқылы балалар сабақты  қорытындылайды.

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма?

  • Я
  • Олай болса қолдарыңдағы ойыншықтарды тағы екі тілде қайталып айтамыз.

Сабақта ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар сендерге көп  көп рахмет. Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен кош айтысайық.

Қәне шеңбер құрайық

Қол ұстасып тұрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!

Балалар: сау болыңыздар, келесі кездескенше.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *