Қызықты математика
ОРТА ТОП ТӘРБИЕШІСІ: Сергазина Н М
«ҮЛКЕНБӨКЕН МЕКТЕП-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ» КММ
2017 жылы .
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Қызықты матемаьтика
Мақсаты:
Б.М: балаларға сан және санау, геометриялық пішіндер еске тұсіріп, қайталау
Д.М: білімдерін мысықтау, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы
математика оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Т.М: шапшандыққа тапқырылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, логикалық жаттығулар, д/о, әңғімелеу.
Көрнекілік: суреттер, карточкалар, геометриялық пішіндер, сандар, кубиктер.
Шаттық шеңбері.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Адамдасу үлкеге
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, канекей, бәріміз
«Сәлем» дейік үлкенге.
Балалар: үш тілде амандасады. Сәлеметсіздер ме. Здравствуйте. Good morning.
Ізденістер, ұйымдастыру.
– Балалар, мынау сиқырлы кілемге отырып, көзімізді жұмып сандар патшалығына саяхатқа ұшайық.
– Балалар біз қайда келдік? Сендерге ұнай ма?
Балалар: біз сандар патшалығына келдік. Иә, өте әдемі.
Қызықтыру сәті: Жан-жағына таңқала қарап, әуенмен Қызыл телпек келеді. Ол балалармен сәлемдесіп, қайда келгенін сұрайды.
Қызыл телпек: Балалар, мен әжеме жете алиай, адасып жүрмін. Мәған көмектесесіндер ме? Балалар: Әрине көмектесеміз. Қолыңда не бар?
Қызыл телпек: Әжеме тез жету үшін, маған қысқа жолмен бару керек. Қысқа жол өте қауіпті. Сол үшін мына тапсырмаларды орындап берсендер, мен әжеме тез жетемін.
Тәрбиеші: Қызыл телпек,сенің тапсырмаларынды орындау бізге қиындық тұрмайды. Солай емес пе балалар? (Иә)
1- тапсырма: «1-5 тура, кері санау» балалар үш тілде санап береді
2- тапсырма: «корші сандарды тап»
3- тапсырма: «сандардың орындарын тап»
4- тапсырма: логикалық жаттығулар «ой қозғау»
Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (болады бес алма)
Әжемде бар еді үш моншақ,
Анам берді бір моншақ,
Сонда әжемде……. нешеу болды моншақ? (4 моншақ)
Сурақ- жауап:
Мысықтың аяғы нешеу?
Сиырдың мүйізі нешеу?
Бір қолда неше саусақ?
Аспанда неше күн бар?
Адамда неше көз бар?
Сергіту сәті (компьютер арқылы сергіту сәтін өткізу)
Қызыл телпек: балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешіндер.
5. Тапсырма: Жұмбақтар:
Атына сай балалар,
Үш бұрыш үш жағы бар?
Ол пішінді кім табар? (Үшбұрыш)
Допқа өзі ұқсайтың
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар (дөгелек)
Төрт бүрышы бар, төрт қабырғасы бар,
Бүл қай пішін? (төрт бұрыш)
Д/о «Кім жылдам, дұрыс құрастырады» -қорапшалардағы геометриялық пішіндерден заттарды қүрастыру.
6. Капрточкамен жұмыс. Мына суретте қанша қоян бар?
Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топқа кызыл телпектін әжесі келеді.
Әже: Қызыл телпек, аман есең екенсін ғой. Мен сені адасып кетті ме десем, мұнда жұр екенсін.
Жолда қиындықтар болдыма? Қалай жеттін?
Қызыл телпек: Әже, оңайлықпен жеткен жоққпын. Балалар тапсырмаларды орындау арқылы маған тжол сілтеді. Міне осылай жеттім.
Әже: Сәлеметсіндерме, балалар, құлыншақтарым, рахмет сендерге. Менім немеремді аман есең жеткіздіңдер. Сау болыңдар балалар.
Қорытыңды: Балалардың оқу іс-әірекет барысында алған білімдерін сурақ-жауап әдісі арқылы пысықтау.
Кутілетін нәтиже:
Нені біледі: Сан және санау, геометриялық пішіндер.
Қандай түсінік игерді: Логикалық тапсырмаларды игерді.