” ү” дыбысы мен әрпі
Сауат ашу | Күні:
Сынып: 1 « » |
||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі. | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Жаңа білімді меңгереді.
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -Сұрақтарға толық нақты жауап береді;
-Дыбыс түрлерін ажыратады; -Сөздерді сауатты оқиды; -Көркем, сауатты жазады. |
||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | ||||||||||||||||||
Тілдік құзыреттілік | Мен-я-і, Табиғат-природа-nature . | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Шаттық шеңбері
Туыспыз біз бәріміз, Бір Отанды сүйеміз. Бақытты елде туған соң, Бақытты өмір сүреміз. – Балалар, бір-бірімізге сәттілік тілеп орнымызға отырамыз. «Табиғатты бейнелейік» өткенді естеріне түсіру. 1) Дыбыс нешеге бөлінеді? 2) Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? 3) Дыбыстың таңбасы не? Дескриптор: -Сұрақтарға нақты, толық жауап береді.
Дыбысты біз естиміз, айтамыз.Дыбыстың таңбасы –әріп. Әріпті көреміз, жазамыз,оқимыз.Дыбыс дауысты және дауыссыз болып бөлінеді. Дауысты дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамай созылып, еркін айтылады. Ал дауыссыз дыбыста керісінше кедергіге ұшырайды және жылдам айтылады. – К қалай айтылып тұр? -Қысқа кедергіге ұшырау арқылы айтылып тұр. -К дыбысы дауыссыз дыбыс. Күшік, кеме, көбелек, кілт сөздерің буынға бөлейік Кү-шік, ке-ме, кө-бе-лек, кілт. Ойын: “Бауырсақ” Бауырсақты аңдардан құтқарып ата-әжесіне жеткізейік. Топтық жұмыс. (Аюдың тапсырмасы). 1 топ-Сәйкестендір. Суретті ата, әріппен сәйкестендір. Дескриптор: -Суреттегі заттарды атады; -Қай әріптен басталып тұрғанын анықтады; -Сәйкестендірді. Қ К Д А Ұ Ш М
2-топ-Сан мен әріптерді қолданып сөз құра. Дескриптор: -Әріптер мен сандардан сөйлем құрады. Сан мен әріптерді қолданып сөз құра
132- ___________________ 74568-__________________ 3 топ-Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой. Дескриптор: -Көпнүктенің орнына тиісті әріптерді қойды. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой М….н жә….е т…биғ….т |
Шаттық шебері
|
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ
«Ү» дауысты, жіңішке дыбыс. Сөздің басында, ортасында кездеседі. Текшеде қызыл түспен белгілейміз. №1 Тыңдалым. (Қоянның тапсырмасы). Қандай жақсы! Дескриптор: Өлең мазмұнын түсінді. Жетекші сұрақтарға жауап берді.
Сұрақтар: -Өлең ұнады ма? -Неліктен? -Өлең не туралы?
№2 Оқылым. Дауыстап оқуды ұйымдастыру. (Қасқырдың тапсырмасы).
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Жеке жұмыс |
|||||||||||||||||
Сергіту сәті | Бейнежазба | Сергіту сәтіне арналған жинақ | |||||||||||||||||
Жазылым: (Түлкінің тапсырмасы).
Дәптермен жұмыс. Әріпті үлгіге қарап түзу, әдемі, арақашықтықты сақтай отырып жазу. Дескриптор: -«Ү» дыбысын үлгіге қарап, арақашықтықты сақтай отырып жазады. №3 Мультфильм не туралы? Қасқыр қайда және не істеп тұр? Түлкі, үкі, күшік ше? Олардың әрқайсысы қасқырға қандай сыйлық ұсынды? Шағын әңгіме құрастыр. Мультфильімді қалай аяқтар едіңдер? Дескриптор: -Мультфильм суретіне шағын әңгіме құрады; -Мультфильді өз ойларынша аяқтады.
|
Оқулық, дәптерлер. |
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты Бағалау |
Смайлик |
|||||||||||||||||
Оқу ісінің меңгерушісі: