Латын әліпбиіне көшу

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі»

Ахмет Байтұрсынұлы

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады»-деген болатын және де бұған дәлел ретінде бірнеше мысалдар келтірді. Соның бірі бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады, қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түркі дүниесі негізінен түбі бір латынды қолданады.

«Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер. VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді. Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.» деп Қазақстан Республикасының Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласында жариялаған болатын.

Елбасының алға қойған мақсатымен қатар жұмыс талабын  негізге ала отырып, балабақшада жоспар құрылып  біршама жұмыстар жүргізілді.

Бірінші қызметкерлер мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Екінші көз жаттандылығымен үйрету мақсатында арнайы қабырға стендісі жасалып, топтардың аттары, бөлме аттары мен мерекелік іс-шаралардың тақырыптары латын әліпбиінде жазылды.

Үшінші қызметкерлерден латын әліпбиінде диктант алынды.

Осындай жұмыстарды жүргізе отырып латын әліпбиінің ұтымды тұстарын пайымдадым.

1.Латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениетке аяқ басуымызға оң қадам болмақ.

2.Тарихымыздағы 1929-1940 жылдарда жазылған шығармаларды, қолжазбаларды ұрпағымыз қиындықсыз оқи алады.

3.Шет елдегі қандастарымызбен жақындасудың ұтымды жолы.

4.Өзге тілдерді үйренуімізге мүмкіндік молаяды.

5.Жаңа технологияны, ғаламторды тез меңгеруге жол ашады.

 

Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты» екеніне өз жолдауында Елбасы тоқталып өтті.

 

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,…
Ал екінші бақытым – Тілім менің,…
Бақытым бар үшінші – Отан деген,… деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай үш бақытымызды берік ұстау парызымыз.

 

Қорытындылай келе, латын әліпбиіне көшу – ұлттық санамызды қайта жаңғырту, еліміздің дамуының жаңа деңгейге көтерілу және білім шыңыне талпыну.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *