Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка оқу іс-әрекетінде рөлі!

Мақсаты: Болашақ тәрбиешінің музыка сабағындағы баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін ашу үшін қажетті жағдайлар туғызу және жеке түлғаның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалыптастыру.

– Музыка баланың балабақша өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыка жетекшісі.

мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлесіп жоспарлап олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет. Осы тұрғыдан алғанда балабақшадағы тәрбиешінің музыкалық сауаттылық және құзырлығы мәселесі өзектілігін жоймайтыны сөзсіз. Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, аспаптарды тану қабілеттері бірте – бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі болғандықтан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі жас ұрпақты жан- жақты дамытып, тәрбие беріп, оның өмірге, еңбекке даярлау бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндет атқарады. Шығармашылық жұмыстың міндеті:
• Музыка сабағындағы тәрбиеші үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге, сөйлеген сөзі мәнді ,ойлы болуы керек.
•Тәрбиеші музыка сабағында өзінің мінезін, жүріс тұрысын жөнге салып ұйымдастыра білуі керек.
• Арнаулы музыкалық сауаттылық білімін дағдыландырып меңгеруі тиіс.
• Балалармен музыка сабағында сөйлесе біліп көз қарасымен де, ымымен де өз ойын түсіндіре білуі керек.
• Тәрбиеші музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
• Би билеу және ән салу дағдыларын қалыптастыра білу;
• Тәрбиеші қарапайым балалар музыкалық аспаптарды тану, музыкалық қабылдауын, есте сақтауын дамыту;
• Тәрбиеші күнделікті өмірде музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;
• Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту;
Сол себепті, тәрбиеші музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыка сабағында тәрбиешінің әр бір қимылы жүріс тұрысының өзі балаларға өнеге тәлім тәрбие берерліктей болуға тиіс.
Баланың музыкамен айналысуындағы алғашқы қадамы отбасынан басталады. Ол теледидардан балаларға арналған мультфилімдер мен музыкалық хабарларды көріп, музыканы тыңдау арқылы эмоционалды әсер алады. Ол музыка тыңдай отырып, ырғағына сайкес қимылдар жасап, әуенін орындап қуанышқа бөленеді. Егерде бала мектепке дейін бала бақшасында тәрбиеленсе, онда баланың эмоционалды қабылдауы, музыкалық есту қабілеті, ән айтуы, музыкалы-ырғақтық қимылдар жасауы, балаларға арналған аспаптарда орындауы сияқты бастапқы дағдылары дамиды.
Жалпы балабақшадағы қойылатын музыканың мақсаты балаларды рухани азығының қажетті бөлігі музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.
Балабақшадағы музыкалық білім берудің басты міндеті – балалардың музыканы тыңдаушылық мәдениетін қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі күннің баласы болашақтағы өзінің қызығушылығы мен талғамын білдіретін тыңдаушы.
Тәрбиеші –педогогтың музыка сабағындағы бейнесі:
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұны, әдіс-тәсілдерін жетік білуі.
Материалды түсінікті жеткізе білу.
2. Музыка сабағында тәрбиешінің өткізу іс-әрекеті.
Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;
Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі.
Музыка сабағындағы өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:
Музыкалық кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;
Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу;
Сөйлеу мәдениеттілігі.
Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:
Өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы;
Байланыстырып сөйлеуге үйрете алу;
Балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы;
Педогоикалық және музыкалық терминдерді дұрыс , тиімді пайдалана білу дағдысы.
Жас ерекшелігіне сәйкес музыкалық психологиясы туралы білімі:
Балалардың басым көпшілігінің музыкаға қызығушылығын туғыза білу ;
Балалардың музыкаға өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
Музыкалық жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.
Жаңа технологиялады пайдалана білу:
Қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;
Білім беруді дамыту бағыттарын айқындау білуі.

Тәрбиешінің музыка сабағындағы өз қызметінен жетістікке жетуінің шарттары:
1. Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуі
2. Сыртқы кескін-келбеті.
3. Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.
4. Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.
5. Педогоикалық талаптарды орындай білу.
6. Әзіл-қалжыңға мән бере білу.
7. Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай , қолдай білуі.
8. Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.
9. Шыдамдылық және төзімділік.
10. Басқалардың пікірін сыйлай білу.
11. Балалардың құпия сырын сақтай білу.
12. Басқа адамдарды түсіну және сөзіне білу қабілеттілігі.
13. Еркіндік, икемділік .
14. Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.
15. Байқампаздығы, бақылампаздығы.
16. Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.
17. Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
ақылдылығы, қайрымдылығы Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары:, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы , ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.
Балаларды музыкалық дамытуда тәрбиешіге үлкен міндет жүктеледі. Ол сабақтарда музыка жетекшісіне белсенді көмектеседі: өлең айтады, қимылдарды көрсетеді, қажет болса ойындарға, билерге қатысады. Балалардың музыкамен дербес айналысуын ұйымдастырады, балалар ұжымының күнделікті өміріне музыканы ендіреді.
Тәрбиеші жеткіншектермен күнбе – күн араласып жүргендіктен олармен едәуір жұмыстар өткізеді және әрбір баланың музыкаға ықыласы мен қабілетін анықтайды, өз әрекеттерін педагог музыкантпен бірлесе отырып, топтағы балардың шығармашылық қызметін дамытуға қажетті жағдайлар жасайды.
Балалар бақшасының тәрбиешілер музыка тәрбиесі жөніндегі жұмысқа жауапкершілікпен қарауы керек. Тәрбиеші көмекшісі музыка сабақтарының кестесін білуге міндетті және бөлмелерді дымқылдатып тұруы керек, егер қажет болса баланың тәрбиешінің тапсырмасын орындауына көмектесуге тиіс, бөлмелерді мерекелік безендіруге белсене қатысып, балаларды мереке алдында киіндіруге көмектесуі керек.
Балалардың сабақ барысында алған білімі, іскерлігі, дағдысы негізінде олардың дербес музыкалық қызметі белсенді де әсерлі болады. Егер балалар сабақтарда үйретілген әндерін, билерін, хороводтарын бейнелі және қысылмай орындаса, мерекелік салтанаттар, ойын – сауықтар тартымды, қызғылықты өтеді.
Музыкалық сабақтар барлық топтармен бір мезгілде өткізіледі. Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен сабақ әуелі шағын топпен 10 – 12 минут, ал содан кейін бәрін қосып өткізіледі. Екінші топтан бастап және балалар бақшасының одан кейінгі топтарының барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.
Сабақтың мазмұны ән айтуға үйрету, музыка тыңдау, музыкалық – ырғақ сауатының элементттерін, балалар музыка аспаптарында ойнауды қамтиды.
Ән айту – музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.
Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына музыка жетекшісі мен тәрбиеші көмегімен атқарылады.
Музыкалық ырғақты қимылдарды жүргізу баланың бойында естуді, есте сақтауды, икемділік пен шапшаңдықты, зейінді, іскерлікті, балалардың дене бітімінің сұлу да, сымбатты болып қалыптасуына музыка жетекшісі мен тәрбиеші көмегімен орындалады.
Музыка тыңдауда балалар әр түрлі образдарды музыкалық шығармаларды тыңдап, мазмұнын, сипатын, көңіл-күйін ажырата біледі. Жалпы музыканың күйін сезінуге, көркем образдың дамуын қадағалауға бейімделеді. Музыканы жасаушы композиторлар, авторлар туралы туралы алғашқы мағлұмат беретін музыка жетекшісі мен тәрбиеші.
Музыкалық аспаптарды танып білуге, аспаптарды ойнау әдіс-тәсілдерін үйренуге, олардың тембрлерінен ажырата білуге музыка жетекшісі мен тәрбиеші үйретеді. Жеңіл әндерді аспаптарда ойнап, ырғақтық бейнесін бере отырып, ойнауды меңгереді. Музыкалық есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді. Ырғақтық сезімін, динамикалық есту қабілетін дамытады.
Қимылды және дидактикалық ойындар баланың музыкалық есту, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Нота сауатының бастапқы элементтерін қызғылықты формада меңгеруге көмектеседі.
Осы қызмет түрлерін нақты да, жүйелі жүргізудің нәтижесінде балалардың бойында жалпы музыкалық қабілетін, дамытып қалыптастырады.
Әсемдікті қабылдап сезіну, түсіну, жақсы мен жаманды байқап шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасауға көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін қалыптастырып, дамытып, жетіледі.
Қызметтің бұл түрлерінен қамтылған білімдер программада және балалар бақшасындағы әр түрлі жастағы балдырғандарға музыкалық тәрбие беру міндеттерімен белгіленген.
Сабақтардың мазмұнын ашатын кейбір жалпы мәселелерге тоқталайық. Музыкалық сабақтарда, басқа да сабақтар сияқты жалпы тәрбие беру жұмыстары жүзеге асырылады, арнайы қабілеттер дамытылады, оқу материалына, инициативалық қатынас қалыптасады. Меңгерілген дағдының сапасына деген талап топтан – топқа өткен сайын күрделене және жоғарылай түседі. Айрықша айта кететін жай әдеттегі сурет, қол еңбегі, математика сабақтарына қарағанда музыка сабағында балаларды бірден музыка қызметінің бірнеше түріне (ән салу, қозғалыс және тағы басқа) үйрету қатарынан жүргізіледі. Дене шынықтыру сабағы да балалардың әр түрлі дене қимылы қызметін – гимнастика түрінде жаттығуды, ойындардың қайта құрылуын қамтиды, бірақ олардың барлығы тек қимылды дамытуға бағытталған. Сабақты қайта құрудың қиындығы сол, педагог әр түрлі тақырыптағы, көңіл – күйдегі шығармалар орындалып жатқанда балалардың көңіл көтеріңкілігін бәсеңдетіп алмай, музыка қызметінің бір түрінен екіншісіне іскерлікпен аударуы керек.
Ендігі бір қиындық – оқу материалын жаттауды жүйелілікпен жүргізуі: алғашқы танысу, оқу процесіндегі дағдыларды меңгеруді қайталау, оны тиянақтау, жатталғанды орындау. Бір сабақта белгілі бір шығарманы жаттау кезеңдері сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, қолға алынған үш әннің біреуі жақсы меңгеріледі және нақышымен орындалады, екіншісі тұңғыш рет тыңдалады, ал үшіншісі жаңадан жатталады. Осыған қарамастан тәрбиеші меңгерілген оқу процесін сабақтан тыс жұмыста балалармен дербес немесе топпен жұмыс жасау құзіреттілігі қамтылу керек.
Музыка жетекшісі мен тәрбиеші музыка сабақтарын құрастыруды қолға алғанда мына талаптарды ескеру қажет: балалардың ой, дене, эмоционалдық ауырлығын ескергені абзал; жатталатын репертуардағы қызмет түрлерінің жүйелі бөлінуі; музыкалық қабілеттердің, дағдыларды, білімдерді игерудің, музыкалық репертуарды жаттаудың дамуының мирас болып қалуы; варианттылық және олардың балалардың жас мүмкіндіктеріне сай келуі.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық іс-әрекетті ұйымдастырудың келесі формаларын белгілейді: сабақтарда тәрбиеші топпен бірге бір қатарда отырып оқу процесін қадағалайды және белсенді түрде қатысады, мерекелерде тәрбиеші көбінесе жүргізушінің ролін атқарады, сауық-сайрандарда топпен белсенді түрде жұмыс жасайды, тәрбиеші ойынды және жеке-дара іс-әрекеттерде музыканы пайдаланылады.
Тәрбиеші баламен ойын – сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі.
Музыка – құдіретті күш, жан-дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Музыка тағдыры, жалпы музыка мәселесі тек сазгерлер мен музыканттардың, әншілер мен орындаушылардың, музыка зерттеушілері мен өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет етпейді.
Тәрбиешінің басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру.«Ел боламын десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық.
Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» -деген.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *