Сенсорика сабағында ойын әдістерінің тиімділігі
Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.
Балабақшада бала сурет салуға, жабыстыруға, құрастыруға үйренеді, табиғат құбылыстарымен танысады, математика мен жазу негіздерін меңгере бастайды. Баланың мектепте оқуға дайындығы оның сенсорлық дамуына байланысты болады. Нәтижесінде әріптерді жазуда, суретті салуда қисықтық, еңбек сабағында жасаған заттарында дәлдік жоқ болады. Кейде бала ден шынықтыру сабағындағы қимылдарды қайталай алмайтын жағдай болады. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Музыкант, суретші, құрастырушының табысын қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің қатарында сенсорлық қабілеттер маңызды орын алады. Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жежетін сенсорлық дамудың жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тәрбиелеудің басты бағыты -баланы сенсорлық мәдениетпен азықтандырудан тұрады.
«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М.Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді. Баланың сенсорлық мәдениеті – адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі. (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар).
Бала өмірде де заттардың алуан түрлі пішіндері, түстері және басқа қасиеттерімен, әсіресе ойыншықтар және тұрмыстық заттармен кездеседі. Ол өнер туындыларымен де танысады: музыка, жазба өнері, скульптура. Әр бала мақсатты бағытталған тәрбиелеусіз осының бәрін қабылдайды. Мұнда адамзаттың сенсорлық мәдениетімен жоспарлы таныстыратын сенсорлық тәрбиелеу көмекке келеді.
Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.
Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды жинау). Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен қолданылатын материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың маңызын түсінбейді және оған назар салмайды. Сондықтан балаларды қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, әр бала пішін, көлем, түс – заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас кезінде балаларды сенсорлық тәрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады және ары қарай олардың сенсорлық мәдениетті жүйелі меңгеруді ұйымдастыру басталады.
Ұсынылған жүйе көмегімен жүзеге асырылатын сенсорлық тәрбиелеудің әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту (сурет салу, т.б.) кезінде жүргізілетін сенсорлық тәрбиелеумен байланысы туралы мәселе маңызды болып табылады. Әрекеттің өнімді түрлері баланың үш жасында қалыптаса бастайды, бірақ осы жаста оқыту маңызды орын алмайды. Сондықтан ерте жастағы балаларға өнімді әрекетті және сенсорлық тәрбиелеу бойынша дидактикалық ойындар мен жаттығуларды шектеудің мағынасы жоқ.
Үш жастан бастап әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту жүйелі және жоспарлы сипатқа ие.
Сенсорлық тәрбие – балалардың сенсорлық процесінің мақсатын жетілдіру, (сезінулерді, қабылдауларды, ұсыныстарды) дамыту.
Сенсорлық тәрбиенің мақсаты: балалардың сенсорлық қабілеттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
1) Балалардың естілім жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;
2) Балалардың сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;
3) Балалардың танымдық пен практикалық әрекетте естілім және сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін өз бетінше қабылдауды қалыптастыру.
Сенсорлық тәрбие бойынша 2-3 жасқа дейінгі бағдарламаның талаптары:
- 8 түсте бағдарлау, олардың атауларын атау, үлгі бойынша тандау;
- Үш және одан да көп қарама-қарсы шамаларда бағдарлау;
- Әртүрлі шамадан 5-8 сақиналардан тұратын пирамиданы жинау;
- Жазық суретпен көлемді, геометриялық пішіндерді, кескінді ара қатынасын
белгілеу, үлгі бойынша қою (әртүрлі шамаларды қосымша беттерге жайып
қойып немесе тақтайшада ұқсас формаларға орналастыру).
- 4 бөліктерден тұратын ойып жасалған суреттерден, бүтін қойма текшелерді
құру
- Форма бойынша заттарды танып білу (текше, кірпіш, шар, призма);
- Жазықтықтағы пішіндерге (шеңбер, сопақша, шаршы, тік төртбұрыш) байланыста бағдарлау;
- Түс, пішін, шама бойынша біркелкі заттарды салыстыру, ара қатынасын белгілеу, топтау;
- Заттардың пішіндерін саусақтармен сұлба бойынша
жиектеу;
- Парақ шеңберінде тік, көлденең, дөңгелек, қысқа және ұзын сызықтарды өткізу
Дидактикалық ойындар арқылы тәрбиеші балалардың сенсорлық
тәрбиені жүзеге асырып, танылатынүрдіс дамытады (білуге
құмарлық, қарапайым көрністерде өзара байланысты түсіну және т.с.с.).Тәрбиеші ойынды ойлау, сөйлеу, қиял, ес, қоршаған өмірді кеңейту және бекіту әдістер ретінде қолданады».
Дидактикалық ойын міндетті, мазмұнды, ережелерді және ойын әрекеттерді енгізеді.
Дидактикалық ойынның негізгі элементі дидактикалық міндет болып табылады. Ол сабақтардың бағдарламасы-
мен тығыз байланысты. Барлық қалған элементтер қойылған міндетке бағынып және оны орындауын қамтамасыз етеді. Дидактикалық міндеттері әр түрлі (қарапайым математика ұғымдарың бекітуге байланысты болуы мүмкін).
Дидактикалық ойындардың мағынасы қоршаған болмыста (табиғат, адамдар, олардың ара қатынастары, тұрмысы, еңбегі, қоғамдық өмірлері, оқиғалары және т.б.)Дидактикалық ойында үлкен рөл ережелерге беріледі. Олар әрбір балаға ойында не және қалай істеуге
тиісті екендігін анықтайды, табысқа жету жолын көрсетіп жатыр.
Балаларда жүрiстұрыста тойтарылу, өз мінез-құлқын басқаруды
тәрбиелеп жатыр. ойын әрекеті – бұл ойын мақсатында балалардың
белсенділік таныту: түрлі-түсті шарларды сырғанату, мұнараны
талдау, матрешканы жинау…
Сенсорика сипаттағы дидактикалық ойындар мектепке дейінгі кіші жастағы балалар үшін сан туралы білімдерін кеңейтуге және бекітуге үлкен мүмкіндіктер береді: « бір » және « көп »; заттардың теңдігі туралы, өрнектерді түсіну: сонша — қанша, тең, бір бірден — көп –бір де. Заттар салыстырып, олардың шамаларын сіңіру: ұзын — қысқа, бірдей, жоғары — төмен, кең — тар, жуан — нәзік, көбірек — аз. Пішінді анықтау: шеңбер, шаршы, үшбұрыш. Кеңістіктің бағыттарын танып білу: алға, артқа, оңға, солға. Уақытты бағдарлау: таңертең, күн, кеш, түн.